"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әжемнің ертегілері" кітабынан "Бір үзім нан" ертегісін 2 сынып оқушыларымен талдау
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМАСЫ
Желтоқсанның екісі күні Бөлексаз орта мектебінде екінші сынып оқушыларымен сынып жетекші М.Нұрғалиева мен кітапханашы Г.Балтабаева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әжемнің ертегілер» кітабынан «Бір үзім нан» ертегісін талдады. Байдың үйі кең ,әдемі болыты, іші толған-алтын, күміс болыпты.Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған,төбесін бұтамен жапқан екен.Нанын әрең тауып жепті.Егін егіп, оны суарып, күтіп орып,өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапатсу тасқыны болыпты. Бай алтынын көткріп ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де бір көмпеш нанын алып ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес еүнге созылады. Бір күні бай қарны ашып кедейге:Мына бір кесек алтынды алда бір үзім нан берші деп сұрайды. Алтының өзіңе,нан бере алмаймын дейді кедей.Екінші күні бай кедейден тағы нан сұрайды. Алтынымның жартысын берейін дейді бұл жолы. Жоқ бере алмаймын дейді . Ақыры аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрәбір көнбейді. Бойынан күш қуаты кеткен бай басы айналып суға құлап кетеді. Келесі күні су тоқтап кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың «Алтын ,күміс -тас екен, арпа бидай –ас екен» деген сөзі осыған орай айтылған екен. Балалар ертегіні кезектесіп оқу арқылы түсінігін айтты.


Кітапханашы Г.Балтабаева
Сынып жетекшісі М.Нұрғалиева
02.12.2022ж