"Бөдене мен түлкі"ертегісін 3б сыныбы талдады » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2024

"Бөдене мен түлкі"ертегісін 3б сыныбы талдады

«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»   коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы


АНЫҚТАМАСЫ

 Бөлексаз орта мектебінде жиырма үшінші  қаңтар күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3б сыныптарымен «Қазақстан халық ертегілері» кітабынан «Бөдене мен түлкі» ертегісін оқып талдады. Ертегіде  баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады

– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді. Бөдене:

- Жарайды, соңыма ер, — дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. мен сені қазір күлдірем,– дейді. Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп:– Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сулап қалады. Түлкі ішек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:

– Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:– Жарайды. Көзіңді  тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді. Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлдене уақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып:– Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығын жұлып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен.

 

                                            

                                           Кітапханашы Г.Балтабаева

                                                   23.02.2024ж