"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ш.Мұртазаның "Соғыстың соңғы жесірі" кітабын 9а сынып оқушылары талдаы.
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Шерхан Мұртаза
«Соғыстың соңғы жесірі»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
9 а сыныптарымен
25.11.2022ж
Кітапханашы Г.Балтабаева
Соғыстың соңғы жесірі
Соғыстың соңғы жесірі— Шерхан Мұртазаның 2003 жылы жазылған әңгімесі.Әңгімеде Ұлы Отан соғысы жылдарыңдағы және одан кейінгі ауыл өмірі,адам тағдыры туралы үлкен шеберлікпен шынайы бейнеленген.
Қысқаша мазмұны Бұл әңгімеде Ұлы Отан соғысы кезіндегі көптеген жанұялардың азап шеккені,қорлық көргені туралы жазылған.Әңгіме жат жерде қалған жауынгерлерді эшолонға тиеп батыс жаққа алып кетуынен басталған еді.Осылай 69 жыл өтіп шығады,69 жыл аз уақыт емес.Бірақ шеккен зардап,көрген қорлық ұмытылғанымен,жүрек сыздатқан мұң көкірекке шегедей қадалған болған.Осы қайғылы жылдары күйеулерін қаң майданға шығарып салып тұрып,оларды соңғы рет көріп тұрғанын білмеген,көңіліндегі үрейді үмітке айналдырған әжелеріміз –соғыс жесірлері болған.
Жетім қарттар үйіне полиция лезде үймелеп қалды. Мәшинелер қиқуынан құлақ тұнды. Полиция терезенің тұсында, жаңа жауған ұлпа қардың үстінде жатқан адамды көрді.
Шалқасынан құлапты. Бурыл шашын жаяу боран желбіретіп тұр екен. Адамдардың аң-таң қалғаны: құлаған кемпірдің жүзі балбұл жайнап, келіншек кезіндегідей құлпырып, күлімсіреп жатыр екен.
Кейін оны мәйітханаға апарып, арулап жуғанда да, бет-аузын массаждағанда да, езуінен әлгі күлкі нышаны өшпей қойды.
Қазақстан халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығына арналды. Оқушыларға жазушының шығармашылығы жөнінде қысқаша мағлұмат айтылды. Мылтықсыз майданның батыры атанған Шерхан Мұртазаның талайды таңдандырған шығармаларынан шындықтың шынайы жүзін көруге болады.
Шерхан Мұртазаның шығармалары күрделі емес - қарапайым, ойдан шығарылмаған, өмірден алынған. Қаламгер оқырманнан ештеңе жасырмай, бір дәуірдің трагедиясын қаз қалпында суреттеп, тайға таңба басқандай ашып көрсетеді.Балалар Шерхан Мұртазаның шығармалары арқылы тәрбие, өнеге алды деп ойлаймын. Оқушы қауым көрмедегі кітаптарды, журналдарды оқуға алды.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
АНЫҚТАМА
Жиырма бесінші қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9а сынып оқушыларымен Шерхан Мұртазаның «Соғыстың соңғы жесірі» кітабын талдау жасады.
Шерхан Мұртаза қазақ прозасына көптеген таңдаулы туындылар қосты. Пейзаж арқылы кейіпкер мінезін ашуды шығармаларының негізгі өзегі етті. Әңгімелерінің тақырыбына екінші дүниежүзілік соғыс зардабын да өзек еткен. Эпикалық жанрдағы алғашқы көлемді туындысында жұмысшылар тағдырын арқау етіп, бүгінгі күннің шындығын бейнелеген.


Кітапханашы Г.Балтабаева.
Сынып жетекшісі Н.Елиманова
25.11.2022ж