Бөлексаз аулының тарихы » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
апрель
2024

Бөлексаз аулының тарихы

Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

              Бөлексаз аулының тарихы


1929 жылы   Тұйықбұлақ, Жаманбұлақ, Бөлексаз елді мекендері негізінде №337 «Южный» кеңшары құрылған. 1952 жылы №337 «Южный» кеңшары таратылып, оның орнына «Жаманбұлақ», «Бөлексаз» бөлімшелері «Қызылту»   кеңшарына қосылды.

   1965 жылы мұнда «Кеген» ауданаралық мал бордақылау бірлестігі құрылды. Онда Нарынқол және Кеген  аудандарының іріқара малдары бордақыланды. 

Жылына 1300-1400 тонна жоғары қондылықтағы ет өндірілді.

   1991 жылы «Бөлексаз» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі құрылды.

    Мұндағы шаруашылықты әр жылдары Ә. Күлша-шаров, Ә.Әзімжанов, Ж.Мырзагелдиев, Ж.Әуезханов, О.Садықов, А.Алмабеков, Б.Жұмаділов сынды азаматтар басқарды.

    Жоғарыда айтқанымыздай, Бөлексаздың аты осында мал бордақылайтын шаруашылық құрылған кезде алысқа жайылды. Бұл тұста шаруашылықты іскер ұйымдастырушы  Әбдімүтәліп Әзімжанов басқарған еді. Еңбек адамына ерекше қамқорлық жасап, жұмысқа жұмылдыра білген ол жаңа жобалы үйлермен қатар, комплексті мал баздарының салынуына жетік көңіл бөлді. Сөйтіп ет өндірудің еселеп артуына қол жеткізді. 

     Бөлексаз ауылында механизатор болып ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Қанат Нұрсейітов пен Сатымбай Әбдімомынов Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медалдармен марапатталса, жүргізуші болған Жеңіс Жанбабаев «Данқ» орденімен, бірнеше медалдарды иеленді.

     Ұлы Отан соғысына Бөлексаздан 87 азамат майданға аттанса, 43 қайтпай қалды. 1987 жылц совхоз төрағасы Б.Жұмаділовтың, селолық кеңес атқару комитетінің төрайымы Р.Бақбатырованың, партия ұйымының хатшысы А.Аянбековтың қолға алуымен соғыста қаза тапқандарға арналып ескерткіш орнатылды.  Кейін осы ескерткіш жаңартылып ауыл адамдарының қолдауымен  қайтадан көз тартарлық  зәулім ескерткіш бой көтерді.

      Соғыстан аман-есен келіп кейін қайтыс болған К.Әбішев, С.Райымжанов, М.Қиқымовқа, алғашқы механизатор болған Р.Жанбабаеваға аудан әкімінің шешімімен көше аттары берілді.

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Әбдірахманов осы ауылдың түлегі. Жерлестері әрқашанда  мақтан етеді. Нұрша Оразақынова педагогика ғылымының кандидаты, профессор. Бөлексаздың түлегі Боранбай Кебекбаев КСРО спорт шебері атанды. Темірхан Көбенбаев атты азамат 

математика ғылымының кандидаты.

                Бөлексаз орта мектеп тарихы

Бөлексаз орта мектептің негізі 1929 жылы Талды бастауыш мектебінің негізінен құрылған. Мектеп менгерушісі Әлімғожа Қасенов болды. Осы кездегі алғашқы ұстаздар; Жоламанов Әбдіреш, Бүбін Байтуова,  Исмайлов Наурызбай сияқты мұғалімдер оқушыларға жан-жақты білім беріп, тәрбие жұмысын жүргізді.1957 жылдың сәуір айынан бастап №337-совхоз орталығын бұрынғы тұрған жері Тұйықбұлақтан осы Бөлексазға көшіріп жатты.Бұл жерде 5-6 нашар үйден басқа ешнәрсе жоқ еді.

 Ал мектеп 1956-1957 оқу жылын сол Тұйықбұлақта өткізді.Мектеп директоры ауысып, Қалжатбаев Рабат басшылық жасады. Мектепте оқу жылы аяқталысымен 15.07.1957 жылы аупартком бұйрығы бойынша  Матаев Әбдінұрды осы №337 совхоздың 7-жылдық мектебіне директор етіп ауыстырды.16.07-дан бастап осы мектептің мектеп жасалатын орнын ғана қабылдап алды.мектептің фундаменті ғана құйылған.Мектеп қасынан салынады деген интернет үйін 1/ІХ-на бітіре алмады.1/ІХ-да сабақты көптеген қиындықтар мен өз уақытысында бастадық. Күзде совхоз орталыққа көшіп келе бастады.Халық саны да көбейді.

Бұл кезде мектептің аты №337 совхоздың «7 жылдық» мектебі деп аталатын.

1958 жылдың қаңтар айынан бастап , мектеп коллективінің ұсынысы бойынша жер атына байланысты мектептің атын –Бөлексаз мектебі деп атады.Мұны ауылдық совет атқару комитетінің исполкомы бекітті.

Міне содан бері, 1958 жылдың1/І- айынан бастап «Бөлексаз» сегіз жылдық мектебі деп аталды.

Матаев Әбдінұр мектеп директоры болған жылдары Оқу ісінің меңгерушісі Исмайылов Әбдіреш, оқытушылар; Шарғынов Тұрсын, Сқабаева Ә, Ағыманов Х, Ізбасарова К т.б болды. 15-16 оқытушылар қызмет етті.

Оқушылар саны 250 ден аспады.Ол кезде 15-17 оқушы бір класс комплекстесі бола берін.Сондықтан мектепте 14-17 ге дейін саны болатын.

Матаев Әбдінұр бұл мектепте 1957 жылдың 15/VII-на дейін директор болып істеді.1962 жылдың шілдесінен бастап Кәрібаев Тұрсынбай 1968 жылға дейін мектеп директоры болды.1969 тжылы Дәуітбаев Мұратбек, 1972 жылдан Әбілжанов Бәзіл, 1976 жылдан Нұрпейісов Бейсекерім басшылық жасады.Жүнісов Үмбетжан 1981-83 жылдары мектеп директоры болды.

1983 оқу жылында он жылдық мектеп болып аталып, тазабеков Едіге басшылық жасады.1987-95 жылдары Әбдіхалықов Тұяқ басқарды.1989-1990 оқу жылында 624 балалық жаңа 3 қабатты мектеп пайдалануға берілді.500 баладан аса оқушы оқыды. Аспандиярова Тұрсынғайша 1995-2008 жылдары осы мектепті басқарды.Ол кісінің зейнеткерлікке шығуына байланысты2008-2009 оқу жылынан бастап Оңласынов Айбол Сәкенұлы, 2012-2022 оқу жылында Масимханов Мұратжан Қожанұлы басқарды 2022-2023 оқу жылында Әлия Халелқызы басқарып отыр.



                             



 Бөлексаз орта мектеп кітапханасында   4-сәуір  күні 1-4 сынып оқушыларына «Бөлексаз аулының және мектебінің тарихы»   атты танымдық әңгіме өтті. Аулымыздың қай жылы құрылғаны , алғашқы жылдары қалай аталғаны, қанша дам болғаны,кімдер басқарғаны жайлы. Аулымыздан шықан ардагерлермен, парасатты адамдар жайлы мәліметтер берілді.





 




Кітапханашы Г.Балтабаева

04.04.2024ж