"Ерлік даңқы ешқашан да өшпей" кітап көрме
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бөлексаз орта мектеп кітапханасында 1-9 мамыр аралығында «Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді» атты кітап көрмесі жасалып оқушыларға таныстырылды. Мақсаты: Жеңіс күні – бұл мереке жеңісті ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске алатын күн. Ұлы Жеңіс күні бейбітшілікпен қайырымдылықтың жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.Қойылған көрмеден Ұлы Отан соғысы тарихынан бастап, қатысқан жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар, Жеңіс туралы жазылған еңбектер және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктерімен танысуға болады.


Кітапханашы Г.Балтабаева
02.05.2024ж