"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мұратбеков "Жабайы алма" кітабын 5 сынып оқушылармен талдауы
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Халелқызы
С.Исаева
С.Мұратбеков
Жабайы алма
Танымдық әңгіме
5- сыныптармен
С.Мұратбековтың «Жабайы алма»
Сайын Мұратбеков 1936-2007 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған,1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
Қазір мені сіздерге айтқым келіп отырғаны, Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" шығармасы. Бұл әңгіме соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы. Сонау сорапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі балалар мен үлкендердің тұрмыс-тіршілігіндегі ұқсас жайттарды көзі қарақты, зерделі оқырман тап басып тани қояры ақиқат. Бұл шығарма бүгінгі кезең шындығымен астарласып жатқанымен құнды...
Мен бұл кітапты оқыған алғашқы парақтарынан-ақ оның қызық кітап екенін байқадым. Осы кітапты алған күннен бастап, 3 күн ішінде бітіріп тастадым. Өзіме қатты ұнады, әсері ерекше. Сіздерге де оқуға кеңес беремін)
« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара
АНЫҚТАМА
Бөлексаз орта мектебінде қарашап айының он екісі күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша С.Мұратбековтың «Жабайы алма» кітабын 5 сынып оқушылармен талдау. Сайын Мұратбеков 1936-2007 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған.
Қазір мені сіздерге айтқым келіп отырғаны, Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" шығармасы. Бұл әңгіме соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы. Сонау сорапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақ пен бүгінгі балалар мен үлкендердің тұрмыс-тіршілігіндегі ұқсас жайттарды көзі қарақты, зерделі оқырман тап басып тани қояры ақиқат. Бұл шығарма бүгінгі кезең шындығымен астарласып жатқанымен құнды...
Мен бұл кітапты оқыған алғашқы парақтарынан-ақ оның қызық кітап екенін байқадым. Осы кітапты алған күннен бастап, 3 күн ішінде бітіріп тастадым. Өзіме қатты ұнады, әсері ерекше. Сіздерге де оқуға кеңес беремін.


Кітапханашы Г.Балтабаева
12.11.2023ж