15 қараша "Ұлттық валюта күні" 5-6 сыныптармен әңгіме
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Ұлттық валюта күні
5-6 сыныптармен әңгіме
Кітапханашы Г.Балтабаева
15.11.2022ж
Бүгін - ұлттық валюта күні
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Төл валютамыздың тарихына көз жүгіртсек, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.
1993 жылы алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылды. Теңгені елге тасымалдау үшін төрт ИЛ-86 ұшақтары Тұманды Альбион еліне 18 мәрте қатынады. Төл валютамыздың алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жерасты қоймалары дайындалып, дәл осы қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңірлеріндегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілген еді.
1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
АНЫҚТАМА
Қараша айының он бесі күні Бөлексаз орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен кітапханашы Г.Балтабаева 1993 жылы 12 қараша да ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлық шығарды.Үш күннен соң теңге айналымға енгізілді.Жалпы теңгенің өз шығу тарихы бар.
Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. 1992 жылы тамызда Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англтияға аттанды. Өйткені елде ақша бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті, құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы еді. Осындай кезеңде елде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Осылайша ең алғашқы теңге Англияның ең көне әрі әйгілі әХариссон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Ал алғашқы металл монеталар Германияда әзірленді.
Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары әзірленді. Оларды арнайы ұшақтар тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға бірнеше рет ұшып барып қайтып келді. Ең алғашқы теңгемізде телгілі тарихи тұлғаларымыздың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа ӘбуНасыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілхайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнелері салынды.
Осылайша Қазақстан 1993 жылы қазан-қараша айларында рубль аймағынан толықтай шықты. Сол жылы Алматыда құрылысы басталған банкнот фабрикасы екі жылдан соң толық аяталып, 19 мамырда ресми ашылу рәсімі өтті.2006 жылы 15 қараша жаңа үлгіде банкноттар айланысқа енгізілді.Жаңа теңгенің шығу тарихы осындай.

Кітапханашы Г.Балтабаева
15.11.2022ж
