Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасынан 5 сынып оқушылары көрініс көрсетті
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдык мемлекеттік мекемесі
"Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Халелқызы
С.Исаева ---------2024ж
Балалар әдебиетінің бәйтерегі.
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына –100 жыл /әдеби кеш/
Сынып жетекшісі:Жиенбаева Ж.Д
Кітапханашы: Балтабаева Г.Б
5 сынып
Мақсаты:
1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру;
2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Түрі: Әдеби кеш.
Көрнекілігі: Тақырыбы ілінеді. Интерактивті тақта, «Менің атым Қожа» фильм таспасы, «Менің атым - Қожа» фильмінен алынған суреттер.
Жоспары:
1. Ақынның өмірі мен шығармалары
2. Кітаптарына мазмұндама беру.
3. Арнау өлеңі
4. «Қожаның тентектігі» шағын көріністер – 5 сынып оқушылары.
5. Көрермендермен сұрақ-жауап
6. Хор «Туған ел»
Қорыту.Кітапханашы Балтабаева Гүлзира
Мұғалім
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кешімізге хош келдіңіздер!
(Бердібек Соқпақбаев туралы слайд көрсетіліп тұрады).
Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз:
Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған. Шығармашылық жолын өлеңмен бастап, 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20 - дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» және «Қайдасың, Гауһар» секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б. Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білген жазушы әрбір шығармасында өзі туып өскен Нарынқол таулы өңір табиғатының жанды суреттерін оқырманға үлкен шеберлікпен жеткізе білген. Б. Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзің күнде көріп жүрген адамдардай Беркен, Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады...
Кәусар:
Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз, деп жазған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы.
Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті.
Аяжан:
Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. "Балалық шаққа саяхат" повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.
Е.Алихан:
Бердібек салған соқпақ
Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін түсіп, оны 1949 жылы аяқтады. Содан кейін Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген.
Институт бітірген соң Бердібек Бәшен атты қызға үйленді. Аз уақыттан кейін ол шәкірт тәрбиелеуге ден қойған. Еңбек жолын өзінің туған өлкесі Нарынқолда бастады. Біраз жыл ауыл мектебінде ұстаздық етті.
Нұрәлі:
Балалармен бірге жұмыс істегені оның балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелуіне ықпалын тигізді. Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастады. Олар "Лениншіл жас", "Қазақ пионері", "Пионер" журналдарында басылып тұрды. 1950 жылы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған.
Күшігім менің саққұлақ,
Келеді әне шапқылап,
Сақтығыңды көрейін,
Қойшы атайға берейін, деген мектеп оқулықтарындағы өлеңнің авторы да Соқпақбаев.
Айым:
Бердібек Соқпақбаев өлеңнен прозаға ауысты, сол екі қасиет біріге келе сценарий жазатын болған. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген "Менің атым Қожа" фильмінің сценарийін жазды. 1963 жылы экранға шыққан бұл туынды қазақ кино өнерінің бойтұмарына айналды. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор болып жұмыс істеді.
Ақниет:
Көргенін көркем суреттеп, көз алдыңа елестетіп жан бітіретін жазушылық қасиетінің арқасында балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат" повестері балаларға арналса, "Бозтөбеде бір қыз бар" жасөспірімдерге, "Өлгендер қайтып келмейді" романы ересектерге арналып жазылған. Оның "Қайдасың, Гауһар" повесінде жазушының бірінші әйелі Бәшенмен тұрған кезі, басынан кешкен оқиғалары қаз қалпында бейнеленген.
Айкөркем:
1967 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында өткен халықаралық фестивалінде "Менің атым Қожа" фильмі арнаулы жүлдеге ие болды. Сол арқылы жер жүзінің киносүйер қауымы қазақ елінде кино өнері бар екеніне көз жеткізді, сол арқылы Қазақстанның табиғатын, болмысын білді. Фильмнің шыққанына жарты ғасырдан асса да, көрерменін әлі жалықтырған жоқ.
Ақын жазушы кірпатарына талау жасаап өтейік.
- «Менің атым Қожа» - Ақмейір
- «Өлгендер қайтып келмейді» - Айару
- «Балалық шаққа саяхат» - Бүлдіршін
- «Қайдасың Гауһар» - Азамат
- «Жекпе-жек» - Бегарыс
Мұғалім:
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену, ерекше таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай дарындарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап, Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин т. б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.
Ендеше келесі кезекте сүйіндік Әлихан
Бейсебай Кіріспайұлының Бердібек атамызға арнау «Бәйтерек» өлеңі.
Бала шақты кестелеген тілі нық,
Бір болса егер - осы болар ірілік:
Ұландары отызыншы жылдардың
Қайта келер көз алдыңа тіріліп.
«Бастан кешкен» шындық шымыр екшеліп,
Кітап болып бізге жетті естелік.
«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған
Талай мықты жатты құлап, сескеніп.
Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,
Экранда – туған өлке, бақ, қырат...
Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға
Келеді әне Қара Қожа шапқылап!
Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің,
Бірге жасап, бірге жылап, күлесің.
«Сөз қадірін білген шебер екен!» деп,
Өз қадірін Бекеңнің де білесің.
Ту етіпті тектілікті бұл ағай,
Пір еткені қара шалың - Ұлы Абай!
Тік қалпында мәңгі жасай береді
Бәйтерегі Берді - ағаның құламай!
Ия керемет жазылған арнау екен. Олай болса келесі кезекте Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» филімінен қысқаша үзінділерді тамашалайық.
5 сынып оқушылары
- 1 көрініс
- 2 көрініс
Көрермендермен «Күн шуағы» әдісі арқылы сұрақ жауап
Қожа неліктен газетті соңынан бастап оқиды?/Арты немен аяқталғаны қызық/
Педсоветте не талқыланды? /Қожаның тәртібі/
Қожаның анасының есімі кім? / /
Фильм қай жылы жарық көрді? / 1963жылы/
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі кім? /Рахманов/
Сынып жетекшісінің есімі кім?/ Майқанова/
Қожаның сотқар досы кім?/ Сұлтан/
Фильмдегі Қожаның сүйікті мұғалімі кім? /Рахманов/
Майқанова Қай пәннің мұғалімі? /Қазақ тілі/
“Менің атым Қожа” повесінің авторы кім? /Б.Соқпақбаев/
Қожа неге тентектік жасайды? /Қызық болсын деп/
Фильімде Қожа кіммен жабық кеңес өткізді?
Хор« Туған ел»
Қорытынды: кітапханашы Балтабаева Гүлзира
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Бөлексаз орта мектебінде ақпан айының он бесі күні 5 сынып оқушылары Б.Соқпақбеквтың «Менің атым Қожа» шығармасынан көрініс қойды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын бірге оқуға «Менің атым Қожа» повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады.Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлеңде шығарады.Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.


Кітапханашы Г.Балтабаева
Сынып жетекші Ж.Жиенбаева
15.02.2024ж