"Қызғалдақ" қыздар жиналысы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

"Қызғалдақ" қыздар жиналысы

Хаттама №2

«18 » 11  2021 жыл

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызғалдақ» қыздар ұйымының 7-11 сынып қыздарының жиналысы болып өтті

Қатысқаны: 27  

                                                                                                           Қатыспағаны:3

Жиналыс президумы:

  1. А.Халелқызы- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  2. М.Наурызбанва- пед. Ұйымдастырушы
  3. Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері
  4. Темірбек Тоғжан – мектеп психологы


Күн тәртібіндегі мәселе:

1. « Ерте жүктіліктің алдын алу» баяндама

Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері



  1. Видеоролик – ерте жүктіліктің қауіптілігі 

Ж.Жиенбаева- қыздар ұйымының тәлімгері



  1. « Сен зорлық-зомбылық» тақырыбына кез болдың ба? Тақырыбында сауалама                                       

                                                        Темірбек Тоғжан – мектеп психологы



Тыңдалды:

    Бірінші мәселе бойынша қыздар ұйымының тәлімгері Ж.Жиенбаева 7-11 сынып қыздарына «ерте жүктіліктің алдын алу» жайлы баяндама оқылды. 

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицинада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығыжасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені.Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді.

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ертетүссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

Екінші тақырып бойынша ерте жүктіліктің қауіп-қатері жайлы видеоролоик көрсетілді. Ол жерде қыздарымыздың ерте жүктіліктің болмауы. Ер адамдарға жақын жүрмеуі айтылды. 

Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Т.Темірбек қыздардан сауалнама алды. Саулнамада берілген сұақтар алдағы уақытта саралнып тексеріледі.

Сөйлеушілер:

Мектептің тәрбие орынбасары Ә.Халелқызы – айт кету керек, тұрмысқа шықпай тұрып жыныстық қатынасқа түскен қыздардың 17 пайызы бала көрету қабілетінен айырылады. Сондай-ақ түрлі жұқпалы   ауруларға шалдығады.мамандардың айтуынша, жыныстық қатынастың құрбанына ауылдан келген қыздарр жиі ұшырайды. Себебі әке мен ұлдың, ана мен қыздың арасында ашық әңгіме жүрмейді. Ата-ана кәмелеттік жасқа толмаған ұл-қызына жыныстық қатынастан сақ болып, аяғын аңдап басу керектігін үнемі ескертіп отыру керек. Сонда өкінішті жағдайлар орын алмайды.



Шешім:

  • Қыздарымыздың ер адамдарға жақын болмауы ескерілді



Төрайымы:                           Ж.Жиенбаева

ДТІЖӨ:                       Ә Халелқызы