И.Жансүгіров "!Жолдастар"."Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 9а сынып оқушыларымен талдау.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Илияс Жансүгіров«Жолдастар»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша
9 а сынып
Кітапханашы Г.Балтабаева.
23.09.2022ж
1920-1930 жылдары қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды.
“Жолдастар” – қазақ әдебиетіндегі әлеуметтік-психологиялық роман жазу барысындағы алғашқы сәтті тәжірибелердің бірі, өмірлік мазмұны терең, эстетикалық әсері күшті сапалы шығарма.
ПРОЛОГ
Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым. Айдың өлі арасы еді. Көк көрінбейді. Бұлт, қап-қара. Түпсіз терең түнде тұңғиық, қараңғылық қырды көптен құшағына алған. Дауыл соғып тұр. Дала дүр-дүр етеді. Әлде желдің үні? Әлде елдің үні?..Ауып ауыр қараңғылықта. Шу шығады. Не шу? Әлде жел қамысқа соқты? Әлде жылқышы ысқырады?..Жел ішінен жарықшақ дауыс естіледі: не дауыс? Әлде қойшы айтақтайды? Әлде қасқыр ұлиды?..Дауыс сыңқ-сыңқ жылағандай: бұл не? Әлде бұлақ сылдырайды? Әлде сатылған қыз жылайды?..Әлдекім зірк-зірк етеді: кім екен? Әлде жел қаттылады? Әлде бай малшыларына ұрысады?..Дауыс мекіренеді: әлде қой маңырайды? Әлде бақсы ойнайды?Үн күңіренеді: кім ол? Әлде молда аят оқиды? Әлде жарлының жалғыз сиырын ауылнай әкетті?..Ауып шулайды: неткен әбігер? Не қораға қасқыр шапты? Не ел жігітін майданға айдауға жарлық тарады?..Немене? Не дауыс бұл?Бұл дауыс әлде желден шығады? Әлде елден шығады?..Жел күшейді. Дауыл қаттырақ соқты. Аспан астан - кестең.Дала алай-түлей. Көк күркіреді. Найзағай шатыр-шұтыр етті! Нөсер шүмектеді. Жауын төгіп-төгіп жіберді, ел сарышы cap-cap етеді.Бұл не сарын? Әлде селдікі? Әлде елдікі? Даң-дұң, шу молайып барады... бұл не? Әлде Ертіс бұзылды? Әлде ел дүрлікті? Жоқ, алыста теңіз толқи ма? Әлде ашынғандар уран сала ма? Әлде ақ патшаны тақтан түсірді ме? Әлде майданнан қайтқан жігіттерге ел той қыла ма?Мынау саңқ-саңқ еткен кімнің дауысы? Біреу дабыл қаға ма? Әлде Дауылпаз шақыра ма?..Ия, ия, жақсылық! Бостандық... жел жаздікі сияқты. Мынау қылаңдаған таң ғой! Таң!..Жоқ, жоқ... не боп кетті? Мен жаңылдым ба? Әлі таң белгісі жоқ екен... жел ұйтқып, терісіне шықты. Күн суытты. Қылау ұшқындады. Қар сапалақтады. Алай - түлей, боран түтеді. Қыр — қараңғы. Түн — түнек. Қас пен көздің арасы көрінбейді...Не дауыс бұл? Шу күшейді. Кім ыңыранады? Кім күңіренеді?.. Көк күрсіне ме? Әлде зеңбірек атыла ма? Жер ыңқылдай ма? Әлде, бомба жарыла ма?Дала азан-қазан. Әлде жел жынданды, әлде елге жау тиді?Дала уһілейді. Жел ысқырады. Әлде ауылдың қойын ақ пен алаш әскері айдап барады? Әлде атамандар ел ерлерін атуға команда берді?..Үн күңіренеді: бұл не? Әлде ауылды өлім басты? Әлде алаш қазіреті құран саулатады?..Үн ыңыранады: неткен үн? Әлде атамандар мұжықтарды сойып жатыр? Әлде ауылдың қыз-келіншегін ақтар рәсуалайды?..Үн күбірлейді: не бұл? Әлде Алаш ақсақалы батаға қол көтерді? Әлде төңкеріс ерлерінің етіне Колчак қамшылары шып-шып етеді?..
Бұл қай жер? Ел қайда? Жылы жел соқтырған жаз қайда? Таяу қалған таң қайда?
Кімдер шулайды? Не сарын?
Әлде жел қаралы? Әлде ел жаралы?..
Я сәт!
Жел оңына шықты! Дауыл қаттырақ соқты. Күркіреді. Найзағай шарт етті. Жел жылына бастады. Бұлт ыдырады. Жұлдыздар жылтырады. Уай, жарық дүние-ай! Қайдасың? Сағындық қой!.. Аспан жалаңаштанды. Жұлдыз жарығы жерге түсті. Таң таянды. Көк қылаңдады. Ауылдың алды-арты айнала айқын көріне бастады.
Па, шіркін! Соғып тұрған жаздың желі — қоңыр ескек екен ғой! Соқ, соқ Алтынкүрегім! Серпе соқ!..
Қашаннан қырды басқан соқыр тұман серпілсінші! Соқ, Алтынкүрегім... күре даланы! Көптен көздей тесік тастамай, даланы басып жатқан шірік қар көк соқталансын... сорғала жаздың жауыны... Сорғала!.. Самарқанның көк тасы жібіп, сары даланың суы сарқырасын!.. Алты ай қыстай ауырған қара жер терлеп, сел - сел болсын! Жүйе-жүйесі босансын!..Соқ, соқ, қоңыр ескек! Саған төсімді ашып, бір сүйсінейін! Саған ел сүйсініп, қыр исінсін!..Аспанның алыс жиегінде көрінген таң барған сайын жайылды. Атқан сайын қызарды. Аспанды ал қызыл нұрға бөледі.
Бұл не? Неткен қызыл? Бұл қызыл жарық келе жатқан таң ба, шығып келе жатқан күн бе? Жоқ, әлде көтеріліп келе жатқан ту ма? Қаптап келе жатқан әскер ме?
Я сәт! Бергейсің! Берді ғой тілекті: қызарған нұр екен! Күн екен! Ту екен!.. Ту екен!..
Ел дүрлікті. Ауыл апыр да топыр. Қорыққан да қуанған да бірдей. Ел алғашында сасып қалды. Ілгерілі-кейінді сапырылысты. Ерсілі-қарсылы ағылысты. Оттай қызыл таңға қарады. Нарттай қызыл туға қарады. Ту артындағы топ-топ қызыл әскерді көрді...
Ел үміті жарқ етті. Дауыл шақырып, бұлт қуған Дауылпаздың даусы ел құлағына саңқ етті:
— Тұрыңдар! Жауды қуыңдар!..
Ел қуанышында шек жоқ. Құшағын жая қызыл туға жөңкілді«Бөлесаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс шара
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап» кітаптің ішінен 9а сынып оқушылары 26 қыркүйек күні Илияс Жансүгіровтың «Жолдастар» кітабын талдады. Жолдастар" романы қазақ романының алғашқы қарлығаштарының бірі, өз кезеңіндегі әдебиетіміздің үлкен жетістігі. Осы жағынан-ақ "Жолдастар" романының қазақ романдарының қатарынан алатын орны бөлек.Роман төрт тараудан тұрады: "Бастау", "Ағын", "Толқын", "Тасқын". Әр тарау шағын тақырыпшалармен бөлінген, әрбір шағын бөлігі жинақы, тиянақты әңгіме іспеттес."Бастау" осындай отыз бір тақырыпшаға бөлінген; "Ағын" - отыз алты; "Толқын" - жиырма алты; "Тасқын" - отыз жеті тақырыпшаға бөлінген. Әңгіме Қоянды жәрмеңкесінен басталады."Қоянды, жолың қатты, наның тәтті. Айдаймыз ақсақ қойды, артық атты.Айдаған осы жолға кедейшілік Арқаның арқамызға қатты батты".Қорыта айтқанда, Ілияс Жансүгіровтың "Жолдастар" романы Б.Майлиннің "Азамат Азаматыч". Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романдарымен тақырыптас 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ халқының өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, замана адамдары психологиясымен, халықтың салт-дәстүрімен, қазақ қоғамының этнографиялық тұрмысынан мол мәлімет беретін, сол кездегі қазақ тұрмысының тарихи ортасынан қайнап шыққан білгір, көреген жазушының көркем шығармасы болып табылады.
Кітапханашы Г.Балтабаева.
26.09.2022ж
