"Отты жылдар шежіресі" кітап көрме » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2023

"Отты жылдар шежіресі" кітап көрме

Бөлексаз орта мектеп кітапханасында 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Отты жылдар шежіресі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жеңіс күні – бұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.Қойылған көрмеден Ұлы Отан соғысы тарихынан бастап, қатысқан жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар, Жеңіс туралы жазылған еңбектер және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың  естеліктерімен танысуға болады.

 

                                          Кітапханашы Г.Балтабаева