"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп фракция мүшелерімен М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" кітабын талдау.
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМАСЫ
Қараша айының тоғызы күні Бөлексаз орта мектебінде мектеп Фракция мүшерлерімен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын талдады. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндадықытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. Оқушылар бейне ролиг көрсетті.
Кітапханашы Г.Балтабаева
09.11.2022ж
