\Мектеп дефектолгының бірінші жарты жылдыққа арналған анықтамасы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2021

\Мектеп дефектолгының бірінші жарты жылдыққа арналған анықтамасы

    

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » КММ бойыншапедагог- дефектологмаманының  2021-2022 оқу   жылындағы 

І-жарты жылдықта атқарған жұмыстары  жайлы

Анықтама

Қазакстан Республикасы Үкіметінің 11.07.2002жылғы  №343 қаулысымен бекітілген «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогикалық түзету» шараларының жоспарын жүзеге асыру мақсатында жоспарға сай жекелей жұмыстар жүргізіледі. 

Мұғалім –дефектологтың жұмысының мақсаты:  Оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту,зақымданған функцияны қайта қалпына келтіру, түзете-дамыту сабақтарын жүргізу. Қоғамдық ортаға бейімдеу-тәрбиелеу.

    Қыркүйек айының 01.09-15.09.2021 ж аралығында балалардың сабақтарынақатысып диагностикалық тексеру жүргізу. Тексеру барысында 10 бала қабылданып оның 7-уі ОПМПК мамандарының тұжырымдамасымен қабылданған ал 3 оқушы  ата-ана өтінішімен қабылданды. Осы қабылданған оқушыларға  өтілетін сабақтың күнтізбелік тақырыптық жоспары бекітілді.Тексеру барысында анықталған балалармен жұмыс жүргізілуде. Осы қабылданған балаларға аптасына 2 рет20-25 минут сабақ өтіледі. 

Танымдық қабілетін дамыту, жазу тілін дамыту,қызықты математика сабақтары өтілуде. Сабақта әр түрлі дидактикалық көрнекіліктер қолданылады , ұсақ және ірі маторикасын дамытуға арналған саусақ жаттығулары жасалынады.  Әр түрлі ойын терапиясын қолданыла отырып сабақ өтіледі.

Мектеп директоры,оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, психолог,дефектолог,логопед, медбике,сынып жетекшісі ата-анасының қатысуымен педконсилиум өтілді.

  



 

Бала бақша тәрбиеленушісі Қайырбек Айсұлтанмен мектеп психологы Темірбек Тоғжан, дефектолог Оңалбаева Әлия, логопед А.Байбуқаева үш маманның  баланы тексеру сәті. 

 

                             Айдын Елиза 1-сынып оқушысы 




 

Топтық сабақ барысында

 

2-сынып оқушысы Байжұма Нұрсұлтанмен сабақ барысында

Сабақ өз уақытында өтілуде.

        Дефектолог  маманының тексеру нәтижесі бойынша анықтама

(Мүмкіндігі шектеулі  оқушыларды оқыту , тәрбиелеу  және әлеуметтік қоғамға тәрбиелеу. Оқушыларды  әлеуметтік ортаға бейімделіп  мектеп бағларламасын игеруіне жәрдемдесу жалпы қол қимылдарын , күш салатын әрекеттерді  дамыту) 

  Айдын Елиза 19.05.2015 туылған 7 жаста. 1 сынып оқушысы невропатологтың тіркеуінде тұрады. Алғашқы тексерудің нәтижесінде оқушының сөйлеу тілінің дамуында төмендегідей ерекшеліктер байқалды: 

  Елиза сөйлей алмауына байланысты өзімен қатарластарына қосыла алмайды, жеке оқшауланып жүреді, жасқаншақтанып қосылмайды. Мінезі өте тұйық тез жылап қалады, бала мазасыз, тез шаршағыш. Берілген сұрақты, нұсқауды түсінеді жауап береді ым арқылы көру арқылы қабылдау әлеуметтіік тұрмыстық бағдар  сенсомоторлық дамыту , кеңістікті  бағдарлау .

Жалпы және ұсақ моторикасы жақсы дамыған. Фонематикалық талдау мен жинақтау дағдылары толық қалыптаспаған.

Импрессивті сөйлеу тілі- жасына сай қалыптасқан. Аталған суреттегі заттарды атап, бөлшектерін көрсете алды. Етістіктердің шақтарын шатастырады (келер шақ, осы шақ, өткен шақ). Сөйлеу тілінде көптік жалғауларды қолдана алмайды.

Бала суретте болған оқиғаны, сюжеттің мазмұнын ашып айтып бере алады.

Оқиғаның негізгі қимылдарын атап шықты.Сөйлемнің грамматикалық құрлымы бұзылған. 

Жоғарыдасипатталған оқушының сөйлеу тілінің даму ерекшелігін ескере отырып  Елиза педагог-  дефектолгтыңтүзету сабағына алынды.





    Педагог-дефектолг:      Ә. Оңалбаева              15.09.2021 ж

     








Дефектолгиялық жұмыстың қорытынды анықтамасы


2020-2021 оқу жылынан бастап 1-сынып оқушысы Мұқатай Айым коррекциялық түзету сабақтарының жүзеге асырылды.

2020-2021 оқу жылынан наурыз айына дейін логопед сабақтарына қатысты.Осы уақытқа дейін Айым арнайы мамандардың көмегін алған емес. Айым келгенде  оқу үлгерімі өте төмен  есте сақтау қаблеті  жоқ тез ұмытып қалады дыбыстарын дыбыстай алмады, сөздік қоры мүлде аз. Бақылаудың қорытындысы бойынша бала аптасына 2 рет дефектолгтың түзету дамыту сабағын орындап жүрді баланың анасы оқыту үрдісіне үлкен жауапкершілікпен қарады.

   Тексерулердің мақсаттары мен міндеттері баланың сөйлеу тілінің бұзылуын айқындау, оның сөйлеу тілінің толық дамымауы дәрежесі деңгейін анықтау.

   Сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығын дамыту. Еріннің, тілдің дұрыс қозғалысын қалыптастыру үшін сабақ барысында статикалық және динамиеалық артикуляциялық жаттығулар орындалып отырды. Нәтижесінде  сабақ үлгерімі бір шама жақсарып келеді . Айым мәтінді оқып түсінгенін қысқа ғана айтып бере алады  себебі сөз қоры мүлде аз . Үлкенін көмегіне мұқтаж

   Фонематикалық түсініктерін қалыптастыру. Буын, сөз, оқуға үйренді, шағын тақпақтар, жаңылпаштар жұмбақтар жаттадық.

   Өз жасына сай берілген мәтіндер, әңгімелерғ сюжеттік картинкалар сериялы картинамен жұмыс барысында өз қатесін өзі табуға үйренеді.

      Айым дыбыстарды толық дыбыстап сөздерде, мәтіндерде толық айтып машықтанды.


    

                    Мектеп дефектолгы :     Ә. Оңалбаева 





        Дефектолог  маманының тексеру нәтижесі бойынша анықтама

(Мүмкіндігі шектеулі  оқушыларды оқыту , тәрбиелеу  және әлеуметтік қоғамға тәрбиелеу. Оқушыларды  әлеуметтік ортаға бейімделіп  мектеп бағларламасын игеруіне жәрдемдесу жалпы қол қимылдарын , күш салатын әрекеттерді  дамыту)                           

  Байжұма Нұрсұлтан 16.04.2013 туылған 9 жаста. 2 сынып оқушысы невропатологтың тіркеуінде тұрады. Алғашқы тексерудің нәтижесінде оқушының сөйлеу тілінің дамуында төмендегідей ерекшеліктер байқалды: 

  Нұрсұлтан   шала сөйлейді  түсініксізымдайды.   Сөйлей алмауына байланысты алмауына . байланысты өзімен қатарластарына қосыла алмайды, жеке оқшауланып жүреді, жасқаншақтанып қосылмайды. Мінезі өте тұйық тез жылап қалады, бала мазасыз, бір орнында отыра алмайды, тез шаршағыш. Берілген сұрақты, нұсқауды түсінеді жауап береді ым арқылы.көру арқылы қабылдау әлеуметтіік тұрмыстық бағдар  сенсомоторлық дамыту , кеңістікті  бағдарлау .

  Жалпы және ұсақ моторикасы жақсы дамыған. Фонематикалық талдау мен жинақтау дағдылары толық қалыптаспаған.

Импрессивті сөйлеу тілі- жасына сай қалыптасқан. Аталған суреттегі заттарды атап, бөлшектерін көрсете алды. Етістіктердің шақтарын шатастырады (келер шақ, осы шақ, өткен шақ). Сөйлеу тілінде көптік жалғауларды қолдана алмайды.

Бала суретте болған оқиғаны, сюжеттің мазмұнын ашып айтып бере алады.

Оқиғаның негізгі қимылдарын атап шықты.Сөйлемнің грамматикалық құрлымы бұзылған. 

Жоғарыдасипатталған оқушының сөйлеу тілінің даму ерекшелігін ескере отырып  Нұрсұлтан педагог-дефектолгының түзету сабағына алынды.









Похожие публикации:

31 август 2021 Айлық,апталық