"Ұлы Жеңіс жаңғырығы"библиографиялық шолу. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2023

"Ұлы Жеңіс жаңғырығы"библиографиялық шолу.


       Келісемін»                                                                    « Бекітемін»

         Мектеп директорының                                        Мектеп директоры: 

         тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                             Ә.Халелқызы

         С.Исаева








«Ұлы Жеңіс жаңғырығы»



                   Библиографиялық шолу


                                    4-7 сыныптармен



Ұлы Жеңіс Жаңғырығы

Библиографиялық шолу

Үшінші мамыр күні Бөлексаз орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына  «Отты жылдар шежіресі»  атты көрме жасалып бастауыш сынып оқушыларына  Жеңістің 78 жылдығына орай таныстырып өттілді.     Бесінші  мамыр күні «Ұлы  Жеңіс жаңғырығы» атты библиографиялық  шолу жасалды. Шолуға аулымыздан соғысқа аттанып хабарсыз кеткендер, жаралы болып елге оралған соғыс ардагерлері, Әбішев Қожамберді,  Бейсенов Қойшы,  Әбдімомынов Садыхан, Күлшашарұлы Әбдіманап, Қиқымов Майлыбек, Түнғатаров Айдарбек тағы басқа. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен тыл ардагерлеріміз Әбішева Зина, Әбілжанова Қатжан, Байсенбиева Айша,  Жанбабаева Рағиша,  Қыстықбаев Оразақын, Қыстықбаева Қаныша. Ұқылсаева Күлайша, Түнғатарова Ілімхан, Тоқтасынов Мұқатай тағы басқа ардагерлеріміз мәңгі жадымызда!  

       Аулымыздан майданға аттанған Ораз атаның бейнесі көз алдығы келгенде асыл азаматтығы табандылығы ойға оралады. Нар тұлғалы жан Ұлы Отан соғысына да алғашқылардың қатарында қатысып , ержүректілігімен көрінген.  Жеңіс оңай келген жоқ. Жеңіс оңай келген жоқ. Бақайшығына дейін қаруланған фашистер олермендене алға ұмтылса, беті Сталинград, Мәскеу түбінде қайтқаннан кейінде  жанталаса шайқасты. Сол майдан далаларында болған Ораз Нүсіповтың жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталуы оның батырлығын айқын танытады. 

          -Тылда қалған бала-шаға, әйелдер қайраттана жұмыс істедік, дейді үлкен әулеттің отанасы Қатжан Әбілжанова. –Аяғымызда ағаш табан бәтеңке.сонымен жүріп өгіз,ат арба айдадық.Сөйтіп, сондағы 337 номерлі совхоздың «Талды», «Тұйықбұлақ»фермасының бар жұмысын көтердік.Қажыдық талдық деп қабақ шытқан емеспіз,Жау жеңіліп азаматтар аман қайтса екен деген тілек пен болдық.

    Ия, сол тілек қабыл болып, өскен жеріне табан басқан Ораз ата одан соң еңбектен қол үзбеді.Түтіндерін түзу шығарып 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.

    Аулымыздың   көшелерінің  біріне  Ораз атамыздың аты  беріліп,   Отан соғысы ардагерлеріне   арнап  орнатылған  ескерткіш   монументте  мәрмәр  тасқа   аты  мәңгілікке  ойылып   жазылды.



     Әбішов   Қожамберді  Әлиқожаұлы  туралы   сыр  шерткім  келеді.   Атам Әбішов  Қожамберді  1918   жылы  Кеген  ауданы   Жалаулы  ауылында дүниеге  келген.

  1939   жылы  әскер  қатарына     Отан  алдындағы  әскерлік борышын  өтеп   жүрген  кезінде  1941   жылы  Ұлы  Отан   соғысы  басталып кетуіне  байланысты   соғысқа  ең  алғашқыларының  бірі   болып  аттанды. Майдан  шебінде   өліммен  арпалыса  жүріп   Мәскеу,  Ленинград  қалаларын жаудан  азат   етті.  1942- жылы  зұлым   жаудың  оғы  қолына   тиіп,  ауыр  жарақат   алған  атам  мүгедек  болып   ауылға  оралып ,  еңбек   майданына араласады.

           Жаманбұлақ,  Тасбұлақ   фермаларын  ұйымдастырып  меңгеруші   болып  қызмет  атқарады.   Өзі  құрған  фермалардың   экономикалық – әлеуметтік   жағдайының  өсіп- өнуіне  аянбай   еңбек  еткен.  Қожамберді ата  Отан алдында   сіңірген  еңбегі  үшін   «Ұлы  Отан  соғысының   1  дәрежелі  орденімен» ,   «Ерлігі үшін» , «Фашистік Германиямен соғыстағы жеңіске  жеткендігі үшін» ,  «Жеңістің 20 жылдығы» ,  «КСРО   қарулы  күшіне 50 жыл» ,  «КСРО қарулы   күшіне  60  жыл»,   «Қажырлы  еңбегі үшін»,  «Тың   және  тыңайған  жерлерді   игерудегі  еңбегі  үшін»,   «Еңбек  ардагері»  және   тағы  басқа  медалдармен   марапатталған.

              Еңбек еткен  Бөлексаз   ауылының  орталық  көшелерінің   біріне  аты  беріліп,   Отан соғысы ардагерлеріне   арнап  орнатылған  ескерткіш   монументте  мәрмәр  тасқа   аты  мәңгілікке  ойылып   жазылды.

             Қожамберді ата жұбайы  Зина апа екеуі  он   бір  бала  тәрбиелеп   өсіріп,  немере  көрген   ардақты  әке,  ұлы   бәйтерек.



                                           05.05.2023ж

                  Кітапханашы Г.Балтабаева