М.Дулатов "Бақытсыз жамал". " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2022

М.Дулатов "Бақытсыз жамал". " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен

              Бақытсыз Жамал


           «Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген,қазақ әдебиетіндекөркем прозалық үлгіде жазылған тұңғышроман.

Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылғанТ.Жомартбаевтың  «Қыз көрклік, С.Кобеевтың «Қалың мал»,С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»т.бромандарына жол аштыБұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналдыҚазақ ауылының тұрмысы жайында жазылдыӘйелдердің бас еркіқоғамдағы жағдайы туралы баяндады.

«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осыескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдырыСүйгеніне қосылыпбақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.

Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.

... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауылСаумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлерБие байлапқымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдарыҚыстай араласа алмайсағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәзҮй жағалап қымыз ішкен жастар...

  Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайдыАбыр-сабыр басталадыАуыл сыртына үй тігіледіАрнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббайтақсырдеп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі.

    Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайынадамдардың психологиясын дәлме-дел бередіАуыл адамдарының өзара әңгімелеріненауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекетмінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады.

...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босаныпдүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді.Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатынТабиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескішежаңаша оқыпхат танидыТүрлі хисса-дастандарды көп оқидыБірқатарын жатқа да айтатын боладыСөйтіп елдің көзіне түсіпқыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келдіСұлулықақылсалтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіпЖамал сол елдің қызының алды болдыБұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болыпөз ойынан шығарып өлең де жазатын болдыОлай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін едіЕл ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастапшет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бардеген лақап жайыла бастады.

Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырадыҚыз шешесінің қарсылығына қарамастанСәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығыпқұдалыққа келіседіБірақ бай баласы топаснашар боладыЖамал оны менсінбейдіСөйтіп жүргенде бір тойда оқығанмәдениеттіжаңаша киінгенсыпайыәдепті Ғали деген жігітпен танысынкөңілдері жарасадыАрада біраз уақыт өтіпқыздың Жұманға ұзатылар шағы туғандаЖамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетедіЖастарды қудалау басталадыСөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс боладыҚайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатыладыКөрмеген қорлықты көредіАқыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барыпжылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісісуреттелетін ауыл өміріәр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббатыөз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбидіАқыр аяғында трагедиямен аяқталады.

МДулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайдыҒашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтередіСол арқылы қазақ қыздарының бас еркіжастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.

Жазушы үшін әйелдің бас бостандығыөзінің сүйгеніне қосылыпөмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болдыОл әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады.

Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді.Романдағы Ғали  сол замандағы оқығанмәдениетті жастарының жиынтық бейнесіСырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетіненсөйлегенжазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады.Ал шығармадағы Байжан байоның баласы Жұмансондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбайүлкен шешесі Қалампыр  ескі психологияның адамдарыОларға адамгершіліктен гөрі байлықшен мақтанышы қымбатырақ.

Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамалроманы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуіменавторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсеттіүлгі болды.



«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеме кітапханасының іс шаралары

                                                    АНЫҚТАМАСЫ


    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 сынып  оқушылары Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын 23 қыркүйек күні оқып талдады.

«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.

 


Кітапханашы Г.Балтабаева 

23.09.2022ж