"Мектепке жол" акциясының есебі
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар есебі
Білім басқармасы ҚР Оқу –ағарту министрлігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №6-15-2/3135-И хатын басшылыққа ала отырып 2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтарымен мүдделерін қорғау қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізілуде.
Акцияняң ұраны : Мектепке жол –Шекарасыз жақсылық.
Акция мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция басталуы.2022 жылдың 1 тамызнан, аяқталуы-2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.
22.07.2022ж. «Мектепке жол» акциямяздың мектепшілік бұйрықғы мен жоспары жасалынып бекітілді. Сайыттар мен парақшаларға «Мектепке жол» акция жайында мәлімет алып немесе көмек сұраймын деушілер үшін хабарландыру жарияланды.
Сілтеме : https://www.instagram.com/p/Cg16VO4I3WK/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Мектептің фойесінде Республикалық «Мектепке жол» акциясының басталғандығы жайында баннер құрылды.

Қайырымдылық қорынан 4-көп балалы отбасыға сумка, оқу құралымен берілді.
ҚР Үкіметінің 08.08.2022 жылғы № 544 қаулысына сәйкес 2022 жылғы тамыз айнада аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп формасын сатып алуға, ата-аналарға шығындарды өтеу (ақшалай өтемақы) берілді.
Мектебімізден 16 – оқушыға ақшалай көмек және мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
22. 08. 2022ж. Мектебіміздің Психологі Темірбек Тоғжан қайырымдылық жасап көп балалы отбасынан шыққан 8-сынып оқушысы Мұқатай Шолпанға күздік курткажәне кастюм алып берді.

Акция мақсатын іске асыру барысында мектеп оқушыларының ішінде мұқтаж деген оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді. 25-ші тамыз күні мектеп психологі Темірбек Тоғжан Ернатқызы Балаусаға оқу құралын, Абдикамал Толғанайға спорттық аяқ киім алып берді.
25.08.2022ж. Кеген ауданы Бөлексаз орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы жүргізілуде. Бөлексаз ауылдықаналар кеңесінің төрайымы Г.Жлангозина , кәсіпкер М. Сманова , аға ұстаз Алтаева және Г.Елжанова ,Н.Елиманова, М.кайырова , Т.Мукашева , А.Байбукаева , А.Туркімбековалар сынды ұстаздарға айтар алғысымыз шесіз. Балалар жылы аясында өткізіліп жатқан «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық» барысында оқушыларымыз оқу-құралдарымен, қажетті киім –кешектермен қамтамасыз етілді. Метеп сайыттарында жарияланды https://www.instagram.com/p/Chqph3eIRnF/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

05.09.2022ж Бөлексаз орта мектебінің кітап ханашысы Балтабаева Гүлзира 8-сынып оқушысы Мұқатай Шолпанға Ертегі кітап сыйлады. Мектебімізде барлық оқушы 100% кітаппен қамтамасыз етілді.

15.09.2022ж Оңалбаева Алия, Болатжанұлы Руслан қамқорлық акциясында ақшалай көмек көрсетті. Қорға жиналған ақшаға аз қамтылған , көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айрылған) балаларға киім – кешек алып берілді.

Аз қамтылған , көп балалы және жетім (немесе қамқоршысынан айрылған) балалар анықталды. Бұл балаларға оқу қорынан көмек көрсетіліп, арнайы санатқа жататын оқушылардың тізімі анықталып қазіргі таңда 77 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді
«Мектепке жол –Шекарасыз жақсылық» атты акциямыз жыл бойы жалғасын табады.
Балалар жылы аясында жағдайы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлағынсыз қалған балаларымызға жақсылық жасап , ізгі істерімізбен таныла берейік ағайын.
Әлеуметтік педагог: А.Джаздықбаева




