"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бала мен қарлығаш" ертегін 4 сынып оқушылармен талдауы
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМАСЫ
Қаңтардың оны алтысы күні 4 сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Найзабекова Камшат пен кітапханашы Гүлзира Балтабаева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» кітабынан «Бала мен қарлағаш» ертегісін талдады.Баяғы заманда бір кедей өмір сүріпті. Оның жалғыз ұлы медресе оқыпты. Жолда келе жатып бір қарлығашты ұстап алада.Құстың бір қанаты сынып қалыпты, оны әкесі қызыл шүперекпен таңып береді. Бала қарлығашты су-жемін беріп есік терезені жауып бағып жүреді. Бір күні таңғы шайларын ішіп отырғанда терезеден қарлығаш ұшып кетеді.Баласы қаты жылайды,оны жұбату үшін әкесі қарлығашың келесі жылы кеді дейді. Келесі жылы әлгі қарлығаш қайта келеді,сол қызыл жіптен таныйды.Қарлығаш аузына бір қауынның дәнін түседі оны бала әкесіне көрсетеді .Оны егіп баптап күзде піскенде әкесі қауында кессе іші толған алтын екен. Алтынды түгел базарға апарудан қорқып, шетінен аздап тұрмысына жаратып жүреді.Кедейдің тұрмысы тәуірлене бастайды,жер, су, мал жиып байый бастайды. Патша кедей алтынды қайдан алды ,менің қазынамды ұрлаған шығар деп ойлайды.Кедейден бәрін тартып алады. Қанша шындығын айтса да сенбейді.Маған да қауын қауын өсіріп әкеп бер.Сонда мал-мүлкіңді қайтарамын дейді.Жаз шыққанда әлгі қарлығаш қайта келеді.Аузынан тағы бір дән тастайды. Оны өндіріп, өсірген қауынды патшаға беріп өзінің дүние-мүлкін қайтарып алады. Патша уәзірге ана қауынды жарыңдар оның іші толған алтын оны менің қазынама тапсырыңдар деп бұйырады.Уәзір қауынды қақ жарғанда ішінен қара шұбар жылан оқша атылып ,патшаның мойнына оралады. Патша жан тапсырады. Содан былай кедей бақыттыөмір кешіпті, баласы оқып ғалым болыпты. Ал қарлығаш бір жолата өз мекеніне ұшып кетіпті.
Балалар ертегіні оқып түсініктерін айтып, видиосын көріп тамашалады.Қызықты талдау болды.
Кітапханашы Г.Балтабаева
16.01.2022ж
