"Қызғалдақ" қыздар жиналысы
Хаттама №4
«27 » 01 2022 жыл
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жиналысы болып өтті
Қатысқаны
Қатыспағаны
Жиналыс президумы:
- А.Халелқызы- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- М.Наурызбанва- пед. Ұйымдастырушы
- Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері
- Ауылдық аналар комитетінің төрайымы- Гулнар апай
Күн тәртібіндегі мәселе:
- Жылдық жоспарға сәйкес «Қыздарға кеңес» баяндама
Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері
- Қыз бала тазалығы:
Н.Сарсенбиева мектеп мейірбикесі
- «Қыздарға кеңес» видеоролик көрсету
Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері
- Бірінші жарты жылдық бойынша есеп беру
А.Алжанбай мектеп қыздар ұйымы секторы
- «қыз бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту»
М.Наурызбанва- пед. Ұйымдастырушы
6. « жалпы мектеп қыздарның тәрбиесі»
А.Халелқызы- ДТІЖО
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша қыздар кеңес оқылды.
Мақсаты: Қыз балалар адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту
- Жарыса сөйлемеуге
- Жалғыз қыдырмауға
- Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлемеуге
- Орынсыз ұрынып қалмауға
- Басқаларға қол тигізбеуге
- Өтірік- өсек айтпауға
- Суық жүріс, сумаң қылық жасамсауға
- Кісіге карап келіле есінемеуге
- Талтайып отырмауға
- Шалқайып жатпауға
- Тамақсыз обырлана асамауға
- Ұрлық- қарлық жасамауға
- Ұятты мүшелерін ашып жүрмеуге
- Бұраңдап қылымсымауға
- Қызыл іңірде жатпауға
- Түске дейін ұйықтамауға
- Кісі алдында киім ауыстармауға
- Салт*-дәстүрден аттамауға
- Елді ғайбаттамауға
- Үлкендердің жолын кеспей және аттарын атамауға
- Ішімдік пен шегімдікке жоламауға
- Ұрыс-керіске жақын болмауға
- Беттен алып бет жыртыспауға
- Қараулыққа, ысырып жасамауға
- Рақымсыздық пен қатыгездік жасамауға
- Түнде суға жалғыз бармауға
- Жат жыныстылармен бірге жатпауға
- Күйеуге қашып тимеуге
- Әдепсіз сөйлемеуге
- Тарс-тұрс қимылдамауға
- Адам мен жан-жануарларды теппеуге
- Кісіні қорлап сөйлемеуге
- Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасамауға
- Айғай сүреңге жақын болмауға
- Шектеп тыс сыланып боянбауға
- Қызғаншақтық пен күншілдік жасамауға
- Менемендік пен өзімшілдік жасамауға
- Алдап- арбамауға
- Көрсеқызарлық жасамауға
- Нәпсі құмарлық жасамауға
К Е Ң Е С Б Е Р Е М І Н\
Екінші мәселе бойынша мектеп мейірбикесі Н.Сарсенбиева қыз бала бойындағы тазалықтың қандай болуы, оны қалай ұстану жайлы айтты. Қыз баланың ерте жүктіліктен қалай сақ болуы керек және аулақ болуы жайлы баяндамалар оқыды. Жақсы мінез жақсы ой адамдытек жақсылыққа жетелейтіні айтылды.
Үшінші мәселе бойынша қыз балаларға арналған видеоролик көрсетіліп қыз балаларымызға деген кеңес өз ой саналарына түйді деген ойдамын. Үлкенді сыйлау, құрметтеу кішіге ізет көрсету. Инабатты ибалы болып жүру қыз баланың басты бойрышы екені айтылған болатын.
Төртінші мәселе бойынша бірінші жарты жылдыққа анықтама дайындапи келіп А.Ақбота оқып шықты. Бұлжерде әр сынып қыздар секторларына берілген тапсырмалар мен жиналыстың уақытылы өткізіліп отырған және әр жиналыс сайын хаттамалар толтырылып қыздар папкаларына салып отырып жинақтағандары жайлы айтылды.
Бесінші мәселе бойынша қыз баланы тәлім-тәрбиесі жайлы айтылды. Мектептекн ешқандай да бір қыздар жайлы ерсі қылықтар болмады. Қыздарымыз тәртіпті- тәрбиелі.
Мектептің ата-аналар комитеті А.Оңалбаева да өз ойларын қосты.
Жиналысқа келіп қатысқан әр сынып ата-аналар комитетінен бір аналардан қатысып өз ойларын ортаға қосты. Олар
6 сыныптан С. Сымбат. 8сыныптан аналарынан Ш.Құралай. 5 сынып аналарынан А.Самал. 9 сыныптан Т.Ақмарал өз ойларымен бөлісіп мектептен қыздар арасында ешқандай тәртіпсіздік болмағанын айтты. Қыздарымыз тәртіпті де тәрбиелі екендігі айтылды.төрайымы: Жиенбаева Ж