C.Мұратбеков "Жабайы алма" "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 сынып оқушыларымен
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
С.Муратбеков
«Жабайы алма»
« Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
5 сынып оқушылары талдады
Кітапханашы Г.Балтабаева
14.11.2022ж
Жабайы алма
Жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
Қысқаша мазмұны
Жазушы оқиға барысында Көкінай атты итті образдау арқылы, жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, төзімін Көкінай образымен адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды. Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат, Тоқтар, Нәзира, Әжібектер бейнесінен бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық cуреттеледі. Екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның пәк махаббатын соғыс үзеді. Сүйгені соғысқа аттанған Тоқтардан қара қағаз да келіп үлгереді. Бұл тек сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес, заманның, сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет еді. Нәзира қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азат етілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанады. Повесте соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы, Петько, Отто, Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын баратыны нанымды бейнеленген.
"Жабайы алма" повесіндегі образдар жүйесі
Тоқтар — ұзын бойлы, ақсары өңді, сұлу жігіт. Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне мұрт өсе бастаған жаңада ғана тебіндеген ұп-ұсақ, сирек-сирек, ал алыстау тұрып қарасаң, екі ұртының үстінен әп-әдемі боп қиылып, ақсары өңіне ерекше жарасып тұрады.
Шымырбай - Тоқтардың әкесі. Сайдың ішінде колхоздың мал қыстайтын қораларын күзетіп жалғыз үйлі шал отырушы еді. Кемпірімен екеуі ала жаздай бақша салып, қауынқарбыз өсіретін. Бақша салуды еріккеннің ермегі сияқты көретін біздің ауыл үшін Шымырбай шалдың қауын-қарбызы анда-санда барып, жеп қайтып тұратын таңсық нәрсе ғана болатын.
Нәзира - Тоқтардың ұнатқан қызы, қимыл-қозғалысы нық, қарулы.
Нұрсұлу — түр-тұлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гүжілдеген, өзі күшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең күштісі. Қайдағы ауыр, қиын жұмыстарға осы Нұрсұлу барады. Шіреніп тұра қап үлкен ағаш күрекпен астықты құлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Көлбай керең де астар болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бұрын, той-мереке кездерінде балуан деген еркектеріңнің өзімен белдесіп күреске түсіп, талай рет бәйге алыпты.
Ырысбек — бейнесінде зұлымдық пен қатігез соғыс зардабы астасып жатыр.
Эмма — ұзын бойлы, сары шашты, көк көзі мөлдір аспандай тұп-тұнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы.
Мәри — жұрт «әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң шешесі біздің ауылдағы төркіндерін сағалап қаладан көшіп келген. Қазір шешесі, бірінші класта оқитын інісі үшеуі ғана тұрады. Жұқалтаң ақ құба өңі, қаламмен сызғандай қиылып тұратын қасы мен көзі сүйкімді-ақ. Өзінің мінезі де жақсы. Әсте мұңаю, қынжылу дегенді білмейді, қашан көрсең сықылықтап күліп жүргені.
Есенбай — жасы елуден асқан, екі ұртының үстінен жалбырап тұратын сабалақ мұрты бар, өзі көмірдей қара кісі. Трактор жүргізуді былтыр оқып үйренді.
Повестегі жер-су атаулары
Кіші Ақбел, Қоғалыбұлақ, Күреңбел, Жарбұлақ — тарам-тарам сай-жыралардың тоғысқан тұсындағы табиғаттың өзі апан құсатып ойып тастаған төңірегі биік жарқабақты терең сай.
Повестегі тарихи оқиғалар
Ұлы Отан соғысы кезеңі
Сайын Мұратбеков шығармалары1972 жылғы туындылар
Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар2002 жылы шыққан кітаптар
Ұмытпасам, 5-6 сыныпта оқыпжүргенімдеәдебиетпәнінен «Жусанисі» атты Сайын Мұратбековтың повестінен үзінді оқып,үлкен әсерде қалғаным бар еді.Өзіме таңсық, бұрын атын естімеген жазушымен осылайша «Жусан исі» арқылы алғаш рет таныстым. «Алғашқы әсер қандай болса, көзқарас солай қалыптасады» демекші, бұл жазушының басқа да шығармаларын оқуға кейіннен аңсарым ауа бастады.Үйдегі өзім «жеке кітапханам» атайтын сөреде ұлы Абай,ақиық ақын Мұқағали, Бердібек аталарымның шығармаларының жанында мен үшін аса қымбат, ыстық кітаптардың бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» туындысы тұрады.
Адамның жан дүниесі,рухани әлемінде толқыныс, ерекше бір тебіреніс болу үшін қандай да болмасын түрткі керек.Ол түрткінің негізгі бастау, қайнар көзі әдебиетте,кітапта жатыр десе де болады.Қашан болсын есіме түскенде, тәтті қиялға , балалық-шақтың бал дәуреніне саяхатқа ойша апаратын,осы бір сиқырлы да адамды баурап повестің құпиясында жатыр .Менінше,бұл ең алдымен жазушының жазу шеберлегінде, оның айналаны, оқырманның қалауын түсініп, ойынан шығар көркем туындыны шынайы бейнемен,тәтті шекердей ұғымды тілмен бізге жеткізе білуінде деп түйсінемін. Осы орайда Сайын Мұратбековтың «Жабайы алмасы» жоғарыда аталған сипаттама мен толық үндесіп жатқан көркем де ғажапдүние. Ендібәрін ой ретімен баяндасақ. «Тау бөктері тұтасқан жабайы алма болатын .Соғыс жылдары біз, жас балалар , қалың бөргезге қол-аяғымызды қызыл-ала жосағып жырғызып, ұзақты күнге алмадан алма таңдап,сол бөктерде тентіреп жүруші едік» депбасталғаннан, оқырманды бірдентереңге, оқиғаның желісіне еріксіз сүңгітіп жібереді.Бір ауылдың адалда,әр адамның жансерігіне айналған Көкінай атты итті образдау арқылы,жазушы соғыс кезіндегі жауға аттанған әр шаңырақтың сағыныш сезімін, қайтпас көңіл, жығылмас төзімін Көкінай образымен бірлесе отырып, ең бастысы осы күнде екінің бірінің бойынан табылмайтын адалдық қасиетін қызық та, қатал сюжеттермен сипаттайды.Повестьтің басты кейіпкерлері Қанат,Тоқтар, Нәзира,Әжібектер бейнесінен бүгінгі жастармен, бүгінгі ұрпақпен тоғысатын ортақ жағдаятқа тап боламыз.Ол- пышақтың екі қапталындай , өмірбойы бір-бірін жеңе алмай келе жатқан махаббат пен зұлымдық, мейірімділік пен жауыздық, адалдық пен надандық.
Қай оқырманның болмасын бұл шығарманы оқығанда кейіпкерлермен бірге қиналып, бірге қуанғанына шүбәм жоқ.Сөз байласқан екі ғашық Тоқтар мен Нәзираның бір-біріне деген ыстық, пәк махаббатын жарқ етіп,ағып түскен жұлдыздай десе де болады.Сүйгені соғысқа,жауға аттанып, арада бірнеше уақыт өткенде қара қағаз да келіп үлгереді.Сол сәтте, «әттеген-ай,неге ғана бұларға тағдыр қосылуды жазбаған екен»деп, тамағына кеп тірелген өксікті де байқамай қаласың.Бұл тек қана сүйгенінен айырылған Нәзираның зары емес,бұл сол заманның,сұм соғыстың кесірінен екінің бірінің басына түскен қасірет,қайғы еді.Жазушының құдіреттілігі, қиялға берілмей,повесті тұтас бір дәуірдің немесе кезеңнің тыныс – тіршілігін,өмірін,қаз-қалпында осы бір туындысына сыйғыза білуінде.Әсте, дау жоқ, бар кейіпкерді бақыт шыңына шығарып,әдемі қиял,көңілге жақын оймен де өрбітіп, осы туындыны әсерлі жазуға болатын.Бірақ,одан не ұтамыз?Көбіміздің басты кемшілігіміз қоғамда болып жатқан шындыққа тура қарауға тайсалатынымыз.
Ал,соғыстан жаралы қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығына , Петько,Отто,Бәкке, Қанаттардың бір сиырға шөкімдей шөп үшін неге болсын барғанына , Нәзираның бар қиындықты жеңу арқылы оқуға, артынша соғыстан азатетілген қалаларды қалпына келтіруге көмекке аттанғанына қалайша сүйсінбейсің! Дәл сол кезде «Жаса,қазақ жастары!» деп ,бар даусыммен құлақ естір кеңістікке айқайлағыма келген. Енді бір қызық мәселеге тоқталмасам болмас. Дәл осындай аңғалда, балалық сезімді Бердібек Соқпақбаевтің «Балалық шаққа саяхат» кітабын оқығанда бастан кештім. Мені таңғалдырғаны қосжазушының сөз өрнектеуі, ой орамы, жазустильі бір-бірінен егіз сәйкестік тапқан үндестік десе де болады. Сонда бұл үндестіктің бізге беймәлім сыры неде? «Балалық шаққа саяхат» повесті өзалдына бөлек әңгіме.Э.Хэмингуэй: «Үлкен жазушы болу үшін, талант, білім мен қоса, бақытсыз балалық керек» деген екен. Менінше, екіжазушы да балалық шақтарынан бастарына ертетүскен тауқыметтен ерте есейіп, ерте өмірдің асау ағысымен арпалысқа түсті. Бұл екі жазушыны өмірдің өзіеріксіз осындай жолға салды. Әркімнің тағдыр талайы әрқалай. Біреулер өмірде ішіп-жепқалсам, біреулер көп қызық көріп қалсам игі еді деуме ғұмыр кешеді. Ал, менің жазушылардың бойынан қадірлейтін ең басты қасиет-олардың өмірді, барша адамзатты сүйе ,түсіне білуі.
Уа, адамдар! Әрсағатты бағалаңыздар. Дәлқазіргі 1 минуттың ішінде еңболмаса өткенінізді еске түсіріңіз. Себебі, өткен өмірді ойламай, келер күнге батыл қадам жасау, жүзе білмей терең суға малтумен тең деп аяқтасам қалай?)
"Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" кмм
АНЫҚТАМА
14.11.2022ж.Бөлексаз орта мектебінің 5 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Жазушы Сайын Мұратбековтың тың "Жабайы алма" повесі – соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады.
Кітапханашы Г.Балтабаева
14.11.2022ж
