"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ер төстік" ертегісін 4 сыныптармен талдау
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде жиырма бесінші қаңтар күні кітапханада «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 4 сыныптарымен «Қазақ ертегілері» кітабынан «Ер төстік» етегісін талдау. Ерназар деген байдың 8 ұлы болыпты. Жұт жылы 8 ұл жоғалып кетеді. Ерназар мен бəйбішесі жейтін тамағы болмай қатты ашығады. Содан керегеде ілулі тұрған кер биенің төстігіне көздері түседі. Ерназар қуанып кемпірін шақырады. Содан кер биенің төстігін жеген кемпірі жүкті болады. Өмірге ұл бала келеді. Ерназар мен кемпігі оған Ер Төстік деп ат қояды. Ер Төстік өзгеше бала болып, бір айдв бір жасқа, екі айда екі жастағыдай бір жылда он бестегі жасөспірім бала болады. Төстік 8 ағасын іздеп жолға шығады. Ер төстік сегіз ағасын тауып елге оралады. Сөйтіп ерназар 9 ұлын үйлендіреді. Ерназар Сорқұдықтың басында кездескен жалмауыз кемпірге Ер Төстікті беруге келісіп, сол жерге егеуін тастап кетеді. Ер Төстік сол егеуді іздемек болып Сорқұдықтың басына барады. Ер Төстік жалмауыз кемпірден қашып жер астына түседі. Жер астының ордасы жылан Бапы ханмен достасып, Темір ханның қызын алып беруге аттанады. Осы жолда өнерпаздармен жолығып, Темір хан мен Кеще ханды жеңіп жер бетіге шығады. Жер бетіне шыққаннан кейін, жалмауыз кемпірдің баласы Шойынқұлақты жеңіп еліне оралады.


25.01.2024ж
Кітапханашы Г.Балтабаева