"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Нәжмеденовтың " Менің Қазақстаным" кітабын 6 сынып оқушылары талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Нәжмеденовтың " Менің Қазақстаным" кітабын 6 сынып оқушылары талдады.
17
январь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ж.Нәжмеденовтың " Менің Қазақстаным" кітабын 6 сынып оқушылары талдады.

                              ХАТТАМА

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде-«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 4 сынып оқушыларының оқыған кітабын талдау.


Қатысқаны 22


Күн тәртібінде:


1.Жұмекен Нәжмеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабын талдау.

Тыңдалды:



  Сынып жетекшісі Руслан Болатжанұлы  Жұмекен Нәжмеденовтың өмірбаяны,шығармалары жайлы айтып өтті.


Сөйлегендер:


       1.Мектеп кітапханашысы Балтабаева Гүлзира «Менің Қазақстаным» Қазақтың белгілі ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  әнұранының авторы Ж.Нәжмеденов .Қазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік  түр болмыс пен бояу әкелген аса дарынды ақын Жұмекен Нәжмеденовтың бұл таңдамалы жинағына көзі тірісінде жарияланған өлеңдері мен дастандары және бұрын жарық көрмеген бір топ жаңа туындылары еніп отыр.

Қай шығармасында да ой философиясы,сезім философиясы сынды заңғар биікті бағындырған ақынның жаңа қыры мен тылсым сыры қайталап оқыған сайын жарқырап ашыла түседі.



         Бүгін, «Менің Қазақстаным» кітабы жайлы талдаймыз.


Оқушылар Жұмакен Нәжмеденовтың « Менің Қазақстаным» өлеңдері мен поэмалар жинағында Қазақтың өр рухы мен отаншылдық қасиеттері тереңнен жырлағанын айтты 


Шешім:

Жұмакен Нәжмеденовтын Менің Қазақстаным кітабы оқушылар арасында тереңрек оқу ұсынылды.



                 Кітапханашы:                Г.Балтабаева.

            Сынып жетекші:               Р.Болатжанұлы.


«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында  6 сынып оқушылар арасында оқып талдаған кітаптары жайлы 


                                  АНЫҚТАМА


Қаңтар айының он жетісі күні Бөлексаз орта мектебінің 6 сынып оқушылары Қазақтың белгілі ақыны,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Нәжмеденовтың «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ». Атты кітабын сынып жетекшісі Болатжанұлы Руслан мен  Кітапханашы Балтабаева Гулзираның ұйымдастыруымен  талдады.   «Менің Қазақстаным» (2008ж) атты өлеңдері мен поэмалар жинағында Қазақтың өр рухымен отаншылдық қасиеттері тереңінен жырланады.Қай шығармасында да ой философиясы , сезім философиясы сынды заңғар биікті бағындырған ақынынң жаңа қыры мен тылсым сыры қайталанып оқыған сайын жарқырап ашыла түседі. 



 




                        Кітапханашы:              Г.Балтабаева.

                   Сынып жетекші:            Р.Болатжанұлы

                                17.01.2023ж