Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыстарын түзету жұмыстарын жүргізу » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2022

Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыстарын түзету жұмыстарын жүргізу


Бекітемін                                            Келісемін

Мектеп директоры                              Директордың оқу ісі жөніндегі

 _____ А.Халелқызы                           орынбасары:_______  К.Нүсіпакынова                    «_____»________2022ж                      «___»_______ 2022ж







«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   КММ   




Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыстарын түзету жұмыстарын жүргізу













                             2021-2022 оқу жылы


Жеке логопедиялық түзету  бағдарламасы


                     Сағат - 72 сағат

Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыстарын түзету жұмыстарын жүргізу

Баланың аты-жөні:

Түзету жұмысы: Көмейлік Р-Рь (вибрациялық) дыбыс

 Мектеп-логопеді :   А.Байбуқаева 

 Тақырыбы

Сағат 

Күні

Логопедиялық түзету

1

Зерттеу кезеңі

4



Баланың сөйлеу тілін,

- фонетика-фонематикалық, 

-грамматикалық сөз құрылымын;

- сөзді, дыбысты, сөз байланыстыруын, 

-оқуға, жазуға     деген ынтасын зерттеу 

Дайындық кезең

2

Дайындық кезеңі


8


-Логопедиялық сабаққа     деген қызығушылығын ояту;

-Есту қабілетін дамыту;

-Ойлау қабілетін дамыту;

-Фонетикалық –фонематикалық түсінігін ойын арқылы қалыптастыру;

-Р дыбысына байланысты артикуляциялық жаттығуларды қалыптастыру;

-Ұсақ қол моторикасын дамыту жаттығулары;

-Логопедиялық үйретілген дыбыстар мен әріптерді қолдана білуге қалыртастыру;


2

Дыбысты қою кезеңі

Дыбысты қою (Р)

6


Артикуляциялық сөйлеу тілінде Р дыбысын қою



-Р дыбысын жеке айтуға дағдыландыру

6


Дыбысты  жеке айтуға дағдыландыру

3

Дыбысты буында айтуға дағдыландыру

8


Р дыбысын анық буында айтуға қалыптастыру

4

Р дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

6



Р дыбысын анық айтуға;

-буынға бөліп айтуға жеке түрінде көпше түрінде айтуға дағдыландыру



5

Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандыру

16


-Сурет арқылы буында сөйлеу тілін дамыту;


-Сөйлеу тілін сөзде, сөйлемде  дамыту;


-Сөйлеу тілін мәтінде оқыту арқылдамыту;


-Сөйлеу тілін жұмбақ шешу арқылы ойын есте сақтауын дамыту;


6

Р дыбысын сөздің басында, ортасында , сөздің аяғында келетін сөздерде дұрыс айтуын машықтандыру

8



Р дыбысын мәтін ішінде дұрыс айтуға; 


-Тақпақты мәнерлеп оқуында;


-әңгіме дұрыс құруында;


-Р-Л дыбыстарын ажыраты білуге үйрету;


7

Р дыбысын басқа дыбыстармен ажыратылап айтылуын машықтандыру


8




-Қойылған дыбысты мәтін ішінде ;

-тақпақ ішінде;

-Сөз ішінде;

-Сөйлем ішінде ;

- Мақал-мәтел жаңылтпаш ішінде;

-Жалпы байланыстарып айтуын машықтандыру;

8

Жылдық зерттеу

2


Қорытынды 




Мектеп –логопеді:                 А.Байбуқаева




















Логопедиялық   сабақ   жоспары


Күні: 

Зерттеу кезеңі. Сөйлеу тілінде Р-Рдыбыс бұзылыстары бар оқушыны зерттеу

Тақырыбы: Зерттеу кезеңі.  

Мақсаты: -Сөйлеу кемшіліктерін жою,  белсенді сөздік қорды молайту.

Көрнекіліктер: Айна, профиль, артикуляциялық жаттығулр үлгісі, сюжетті суреттер, дыбыстар мен әріптер, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған дидактикалық 0

материалдар,


Іс- әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеттері

Балалардың

іс-әрекеттері

Ынталан-дырушылық

Алфавиттік карта.

 Сөйлеу тілін  –жетілдіруде ең басты тұрмыстағы сөйлеу қатынасына ерекше көңіл бөлу керек. «Ауыру қалсада, әдет қалмайды»-дегендей күнделікті өмірде қате сөйлеп үйреніп алсаңыз , қанша дайындалып ескергеніңізбен көпшілік алдына шыққанда сол әдетті қоя алмайсыз.

Қалай ойлайсыңдар, бүгін не туралы әңгімелесеміз? (Ойыншықтар туралы) Сұрақтар

Ойыншықтарға нелер жатады? Т.б

Балалар 

ойыншықтар

туралы өз білгендерін айтады. Балалар логопедпен бірге ойыншықтар

мен танысып отырып сөйлеу тілін зертеу

Ұйымдас-

тырушылық-

ізденіс

2. Пирамида балаларға көрсетіледі.

-Пирамиданың бөлімдерін атайық.

-Пирамидада қандай түстер бар?

-Пирамида неден жасалған? 

3. «Ойыншықтар дүкенінде». Дидактикалық ойын. 

Есте сақтау 

4. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді. 

5. Тақпақ.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.

Балалар пирамиданың бөліктерін, түстерін атады.



Балалар өз орындарында тұрып сергіту сәтін көңілдене орындады.


Тақпақты жаттау.

Рефлекстік-

жинақтаушы

Қорытынды

Жұмбақ шешу: 

Ұрып қалсаң, кері атып,

Оралады өзіңе,

Көрсе досың бері атып,

Қайтып барар өзіңе. (Доп)

Ойыншықтардың атауларын олардың түрлерін ажырата білу. 

Жұмбақты шешті, ойыншықтар туралы біледі.


Атауларын атады, ажырата білді.

Күтілетін нәтиже

Білу: Ойыншықтар туралысөйлеу тілі зерттелді.

Игеру: Ойыншықтар туралы  әңгіме сұхбат жүргізілді. 

Меңгеру: Тақпақ жаттау. Әңгімелеу.

Тексерілді:



Логопедиялық   сабақ   жоспары

Күні: 

Дайындық кезең:

 Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыс бұзылыстарын жекешелеу

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты: -Сөйлеу кемшіліктерін жою,  белсенді сөздік қорды молайту.

Көрнекіліктер: Айна, профиль, артикуляциялық жаттығулр үлгісі, сюжетті суреттер, дыбыстар мен әріптер, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған дидактикалық материалдар,


Іс- әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеттері

Балалардың

іс-әрекеттері

Ынталан-дырушылық

Алфавиттік карта.

 Р дыбысының профильі

Р дыбысын жекешелеу

Арикуляциялық жаттығулар;

«Күрекше; Ине; Кесе, Сағат, Ат шауып келеді» т.б1

-1-тәсіл р-р дыбысын айтқызу ; 

-2-тәсіл д-д-д-д дыбысын айтқызу

Тілді жоғары көтеріп ұстап тұруын     талап ету.

Балала артикуляциялық жаттығуларды орындайды.

Ұйымдас-

тырушылық-

ізденіс

Ұсақ қол саусақ моторикасын дамыту жаттығулары;

2. Пирамида балаларға көрсетіледі.

-Пирамиданың бөлімдерін атайық.

-Пирамидада қандай түстер бар?

-Пирамида неден жасалған? 

3. «Менің отбасым». Дидактикалық ойын

Отбасы мүшелерін атау

Үлкен адамды кім деп-атайды.

Есте сақтау жаттығулары;

4. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді. 

5. Тақпақ.

Өлең қай әріп туралы?

Сөз ішінде сыйым боп,

Жазылсам да әр дайым.

Айтылуым қиын –деп,айғырады Р-әріпі

Балалар пирамиданың бөліктерін, түстерін атады.


Дидактикалық ойын ойналды.



Балалар өз орындарында тұрып сергіту сәтін көңілдене орындады.


Тақпақты жаттау.

Рефлекстік-

Жинақтаушы

Қорытынды

Р дыбысын созып айт

Үйренем ,-деп,- қалайда

Булықтым да терледім,

Тілім менің алайда,

Р дыбысыныа келмейді

Р дыбысын созып айттып дайындалды.



Күтілетін нәтиже

Білу: Р дыбысының дұрыс айтылыуы жүргізілді

Игеру: Отбасы туралы  әңгіме сұхбат жүргізілді. 

Меңгеру: Тақпақ жаттау. Әңгімелеу жүргізілді.

Тексерілді:



Логопедиялық   сабақ   жоспары

Күні: 9-10 апта

11-12 апта

Дайындық кезең: Сөйлеу тілінде Р-Рь дыбыс бұзылыстарын жекешелеу

Тақырыбы. Жемістер 

Мақсаты: -Сөйлеу кемшіліктерін жою,  белсенді сөздік қорды молайту.

Көрнекіліктер: Айна, профиль, артикуляциялық жаттығулр үлгісі, сюжетті суреттер, дыбыстар мен әріптер, ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған дидактикалық материалдар,


Іс- әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеттері

Балалардың

іс-әрекеттері

Ынталан-дырушылық

Алфавиттік карта.

 Р дыбысының профильі

Р дыбысын жекешелеу

Арикуляциялық жаттығулар;

«Күрекшк; Ине; Кесе, Сағат, Ат шауып келеді» т.б1

-1-тәсіл З-З-З дыбысын айтқызу ; 

-2-тәсіл д-д-д-д дыбысын айтқызу

Тілді жоғары көтеріп ұстап тұруын     талап ету.

Мен бастаймын сен «Р» дыбысын қосып аяқта

Та

ррр

Бо

рррр

Қа

рррр

ба

ррр

Балала артикуляциялық жаттығуларды орындайды.



Р-р-р

Д-д-д дыбыстары арқылы жаттығу жасалды


Бала Р дыбысын қосып аяқтау


Ұйымдас-

тырушылық-

ізденіс

Ұсақ қол саусақ моторикасын дамыту жаттығулары;

2.Сіріңкенің шиларын жинап  қорапқа сал.

3. «Жемістер». Дидактикалық ойын

Р дыбысы бар жеміс- жидекті жинап кезеге сал;

Олардың түстерін ата;

Есте сақтау жаттығулары;

4. Сергіту сәті.

Р дыбысын жекешелеу

А(р)а-ның ортасында не бар?

Ит қалай ыррылдайды??

Қардың соңында не бар??

Рахат, Раушан, Рамазан қандай дыбыстан басталады? 

5. Тақпақ.

Өлең қай әріп туралы?

Неткен дыбыс қырсыққан,

Неткен әріп сиқырлы...

Ызаланып ,тұмсықтан 

Теуіп қалдым итімді

Қабуға тиім аз-ақ қап:

-РР-РР- РР-деді.

Деп тұрғандай мазақтап:

Осыны да білмедің.

Бала Р дыбысы бар жеміс-жидекті жинап және атап кезеге салып,

дидактикалық ойын ойналды.



Бала Сөз арасында қандай дыбыс барын атайды


Тақпақты жаттау.

Рефлекстік-

жинақтаушы

Қорытынды

Р дыбысын созып айт

Үйренем ,-деп,- қалайда

Булықтым да терледім,

Тілім менің алайда,

Р дыбысыныа келмейді

Р дыбысын созып айттып дайындалды.





Күтілетін нәтиже

Білу: Р дыбысының дұрыс айтылыуы жүргізілді

Игеру: Жеміс –жидектер   туралы   әңгіме сұхбат жүргізілді. 

Меңгеру: Р дыбыына арнайы  тақпақ жатталды. 

Тексерілді