"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ы.Алтынсариннің "Таза бұлақ" кітабын 4 сынып оқушылары талдады. » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ы.Алтынсариннің "Таза бұлақ" кітабын 4 сынып оқушылары талдады.
23
ноябрь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ы.Алтынсариннің "Таза бұлақ" кітабын 4 сынып оқушылары талдады.

           «Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм                                      

      «Келісемін»                                                                               « Бекітемін»

         Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

         Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                                        Ә.Халелқызы

         С.Исаева




                   Ы.Алтынсарин

          

            Таза бұлақ



                   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында

                    4 сынып оқушыларымен 20 минтут талдау















                                    Кітапханашы Г.Балтабаева

                                         23.11.2023ж



Ы.Алтынсарин 

Таза бұлақ әңгімесі

    Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.

« Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс-шара



АНЫҚТАМА

Бөлексаз орта мектебінде қарашап айының жиырма үші күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша Ыбрай Алтынсариннің «Таза бұлақ» кітабын 4 сынып оқушылармен талдау.   Ыбрай  Алтынсаринның «Таза бұлақ» кітабінен талдау өтті. Оқушылар Ы.Алтынсарин қазақтың  көрнекті ағартушы- педагогы,жазушы этнограф, фольклоршы .Туып өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы,Арқарағай . Осы өңірде Тобыл өзенінің жағасында топырақ бұйырған.Тек қана оқу ағарту жұмыстары емес, сол кездегі қоғамдық саяси өмірге сергек араласып,ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге этнографияға қатысты мақалалар жазды.

      Ыбрай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары,көшелер , жер атаулары көп 

      екенімен танысты. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айтты, әңгімелерін,         

       хаттарын оқып түсінгендерін айтты. Өз ара пікірлерін айтып қызықты  өтті.







 

















Кітапханашы Г.Балтабаева

23.11.2023ж