"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қасқыр мен жігіт" етегісін 3 сынып оқушылармен талдауы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қасқыр мен жігіт" етегісін 3 сынып оқушылармен талдауы
20
апрель
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қасқыр мен жігіт" етегісін 3 сынып оқушылармен талдауы

      

Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


       «Келісемін»                                                                               « Бекітемін»

       Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

       тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                         Ә.Халелқызы

        Исаева С

---------------------2023ж




«Қасқыр мен жігіт»

                            3 сынып оқушылары 

                телефонмен кюар арқылы оқып талдау


            «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында







Қасқыр мен жігіт

(Қазақ халық ертегісі)

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3 сынып оқушыларымен телефоннан кюармен  тыңдау арқылы түсіндіру, түсініктерін сұрау.

Бір қасқыр тамақ іздеп жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егінші жігітке келіп жайын айтады:

Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды, мені қабыңа

салып арқалап жүре бер, - дейді.

Қасқыр жылап тұрған соң, егінші адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей, аңшылар мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Жігіттен сұрайды:

Қашып бара жатқан қасқырды көрмедің бе! – деп.

Жігіт:

Жаңа бір қасқыр анау шоқыдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар, -

дейді. Аңшылар асып кеткеннен кейін, жігіт қаптың аузын ашып, қасқырға жөніңе бар, маған да бір жақсылық етерсің дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, жігітке «мен сені жеймін, қарным ашты» - деп тап-тап береді.

Жігіт байғұс сасқалақтап:

Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып едім,

жақсылыққа жамандық ете ме екен, олай болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен» - дейді.

Екеуі керісіп тұрғанда бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып шығады.

Түлкі:

Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға

үлкен қасқыр сыйды дегенге нанбаймын, барып тұрған өтірік, - дейді.

Қасқыр мен жігіт «бұл рас» деп керісіп болмайды.

Түлкі қасқырға:

Қапқа кірмей сенбеймін, - дейді. Қасқыр сендірмекші боп қапқа

кіргенде, түлкі жігітке «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын кезің келді, қане, мен көрейін, күзді күні егінді қалай соғып жүрсің» - дейді.

Егінші жігіт құралын алып қасқырды ұра бастайды.

Түлкі:

Енді қаптың аузын аш, - дейді. Қасекең алды-артына қарамастан шыға

жөнеледі. Артынан түлкі: «Көптен бері істеген бір әділ төрелігім еді»- деп сақ-сақ күліпті. Сөйтіп, жігіт байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты.


                               

                                                                      20.04.2023ж

                                                       Кітапханашы Г.Балтабаева