Д.Дефо "Робинзон Крузо" танымдық әңгіме 6 сыныптармен » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Д.Дефо "Робинзон Крузо" танымдық әңгіме 6 сыныптармен

Робинзон Крузо өмірде болған ба?

"Робинзонада" жанрының негізі болған роман


 

      Алғаш рет 1719 жылдың сәуірінде оқырманға ұсынылған «Робинзон Крузо» романы оның авторы Даниель Дефоның есімін мәңгілікке тарих бетінде қалдырып  қана қоймай әдебиетте, кейіннен кинематографияда  кинематографияда  «робинзонада»  деген  жанрдың пайда болуына әсер етті. Бұл жанр бір немесе бірнеше адамның белгілі бір себептермен елсіз аралға түскенін, олардың басынан өткен оқиғаны сипаттайды. Оған Жюль Вернның «Тылсым арал» («L’Île mystérieuse»), «Робинзондар мектебі» (L’École des Robinsons), «Екі жылдық демалыс» («Deux ans de vacances»), Редьярд Киплингтің «Джунгли кітабы» («The Jungle Book»), Уильям Голдингтің «Шыбындар әміршісі» («Lord of the Flies»), Янн Мартелдің «Пидің өмірі» («Life of Pi») сынды туындыларын жатқызуға болады. Қазіргі таңда «робинзонадалардың» саны көп және олар Жерді тастап, ғарыштың деңгейіне шығып кеткен. Мысал ретінде Энди Уирдің «Марстық» («The Martian») деген шығармасын айтсақ болады. Бұл кітаптың желісі бойынша 2015 жылы Ридли Скотт аттас фильм де түсірген еді. Жазушы Даниель Дефо.

Көзі тірісіндеДаниель Дефо өзінің болашаққа қандай мұра қалдырғанын ұғынбаған боларБірақ туындысы көпшіліктің ықыласына бөленгенін көріп үлгердіКеме апатынан кейін аман қалып, 28 жыл өмірін елсіз аралда өткізген теңізші жайлы романның жазылуына не негіз болдыСол жайында әңгімелейік.ЖалпыДаниель Дефоның өз өмірі де шытырманға толы болғанОның жазушы ғана емессондай-ақкәсіпкерсаясаткер және тыңшы қызметтерін атқарғаны белгіліТіптіДефоның Англия мен Шотландия арасының жақындауы әсер еткен құпия агенттердің бірі болғанын растайтын деректер де барСол себептіРобинзон Крузоның түптұлғасы жазушының өзі деген болжам роман шыққан бетте ел арасына тараған болатынИәДаниель Дефо кейіпкердің рухани жағдайын сипаттау үшін өзінің ішкі толғаныстарын қосқан боларалайдаол түптұлға емесБұл жайында жазушының өзі де айтады әрі Робинзон Крузо шынында болған және өзімен бір заманда өмір сүргенін растайдыКітап кейіпкерінің түптұлғасы — Александр Селькирк есімді шотланд теңізшісі екен


Александр Селькирктің мүсіні.

Ендешешын өмірдегі Робинзонның тағдырына тоқталайықАлександр Селькирк жас кезінен «Сэнк Порт» («Cinque Ports») ескекті кемесінде қызмет атқарған. 1703 жылы ол атақты Уильям Дампирдің басшылығымен Оңтүстік Америка жағалауларын зерттеу экспедициясына шығадыСапар барысында теңізші кеме капитаны Страдлингпен үнемі ерегесіпсыйыспай жүреді екенКезекті бір сөз таласы кезінде ол капитанға кеменің жағдайы нашарлағаныноған жөндеу қажет екенін ескертедіБірақ Страдлинг бұл сөзге құлақ аспайдыСол кезде Селькирк «Сендермен бұл кемеде ары қарай жүзгеншеелсіз аралда қалғаным артық», — деп ашуланадыКапитан теңізшінің айтқанын екі етпейоны жақын маңдағы Мас-а-Тьерра аралына қалдырып кетедіБасқалары қанша өтінсе де Страдлинг дегенінен қайтпайдыОсылайша қызуқандылығының кесірінен Селькирк елсіз аралда қалыпонда 4 жылдан астам уақыт жалғыз өзі өмір сүредіАлғашында оның жағдайы өте қиын боладыБіраққолда бар балтамылтықоқ дәрі және ұсақ-түйек құрал-сайман теңізшіні аш қалдырмайдыУақыт өте ол айналасын зерттепыңғайлы жерге лашық салыпаралда жүрген жабайы ешкілерді қолға үйретіполардың еті мен сүтін азық етіптерісін киім тігуге пайдаланадыТағдырдың тәлкегі боларарада біраз уақыт өткеннен кейін аралға екі кеме келіп тоқтайдыОл испаниялықтардың кемелері болып шығадыСелькирк адамдарға құшақ жая жүгірудің орнынаолардан тығылудың амалын іздейдіӘринеондай шешімді қабылдау оңайға соқпадыБірақамал нешікБұл Англия мен Испания соғысып жатқан заман еді.Испания кемелері кеткеннен кейін қанша уақыт өткені белгісізәйтеуір, 1709 жылдың 1 ақпанындаМас-а-Тьерраға тағы бір кеме келедіБұл ағылшындардың капитан Вудс Роджерс басқаратын «Герцог» кемесі болатынСелькирк өз жерлестерін көргеніне қуаныполармен бірге еліне оралады.

Қызықты деректер: «Сэнк Порт» кемесі Селькирк айтқандай теңізге батыпапаттан тірі қалған экипаж мүшелері испаниялықтардың тұтқынына түседі.

Александр Селькирк аралда 4 жыл, Робинзон Крузо болса, 28 жыл өмір сүреді.

Робинзон Крузо аралда түрлі шытырманға тап болып, рухани жаңғырып, оқиға соңында кемелденген адам болып шығады. Ал, Александр Селькирк, керісінше, жалғыздықтан жабайы адамға айналып кете жаздайды.

Мас-а-Тьерра аралының атауы 1966 жылдан бастап Робинзон Крузо деп өзгертілді.

Александр Селькирктің құрметіне аталған тағы бір арал Мас-а-Тьеррадан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.

Британиялық археологтар Александр Селькирктің тұрағы болған жер мен лашығын 2008 жылы тапты.

Қазір Мас-а-Тьеррада бірнеше елді-мекен бар. Жалпы саны 700-ге жуық адам өмір  сүреді.


   







«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарған іс-шарасы жайлы




                                    АНЫҚТАМА



    17.03.2022 жылы Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты кітабынан 6-8 сынып оқушыларымен Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары жасөспірімдерге арналған шығармадан танымдық әңгіме өтті. Адам аяғы баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінің, бүкіл жүріп өткен жолын қайта өткеріп.  өз тіршілігін қалпына келтіреді . Еріксіз жалғыз ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп , құдай жолына түседі. Жүрегіне иман орнап жаны тыныштық тапқан Крузо қауіпті де, алмағайып жалғызілікті ғұмырды да, пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп береді. Адамның ақылы – парасаты мен ерік-жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының әдеби көркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып беру арқылы романды толықтырып өз пікірлерін  айтты. 

                                                                             Кітапханашы ;   Балтабаева Г