"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ұлықбек Есдәулетовтың "Киіз кітап" кітабын 7 сынып оқушылары талдады.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде-«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 7 сынып оқушыларының оқыған кітабын талдау.
Қатысқаны 16
Күн тәртібінде:
1.Ұлықбек Есдәулетовтың «Киіз кітап» кітабын талдау.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Молдасанова Айнұр өмірбаяны,шығармалары жайлы айтып өтті.
Сөйлегендер:
1.Мектеп кітапханашысы Балтабаева Гүлзира «Киіз кітап» Қазақтың белгілі ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің бұл жаңа кітабына 1988-2000 жылдары жазылған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық жыр-толғамдары енгізілді. Ақын тың ізденістерге барып, өлең өнерінің соны қырларларын аша түскен.
Кітап оқырманның ойы мен сезіміне қозғау салар әсерлі, өзекті өлеңдер жеткілікті.
Бүгін, «Киіз кітап кітабы жайлы талдаймыз.
ОқушыларҰлықбек Есдәулетовтың « Киіз кітап» өлеңдері мен поэмалар жинағында Қазақтың өр рухы мен отаншылдық қасиеттері тереңнен жырлағанын айтты
Шешім:
Ұлықбек Есдәулетовтың «Киіз кітап» кітабын оқушылар арасында тереңрек оқу ұсынылды.
Кітапханашы: Г.Балтабаева.
Сынып жетекші: А.Молдасанова
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 7 сынып оқушылар арасында оқып талдаған кітаптары жайлы
АНЫҚТАМА
Қаңтар айының жиырмасы күні Бөлексаз орта мектебінің 7 сынып оқушылары Қазақтың төкпе ақыны Ұлықбек Есдәлетовтың «киіз кітап» кітабын талдады. Қазақтың белгілі ақыны, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің бұл жаңа кітабына 1988-2000 жылдары жазылған ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық жыр-толғамдары енгізілді. Ақын тың ізденістерге барып, өлең өнерінің соны қырларларын аша түскен.
Кітап оқырманның ойы мен сезіміне қозғау салар әсерлі, өзекті өлеңдер жеткілікті.
Кітапханашы Г.Балтабаева
20.01.2023ж