"Мектепке жол" республикалық акцисы туралы анықтама
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Мектепке жол» республикалық акция туралы
Анықтама
Алматы облысы әкімінің орынбасарының 24.07.2023 жылғы хатына сәйкес Алматы облысы білім басқармасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жақсылық жаса» атты айдармен өткізілуде. Акция 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Акция мақсатын іске асыру барысында мектеп оқушыларының ішінде мұқтаж деген оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді. Атап айтсақ депутат Алмас Тілеулиевтің демеушілігімен көп балалы отбасынан шыққан 1-сынып оқушысы Қасымхан Мадинаға (юбка, кофта, туфли мен спорттық киім) алып берді. Математика пәнінің мұғалімі Абыханова Арайлымның демеушілігімен 7-сынып оқушысы Шәріпбек Айданаға спорттық киіммен, спорттық аяқ киім алып берді. Кәсіподақ атынан 1-сынып оқушысы Жанат Хан-Керейге сумка, 3-оқушыға спорттық аяқ киімдер берілді. Ауыл азаматы Ерболатұлы Ерғанаттың демеушілігімен бастауыш сынып оқушыларына оқу құралдарын алып берді. Құныпияев Серіктің ұйымдастыруымен ауыл әкімшілігінің атынан бастауыш сынып оқушыларына оқу құралдарын табыстады. «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мектеп ұжымын осы акцияға ат салысуға шақырамын
Әлеуметтік педагог: Шыныбаева Б