"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" кітабын 10а сынып оқушылары талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" кітабын 10а сынып оқушылары талдады.
28
ноябрь
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ә.Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" кітабын 10а сынып оқушылары талдады.

Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм


«Келісемін»                                                                               « Бекітемін»

Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                         Ә.Халелқызы

М.Наурызбаева

---------------------2022ж






        Әзілхан Нұршайықов 

   

   «Ақиқат пен аңыз»


                     

                    «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында»


                                       10а  сынып оқушыларымен









                                         Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                      28.11.2022ж

               “Ақиқат пен аңыз” 


     “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогы – қазақ романдарының тарихында өзіндік ойып алар орны бар, көркемдік стилде жазылған ерекше туындылардың бірі

Соғыс жылдарында өз ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен, Отанына деген шексіз махаббатымен көзге түскен батырлардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Батырдың ерлігі жайлы көптеген еңбек, очерк және мақала жазылған. Осы еңбектердің ішінде Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогы өзінің жазылу үлгісі мен ерекше көзге түседі.

Ақын өмірінің қыр-сырын сұрақтар қою арқылы Бауыржан Момышұлының бейнесін ашады.

Біріншіден, батырдың шындыққа, ақиқатқа деген құлшынысын, оның батырлығы жайында жазылған әр шығармасының шындықпен ұштасуын қалайтынын мына сөздерден аңғарамыз:

“Егер өтірік жазсаң алдымен сол қолыңды, содан оң қолыңды шауып тастаймын деп қылышын жарқ еткізіп, қынабынан суырып алып, жазушыға серт қойған сәті әрқашанда жадымызда жүрді”.

Екіншіден, батырдың еш қиындық алдында қайыспайтын мінезі, Отан үшін жанын жүрегінен суырып беретін, ержүректігі екі рет өлім аузында қалса да, тайталасып жатқан майдан шебіне оралып күн демей, түн демей шайқас жүргізеді:

“Мен 207 рет ұррысқа кіріп, 5 рет қоршауда қалып, екі рет ауыр жарақаттандым. Бірақ екеуінде де саптан шыққаным жоқ. Біріншісінде омыртқама оқ тиді. Онда мен госпитальға бармай жатқан полкке қайтадан кеттім”, – деп елін қорғау парызы өзінің өмірінен де артық қоятынын аңғарамыз.

Үшіншіден, батыр бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіргені мына сөздерінен аңғарамыз:

“Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтымды сүюші адаммын. Мен нацизмнің туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Фашистерді жан тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Отанымды жан-тәніммен жақсы көрдім. Осы екеуінде жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім”,- деп бойына біткен әр өршілдік рухымен Отанына деген махаббаттың арқасында берілмей, қасықтай қанын пида етіп, жанып тұрған отқа талай түскен.

Міне, осындай батырымыздың ерлігін өскелең ұрпағына дәріптеген батырды қыр-сырынан танытқан ақиқат пен аңызды ұштастыра жырлаған ақынның роман-диалогы халықтың маңдайына біткен асыл мұраларының бірі.

Қысқаша мазмұны

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.


Шығарманың басты кейіпкері


Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.


1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.


Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.

                       

                          



                       «Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм


                                                            АНЫҚТАМА

 Жиырма сегізінші қараша күні 10а сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп  жобасы бойынша Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты шығармасын талдады.

Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі  Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар,өр мінезді кісі болғанынын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.

1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.




 


                                              Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                        28.11.2022ж