«Қайсар» ұлдар ұйымы

2021 жылы 12 қазан күні Бөлексаз орта мектебінде 5-11 сыныптарға ауыл инспекторы Азат Қоқанбаев жиналыс өткізді. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. "Кәмелетке толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды. Инспектор оқушыларды қоғамдық орындарда жүріс - тұрыс ережелерімен таныстырып, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін болғаны үшін жауапкершілік туралы айтты. Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.