"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қ.Ысқсқовтың "Қоңыр күз еді" кітабын 8 сынып оқушыларымен талдау » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қ.Ысқсқовтың "Қоңыр күз еді" кітабын 8 сынып оқушыларымен талдау
19
декабрь
2022

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Қ.Ысқсқовтың "Қоңыр күз еді" кітабын 8 сынып оқушыларымен талдау

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм


«Келісемін»                                                                               « Бекітемін»

Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                         Ә.Халелқызы

М.Наурызбаева

---------------------2022ж








         Қалихан Ысқақов

     

     «Қоңыр күз еді»



                   «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында»


                                      

                                      8 сынып оқушыларымен










                                                 Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                      19.12.2022ж

                            

                            Қоңыр  күз еді


«Қоңыр күз еді» повесі ауыл баласы Қасымның мектеп- интернатқа келіп оқуы

Қырағы қаламгер Қалихан Ысқақ үлкен әдебиетке 1960 жылдардың басында өзінің атақты «Қоңыр күз еді» атты повесімен келді. Жазушы шығармаларына айрықша назар аударсақ, оның ізденімпаздығы, талғампаздығы анық байқалады. Жазушының әрбір шығармасын оқығанда онда суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып қана қоймайсың, адамдардың мұң-мұқтажына ортақтасып, сағынышқа толы балалық шаққа, қызыққа толы күндерге еріксіз сапар шегесің. Қазақ жазушыларының ішінде әлемдік әдебиеттің үрдістерін меңгерген, өз ұлтының қыр-сыры мол қалтарыстарын шебер игерген Қ.Ысқақов деуге болады. Өзі өмір сүрген қоғам қалай құбылса да, саясат желі қай жақтан соқса да жазушы туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы – адам және адам тіршілігі. Басқа әдебиет шығармаларындағыдай, Қ.Ысқақов көркем шығармаларында да адам образының небір керемет үлгілері жасалған, образдардың қызық та, қиын тағдырлары оқырманды бей-жай қалдыра алмайды. Жазушы туындыларында өресі мен өрісі кең образдар кеңінен қамтылған. Замана келбетін суреттеу, адамдардың тұлғасын мүсіндеу – жазушының ізгі мұраты. Қаламгердің қырағы көзі өзінің ата-бабасының өмір сүрген дәуірі мен өз кезеңінің оқиғаларының жаршысы болуды, соларды ардақтауды өзіне мақсат тұтуы да – заңды құбылыс. Оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі шығармаларына шын өмірде болған оқиғалар мен құбылыстарды арқау ететінімен ерекшеленеді.

Қ.Ысқақов шығармалары ішінде повесть жанрында жазылғандары көп. «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді. Бұл повесінен жазушының шығармашылық бағытындағы оң беталысты көруге болады. Мұнда жазушы қарапайым халық арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы мен алғашқы жақсы көру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойған, басты кейіпкердің бойындағы игі қасиеттерді көрсетумен бірге жазушы оның ой-санасындағы шектелушілікті де жасырмаған. Өз кезеңіндегі өмір шындығына иек арта отырып, Қасым арқылы сол кездегі жастардың сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының бастан кешкен әрқилы оқиғаларын қиюластыра бейнелеуінен жазушының реалистік қырын танимыз. Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді мінеу жағы басым көрінетін тұстары да бар. Мысалы, жазушы мектеп директоры Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның әйелінің поддиректор аталуының себептері, интернат завхозының шын аты Зейнолланың – Беликов аталу себептерін түсіндіре отырып астарлы юморлық әрекетке көшеді. Оның майдақоңыр юморы ара-тұра еріксіз күлкіге үйіреді. Повестің жалпы мазмұны достық, адамгершілік жайындағы мектеп ұстаздарының өсиеттеріне, интернат ұлдары мен қыздарының балғын жүректеріндегі сезімдеріне, адам көңілінің құбылмалы сәттеріне арналған десе де болады, бір сөзбен айтқанда бұл жайларды жазушы өзінің суреткерлік шеберлігі арқылы ашып бере алған.

Қасым жетінші сыныпта оқып жүргенінде шешесі дүниеден өтіп, тұл жетім қалады. Сонан соң немере ағасы Ыбырай «Топқайыңдағы» мектеп-интернатқа орналастырады. Қалихан Ысқақов тумысынан суреткер, адам характерлерін дөп басып суреттейді, кейіпкердің сыртқы пішінінен гөрі оның психологиялық портретін суреттеуге ерекше мән береді. Бала Қасымның алғаш мектеп-интернатқа орналасуын, қарадомалақтармен өткен ең қызықты сәттерін, көршілес кереуетте жататын қара бала Қыдырханмен достығын баяндау барысында жазушының нағыз көркемсөз шебері екендігіне көзіміз жетеді.

Жалпы тақырып әдетте жазушының тәжірбиесінен туады. Оның жан дүниесін қозғаған жайлар араға жылдар салып әдеби шығармаға айналады. 1936 жылы туылған Қалихан Ысқақтың 1939-1945 жылдар аралығында өткен екінші дүниежүзілік соғыстың ауыр кезеңіне тұстас келген жүдеу балалық шағы «Қоңыр күз еді» повесінің басты кейіпкерлері Қасымның, Қомшабайдың, Алтынның балалық шақтарына ұқсас еді. Демек, жанкешті еңбектен туындаған айтулы шығарма жазушы өмірінің айнасы.

Қоңыр күз еді. Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң.

Алтай өңірінің ең бір жүдең шағы, көңілсіз шағы. Соқыр тұман оның биік сілемдерін жым-жылас қып жұтып қойыпты. Енді бөктерлеп келіп қанат жайып күргейлеп алған. Тау да бірте-бірте аласарып, адырлы жота-қыратқа айналып шөгіп бара жатқан сияқты. Әр жерде селдіреген ойдым-ойдым шоқ ағаштар болмаса, етекте бұрынғыдай ну орман да жоқ, үркіп барып сонау жоғарыдағы алқым-алқымдарға тығылып қалыпты. Қарағайлы өзекке кіре бергенімде өкпе тұстағы жылғадан салдырлаған дыбыс естілді. Артынша-ақ сүрлем тиеген ырдуан арба шыға келді. Жанасалап күре жолға түскенде делбе ұстаған адамның әйел екенін аңғардым. Ақ түбіт шәлімен басын тұмшалап орап тастаған ақсұр келіншек мені енді ғана байқап, озып барып атын тежеді. Сосын танып алайыншы дегендей бетіме тесіле қарады.

- Жаным-ау, Қасымбысың? – деп аңырып қалды. Ұзын кірпікті мөлдір қарақат көзі мен сыңғырлаған ашық дауысынан өзіміздің Алтынды бірден тани кеттім.

- Япырмау, адасып жүргеннен саумысың? Қайдан келесің? Қайда барасың? - деп сұрауды үсті-үстіне қапалақтатып жатыр. Астына төсеген құрғақ шөпті сүрлем үстіне жазыңқырап, қасынан орын нұсқады да:

- Отырсаңшы енді, отыр! - деді.

Алтынмен кездесемін-ау деп тіпті ойлаған жоқ едім. Орта бойлы, қыпша бел, қарақат кез, екі бетінің қаны тамған ақ сазандай сұлу келіншек көз алдымда елестейтін де тұратын. Қазір аласа бойлы, дөңгелек бет, толған ұршықтай дөңгеленген әйелді кездестіргеніме іштей қарным ашып қалған сияқты. Қаншама іш-баауырыма кіріп, жалбарақтағанымен, неге екенін өзім де білмеймін, оған бір түрлі салқын жүздестім. Мүмкін тосынан кездескендіктен болар, әлде суынысып кеткендіктен шығар, әйтеуір тосырқау бар. Аузыма сөз де түспей, алғашқы тіл қатқаным «қайдан жүрсің?» болды.

- Қайдан жүрсің дерің бар ма.. Әйтеуір тіршілік қуған да баяғы... Алтынды бала кезінде бір көріп едің, ортада заман келіп, заман өтті. Содан бері не толып, не солмады дейсің... Алтын бұдан арғысын қозғамай, сөзінің аяғын қалжыңға айналдырғысы келді.

- Бәтір-ау, өзің тіпті өзгермепсің ғой. Бет-аузында тым болмаса қыл-қыбыр атаулыдан да ырым жоқ, - деп күліп алды. Бірақ мен үндемей отырған соң оның да жүзінен күлкі тез қашты. Төсін теуіп тұрған қос омырауынан әлсін-әлсін сырғи берген желбегей күпәйкенің өңірін қымтай түсіп, зіл арбаны керіле тартып келе жатқан қарақердің сылбыр жүрісінен көз жазбай біраз отырды.

- Қайдан жүрсің дерің бар ма... Осы өзіміздің Топқайыңда жүріп жатырмын. Сиыр фермасында жұмыс істеп жүрмін, -деп қойды.

– Өзің немене, жайшамысың?

- Жайша да, шаруамен де... Мына Сарымсақтыдан шығып едім, көлік кездеспей осы тұсқа малшынып азар ілінгенім...

- Е...е...- дей салды ол...

Ол менен екі жас үлкен еді. Бір мектепте, бір класта оқыдық. Біздің қыздардың ішіндегі көріктісі де Алтын болатын. Әрі тамаша әнші еді. Күні бүгінге дейін ұмытылмастай болып, көкейімде жатталып қалған сол бір әні. Менің балалық шағымның небір қиялға толы тәтті кезеңі де осы әнмен басталған. Қазір де сол әнді ести қалсам, көз алдымнан баяғы бір балалық шағым, алғаш өскен ауылым елестеп өтіп жатады... Ауылдағы жеті кластық мектепті бітірдім де, «баласың ғой, жұмыс істеп сен не жарытасың, оқы» деп шал-кемпір дігірлеп қоймаған соң отыз шақырым жердегі Топқайыңның мектеп-интернатына келдім. Мектеп директоры орта жастағы, бір көзінің бидайдай ағы бар, күбіқарын жуан кісі екен. Арызым мен куәлігімді оқып шығып, біраз уақыт орындықтың арқалығына сүйеніп ыңыранып жатып алды. Менің аяғымдағы көн етігіме, бұтымдағы естекке бояған ескі жарғақ шалбарыма ұзақ тесілді. Мені онша жақтырып отырған жоқ сияқты. Көз қарасында «осы да оқымақ па?» деген күдік бар. Осы бойда май мұрынын шұрылдатып, демігіп біраз жатты да, орыңдықты сықырлата ойбай салғызып, кеудесін көтеріп алды.

.

- Баяғы Кәмилә апайдың ортаншы қызы осы. Күйеуге шыққан, екі баласы бар, менімен бірге бұзаушы болып істейді, - деп таныстырды Алтын.

- Уақыттың зырлап бара жатқанын осыдан біл. Сара, сен мына сүрлемді апарып қораға түсір. Атты шешіп, қамыт-сайманды кептіріп қоярсың, ертең де керек дүние, обал ғой, аттың мойнын соғып тастар. Ал мен үйге кеттім, қонақ кеп қалды.

Таныс көшемен аяңдап келеміз. Міне, мынау баяғы интернаттың жатағы. 

.Қоңыр күз. Мен терезенің алдында отырмын. Ақ жауын толассыз себелеп тұр. Көз алдымнан қарашаның соңғы күні өтіп барады. Лекіте соққан жел, жөңкіле көшкен бұлт, қалтырап ұшқан жапырақ, шуылдаған мазасыз қарға мен ұзақ - бәрі де менің ауылымды елестетеді. Дүние қарақұрықтанып, аспан аласарып барады. Менің ауылымның аспаны сияқты. Биікте қиқулаған құстың дауысы естіледі. Менің ауылымнан келе жатқан тәрізді. Сонау бір жылдарда қош айтысқан балалық шағымды әкеле жатқандай. Көз алдымда туған ауылым. Көз алдымда Алтын мен Қомшабайдың бейнесі. Көңілімде қуаныш. Көкірегімде жылы леп маздағандай. Көз көргенде дос-жарандарға, жақын жандарға салқын жүздесесің. Алыстаған сайын, қашықтаған сайын дос-жарандарды, жақын жандарды сағынады екенсің. Мен Қомшабай мен Алтынды сағынып отырмын. Үшеуміздің соңғы рет кездескенімізге де бір жыл бопты. Әр қайсымыздың көкейімізде айтылмаған сыр қапты, әрқайсымыздың артымызда бұлың-бұлың із, бұлдыраған көмескі сүрлеу қапты, әрқайсымыздың алдымызда тапталмаған, басталмаған ұзақ жол жатыр. Қайсысымыз қалай аттар екенбіз, қайсысымыз қалай бастар екенбіз оны?! Болашақтың жағасы бұлдырап қана елестейді өзіме. Қомшабай мен Алтын ше? Хал-ахуалдары, тіршілігі қалай, осынау жалпақ өмірдегі аяқ алыстары қалай, өмірдегі жаңалықтары қандай, бұл жағынан хабарсызбын. Қомшабай Алтынға деген соңғы бір көңіліндегі түйткілін айта алды ма, айта алмады ма, ол да маған беймәлім.


« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара


                                                                АНЫҚТАМАСЫ

 Он екінші желтоксан күні 8  сынып оқушыларымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қалиқхан Ысқақовтың «Қоңыр күз еді»  кітабына талдау  жасады

Мақсаты:Қ.Ысқақтың   өмірбаянын  шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін  таныту;

Күтілетін нәтиже: А) Қалихан Ысқақтың өмір жолын және шығармаларын біледі.

Б) «Қоңыр күз еді» шығармасының тақырыбын анықтайды және композициялық құрылысына талдай алады.

С) Повесть ішінде берілген жұмбақ есімді нақтылап, ол туралы толық мәлімет алады.

Қоңыр күз еді. Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірінің ең бір жүдең шағы, көңілсіз шағы. Соқыр тұман оның биік сілемдерін жым-жылас қып жұтып қойыпты. Енді бөктерлеп келіп қанат жайып күргейлеп алған. Қоңыр күз. Мен терезенің алдында отырмын. Ақ жауын толассыз себелеп тұр. Көз алдымнан қарашаның соңғы күні өтіп барады. Лекіте соққан жел, жөңкіле көшкен бұлт, қалтырап ұшқан жапырақ, шуылдаған мазасыз қарға мен ұзақ - бәрі де менің ауылымды елестетеді. Дүние қарақұрықтанып, аспан аласарып барады. Менің ауылымның аспаны сияқты. Биікте қиқулаған құстың дауысы естіледі. Менің ауылымнан келе жатқан тәрізді. Сонау бір жылдарда қош айтысқан балалық шағымды әкеле жатқандай. Көз алдымда туған ауылым. Көз алдымда Алтын мен Қомшабайдың бейнесі. Көңілімде қуаныш. Көкірегімде жылы леп маздағандай. Көз көргенде дос-жарандарға, жақын жандарға салқын жүздесесің.

 


                                                    Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                                   19.12.2022ж