"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Ерубевтың "Менің Құрдастарым кітабын 7 сынып оқушылары талдаы.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ә.Халелқызы.
С.Исаева --------------2023ж
Саттар Ерубаев
«Менің Құрдастарым»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
7 сынып оқушыларымен 20 мин талдау
11.04.2023
Кітапханашы Балтабаева Г
Жалындаған жастық жыршысы
Саттар Ерубаев «Өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай» өткен талант иесі. Бақытты заманның құшағында өз өнерінің әсемдігін, бар көркемдігін, сүйсінерлік сонылығын жаңа ғана танытып келе жатқан әдебиет гүлі Саттар ағамызды мейірімсіз ажал 23 жасында арамыздан жұлып әкетті. Бірақ Саттар сұм өлімді «мәңгілік өмірмен» -творчестволық еңбекпен жеңді. Ол небәрі 23 жыл ғұмыр сүрсе де құнды шығармалар жазып есімін ел жадында мәңгі қалдыра алды. Қазір мен де 23-темін, алайда Саттар аға сияқты дәл бұлай жаза алмас едім.
Әдебиетіміздің алтын қазынасына өзінің бірнеше новеллалары мен атақты «Менің құрдастарымын» қосты. Эстетикалық талғамы өскен бүгінгі қазақ оқушылары Саттар творчествосымен танысқан уақытта ең алдымен оның творчестволық беті, мәдениеті жоғары жазушы екенін түсінеді, мезгілсіз қайтыс болғанына қанша күйінсек те, қымбат мұрасына сонша сүйсінеміз.
Оның «Менің құрдастарым» атты романы атына сай замандастар, құрдастардың жинақталған жалпы әдебиеттегі дара типтік шығармашылық дүние. Мұнда махаббат та, достық та, адалдық та, сатқындық та бар.
С.Ерубаев "Менің құрдастарым"
Бұл роман қойшының баласы Рахмет туралы жазылған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыға учаске начальнигі болып орналасады. Ол көркемөнерді өте жақсы білген, Флобер жайлы, сондай-ақ, А.Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. "Ромео-Джульетта" трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтып, Кузьма Прутковтың барлық афоризмін білетін. оның бұлай терең білетінінің себебі, ол туып-өскен Долбы жазығында өнердің ешбір түрі дамымаған еді, Рахметтің әкесі Долбы байдың малшысы болатын. Бұл да қой бағатын. Бірақ, бір күні ерте туған көк қозы жоғалып кетеді. Бай Рахметті сабайды, әкесін ұрады. Ашуланған әке үйде жылап жатқан баланы таяқпен салып қалады. Содан Рахмет талып қалады, оянысымен беті ауған қаңғып кетеді. Біршама уақыттан кейін қараңғылықтың арасынан аттылы кісі Рахметтен жөн сұрайды. Бала болған уақиғаны айтып береді. Аттылы кісі баланы өзімен бірге алып кетеді. Ол кісінің есімі - Тұрар болатын. Рахметке сол кезден бастап интернат өмірі басталады. Тұрардың айтуымен әкесінің атын Дәуір деп өзгертеді. алматыда жүргенде, Тұрардың ұлы сейтенмен кездесіп, екеуі дос болады. Сейтен Рахметтің қарындасы Сағадатқа ғашық болады. Сағадат музыка мектебіне оқуға түсу үшін Алматыға келген. Екеуі бірін-бірі ұнатып қалады. Қарағандыдағы шахтада шахтерлер жұмыс істейді. Үйлері тар, суық. Шахтерлердің ауыр тұрмысы суреттелген. Олар ағылшын Хокинстің қарамағына қарайды. Күләнда жеңешесімен еріп, жұмысқа барады. Жертөле қазып жатқан Әліпті айдап кетеді. Дәмеш пен Күләнда Әліптің соңынан жүгіре отырып, ағылшынның кабинетіне кіреді. Күләнданы көрген Джим бір арам пиғылды ойлап үлгереді. Әліпке штраф салып, жетінші забойдан көмір шабуға бұйырады. Шахтадағы жұмыс кезінде Әліпті көмір басып қалады. Жұмысшылар көмекке ұмтылады. Күләнда сынықшыға кетіп бара жатқанда тілмаш Өтеген алдап, Джимге алып келеді.Үй сыпырушы Таня жүгіріп шахтаға келіп, болған жайды баяндайды. Илья, Бейсен бастаған жігіттер ағылшынның үйіне қарай асығады. Таңғы мезгілде Күләнда көз жұмады. Шахтерлер аштыққа да шыдап, үш күн далаға шықпай қойды. Хокинс Алексей мен Шектібайды шақырып тілегендерін орындауға келісім береді, тек олар жұмысқа шығу керек. Төлеп ауылына жеткенде Рахмет алдынан шығып Күләнданы сұрайды. Ауылды басына көтеріп жылаған Төлепке Долы байдың бәйбішесі зекіп салады. Арада екі жыл өткеннен соң, Долы байдан өлгенше таяқ жеген Рахмет үйінен біржолата кетеді. Университетте академик Вознесенский лекция оқитын. Академиктің қызы Лиза мен Рахмет бір-бірін сүйеді. рахмет Вознесенскийдің лабораториясына ассистент болып қалады. Іссапарлармен Рахмет Қарағанды, Донбассқа жүреді. Жеті-сегіз ай жүріп келеді. Вокзалда академикпен кездесіп қалып, қол алысады. Лиза туралы сұрауға Рахметтің батылы бармайды. Академик қызы мен Рахметтің бірге жүргенін құптайтын, бірақ сыр білдірмейтін.
Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.
Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.
С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды..
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарған іс-шарасы жайлы
АНЫҚТАМА
Он бірінші сәуір күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7сынып оқушылармен Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» атты кітабын талдады. Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.
С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды..

11.04.2023ж.
Кітапханашы Г.Балтабаева