"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Жүнісов "Аманай мен Заманай" кітабын ұстаздар бастауыш бірлестігі талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Жүнісов "Аманай мен Заманай" кітабын ұстаздар бастауыш бірлестігі талдады.
10
ноябрь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Жүнісов "Аманай мен Заманай" кітабын ұстаздар бастауыш бірлестігі талдады.

                                       АНЫҚТАМА

    «Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұстаздарының бастауыш бірлестігі  «Оқуға құштар мектеп» «Әрбір қазақ оқуы тиіс 100 кітаптан»  С.Жүнісовтың  «Аманай мен Заманай»кітабын талдап көрініс көрсетіп жақсы әсер қалдырды. Адамның жан сезімін көңіл-күйін тікелей сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады. Осы сезім сырын психологиялық мотивировка жағынан шебер суреттеген жазушыларымыздың бірі – Сәкен Жүнісов өмір шындығына қоса оқырман көңілін аялап, сезімге шомылдырып, еріксіз ойға батыратын, мөлдір сағынышқа бөлейтін нәзік сезім иірімдерімен оқырман көңілінен ерекше орын алған.«Заманай мен Аманай» — Сәкен Жүнісовтің табысты туындыларының бірі. Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр беретін повес романға арқау болар ауыр жүкті арқалаған. Бастапқыда, 1987 жылы «Заманай мен Аманай» деп аталатын повесть ретінде жарияланды, кейін едәуір толықтырылды.

 


Кітапханашы  Г.Балтабаева

10.11.2023ж