"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Мақатаевттың "Мұқағали -мәңгілік ғұмыр" поэзия сағаты 8 сынып оқушыларымен шолу 8 сынып оқушыларымен
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
поэзия сағаты
8-сынып
Кітапханашы Г.Балтабаева
07.02.2023ж
«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мақсаты:
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу
б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
3. «Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы слайд көрсету)
4. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерінің мәнерлеп оқу)
5. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін тыңдату)
1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді.
1-оқушы.
Қайран қара сазым –ай!
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап мәз болған
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтаңдар көлбеңдеп,
Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана торпақ шапқылап,
Оқыралап, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап мәз болған,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!...
1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.
Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.
Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
1-жүргізуші: Ендеще қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
3-оқушы:
Бабаларым, рахмет сендерге
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп көр кеуде,
Қобызыңмен ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым,
Рахмет сендерге
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын
Қорқытыңның қорқынышты мұң – зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің,
Не білмеген не көрмеген ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім
Мен білмеймін.
Басыңа әлде орнап бақ,
Шаһар салып, жасадың ба жаннат бақ.
...Әлдеқалай тасқа түскен таңбаны
Табынамын тарихымдай ардақтап.
Сыр ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау тастағы іздерің
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбывраңның пернесінен іздедім.
Іздедім де сәттеріңде түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем
Тарихыңды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің Ана тіліңмен!
...Менің мына қайта туған күнімде,
Сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде
Сөйле, моцарт, менің Ана тілімде,
Сөйле, Данте, менің Ана тілімде
4-оқушы:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкинде емен,
Есенеймін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
...Қасиетіңнен, қара өлең айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу – түзу жыртылған аңыздайын
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын.
Іздемпаздық менің де бар өнерім
Бұдан жасап бидай мен тары егемін,
Қазан- миым бәрінде қайнатады.
Дара қойып қазақтың қара өлеңін
Абайға тән маған да тән сыбаға,
Келсін мейлі, келмесін тәржімаға.
Осы менің отырып оңаша да,
Оқитұғын намызым әр жұмада.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
5-оқушы:
Фариза
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арсында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттіполардың қия белін
Енді міні қауқарсыз құр ашуды
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сыйпаған бір жан болса,
Енді қалған өмірді қияр едім.
Білмеймін бұзықпын ба жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында
Өлтірсе де көнбеймін жырды құмға!
Нөл болды деп айтам жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды мыңға ...
Айналаға қарайтын анық барлап,
(Түн кеткесін күн шығып, жарық болмақ.)
Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз..
6-оқушы
Дос
Дос болам десең,
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің!
Досым аз менің...
Досым –ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені,
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін
Өзіме - өзім мін артып...
Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан
Достардың барып ауласына өлген мың артық
7-оқушы:
Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің,
Көгендегі қозысымын мен елдің.
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елімде аман мен де аман.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.
Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты
Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн
Сый көрмей-ақ суалармын, сөнермін.
Туған тілім тұғырында тұрса екен,
Әрі қара...
Әрі қарай көрермін...
1-жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы.
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Бөлексаз орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 сынып оқушылары ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай поэзиялық сағат өткізілді.
Мақсаты: Мұқағали Өлеңдерін насихаттау; ақын өлеңдеріннің мәңгілік қазына екенін ұғындыра отырып, мәнерлеп , нақышына келтіріп орындауға дағдыландыру. Сынып жетекшісі Джакупова Жадыра мен кітапханашы Балтабаева Гульзираның ұйымдастыруымен өткен поэзиялық сағатта оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, «Аманат» жыр жинағы бойынша библиографиялық талдау жасалды.

Кітапханашы Г.Балтабаева
Сынып жетекші Джакупова
07.02.2023ж