"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Дулатов "Бақытсыз Жамал" романын МИФ бірлестігініңталдауы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы білім алушылардың ,кітапханашылардың, ұстаздардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге,оқу мәдениетінің деңгейін аттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған жоба.
Осы аталған жоба аясында Бөлексаз орта мектебінің ұстаздары арасында оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту бойынша кешенді шаралар өткізілуде Қазан айының он үші күні МИФ бірлестігі( математика,информатика,физика) Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын оқып, мектеп ұжымына мазмұндап берді. «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеумен,авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті,үлгі болған романдардың бірі.Іс-шара барысында «Плискерс» бағдарламасы арқылы кері байланыс жасалынып, «Үздік тыңдарман» номинация иегерлері мақтау қағазымен марапатталды.