[Р] дыбысын машықтандыру.
Күні:18 .10.2022 жыл
Логопед маман: Байбуқаева Айдана
Бөлімдері: Тіл дамыту
Қатысушы бала саны:1
Тақырыбы: [Р] дыбысын машықтандыру.
Мақсаты: Артикуляциялық, фонематикалық ұсақ қол моторикалық жаттығуларды жасата отырып «Р» дыбысына машықтандыру.
Жетістік криткерийлері: Өткен дыбысты біледі, таниды,ажыратады.
Ойлау деңгейлері: Білу, түсіну,қолдану
Бағалау критерийлері:Дыбысты айтуға талпынысы бар.Артикуляциялық қимыл-қозғалысы ширақ,тыныс дұрыс диафрагмалы. Фонематикалық есту арқылы дыбысты ажырата алады.
Көрнекіліктер: Айна,артикуляциялық жаттығулар үлгісі,сюжетті суреттер, дыбыстар мен әріптер,ұсақ қол маторикасын дамытуға арналған дидактикалық материалдар.
Іс – әрекет кезеңдері | Логопедтің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Ынталан дырушылық Ұйымдас- тырушылық ізденіс | Психологиялық сәт. Амандасу сәті: -Сәлеметсің бе Нұрсұлтан! -Сәлеметсіз бе,апай! -Бүгінгі көңіл-күйің қалай? -Жақсы! -Ал,ендеше сабақты бастауға дайынсың ба? -Дайынмын. Р дыбысының профилі \ Р дыбысын фазл арқылы құрайды.\ Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. Жаңа сабақ. : [Р] дыбысын машықтандыру.
Қәнеки,менімен бірге қайтала. Жарайсың,ал енді тағы бір жаттығумызды орындайық.Олда тіл арқылы жүзеге асады.
Тіл ұстарту жаттығуы. Ра, ре , ро буындары арқылы жылдамдықпен айтып үйрену Сергіту сәті.Қанат қағам жалма-жан Талпынғандай ұшуға, Иіліп қол созамын, Аяғымның ұшына. Олай болса,Нұрсұлтан сергіп алдық. Миға шабуыл. Саққұлақ әдісі. -Ненің суреті? - Ит - Ит қандай жануар? - Үй жануары - Қалай дыбыстайды? - Ырылдайды. РРРР! Айтылым. «Қарға »тақпағы Қарға,қарға,қарғалар. Қар үстінде жорғалар, Шаң тозаңы қағылар, Көбік қарға шомылар Құндыздай жүні құлпылар, Қызынып буы бұрқырар. Қарқ-қарқ етсе қарғалар, Қар үстінде қар жауар. Тақпақты айта отырып р дыбысын дұрыс айтылуына мән беру. | Бала өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді Ррр Ддд-дыбыстары арқылы жасалады Бала артикуляциялық жаттығу жасайды. Бала ермексазбен түстерді ажыратады және қолына жаттығу жасалады. Бала алақанда қарандашты ысқылайды. Бала қайталайды, әрі жылдам айтады. Миға шабул әдісі. Бала қойылған сұрақтарға жауап береді. Бала тақпақты логопедтің көмегімен қайталайды |
Ендеше келесі тапсырмамызды орындайық. Жұмбақ шешу Өрікте бар көріңдер Бөрікте бар көріңдер Бұл қай әріп екенін , Өздерің тауып беріңдер \ оқушы берілген жұмбақтың жауабын табады\ Дәптермен жұмыс Р дыбысын жекелей жазу, буындар арқылы жазу | Оқушы жұмбақтың шешімін табады Дәптермен жұмыс. | |
Рефлекстік - жинақтаушы | Балаға видео арқылы түсініктеме беріледі. Р дыбысынан келетін сөздерді айта отырып жіпке тізу. Сонымен,саған бүгінгі сабағымыз ұнадыма? Бүгінгі сабақта қандай дыбыс өттік? Жарайсың,Нұрсұлтан! Сен бүгін сабаққа белсенді қатыстың.Олай болса, саған арнайы дайындалған сыйлығымды бергім келеді. Үкімен кері байланыс Үйге тапсырма: Тақпақ жаттау. «Қарға »тақпақ | Р дыбысынан келетін сөздер бойынша видео қойылады,бірге орындайды. Бала Р дыбысынан келетін сөздерді айта отырып жіпке тізеді. Бала сұрақтарға жауап береді Балаға тақпақ үлестірме қағазымен беріледі. |
Күтілетін нәтиже
Білу:Р дыбысын дұрыс айтылыуы жүргізілді.
Игерді:Р дыбысы жайлы білімі кеңейді.
Меңгерді:Тақпақ жаттау. Әңгімелеу жүргізілді.