Ж.Нұрғожаев. "Сенің атың-Мұқаметқали" 6 сынып оқушылары
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
Исаева С
---------------------2023ж
Жақыпжан Нұғожаев
«Кең дүние төсіңді аш, мен келемін»
«Сенің атың-Мұқаметқали»
Атты әңгімесіннен 6 сынып оқушылары көрініс арқылы талдау
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Кітапханашы Г.Балтабаева
21.02.2023ж
«Сенің атың – Мұқаметқали!»
Максаты:
Ақиық ақын,артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері менәндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тарбиелей отырып, шығармасы мен өміріне артына қалдырған өшпес мұрасы , жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды.
Бастау
Бабаларым,
Рахмет сендерге!
Бабаларым болмасын деп көркеуде,
Қобызың мен қосып әнмен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Мұқағали асықпай насыбайын атып, Нұрғисаның жүзіне бір түрлі ,сынай қарағандай болды.
-Нұраға, бір сәт қиялдап көрейікші. Мен сізге мына жаман ініңіздің дүниеге қалай келгені жайлы өз қиялымды там-тұмдап жеткізіп көрейін.Дәл осылай болмаса да өмір шындығына жақындатуға тырысайын,-деді еппен астыңғы ерніненнасыбай қалдығын алып,қағазға орап отырып.
-Әй, мынау ойың қызық екен, Мұқаш. Ал, құлағым сенде тыңдап көрейік,-деп, Нұрғиса кәдімгідей қызығушылық танытты.
Мұқағали бір жөткірініп алды да, әңгімеге шабыттана кірісті.
«-Бісміллә!..
Тиын апа кепкен адыраспанды тұтатып алып,бесікті отпен аластай бастады. Адыраспанның шытыр-шытыр жанған дыбысынан оның күбір-күбір еткен дауысы қаттырақ естіліп , күшейе түсті.
Алас, алас, баладан алас!
Иесі келді, пәледен көш!
Алас, алас, баладан алас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманныі тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас!
Отыз омыртқасынан алас!
Әлгінде «Тыштырмадан» үлестіріп берген азын –аулақ құрт, ірімшік,май бауырсақты уыстарына алып, ұртына тығып, мәре-сәре болған ашқұлақ қатын-қалаш «апамыз не айтып кетті?»дегендей,тынышталып құлақтарын түре қалыпты.Адыраспанның иісінен бе, әлде ғажап рәсімнің сиқыры баурап алда ма, бәрі де елтіп отыр.Аластап болғасын тиын бесіктің басч жағына тұмар пышақ салып , қамшы байлады. «Бісміллә ,бисміллә!» деп қояды.Сосын жөргектегі нәрестені « тіпә-тіпә» деп қолына алып, бесікке бөлей бастады.
Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Құдай берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой!- деп әндете жөнелді.Қасында отырған Нағиман енесінің мұндай өнеріне, таңырқап әрә сүйсіне қарады. «Балаға қандай ат қояды екен?»-деп шыдамы да таусылып барады.Енесінің қойнына берсе де , құрсағынан шыққан баласы ғой, ныпсысы әдемі болып шығуын қалап тұр.
Бұл кезде баланың әкесі Сүлеймен ағайын, ауылдастарымен бірге сыртта жүріп еркек тоқтыны жәукемдеп жатқан еді.Ауыр мінезді ол құтты болсын айтып кеп жатқандарға бас изеп қойып үйге кіріңіздер дегеннен артыққа бармайды.
Наурыздама жақын қалса да,ақпанның күні аязды боп тұр . Бір кезде щолақ тонын желбегей жамылған боз бала ауыз үйден атып шығып
-Аға сіздерге кірсін дейді , балаға ат қояды деп жатыр -,деді де ішке қайта кіріп кетті.
Сүлеймен ;
-Жігіттер кірейік бірің бас сирақты алып жүр , тушасын теріге салып алыңдар , қалған шаруаны ауыз үйде бітіреміз –деді.
Сыртта жүргендер ішке кіргенсін Тиын келіндерге «қазір мен нерестенің атын айтып ,үш рет айқайлағанда ,қазанның құлағын даңғырлатыңдар –деді де
Жұрт тына қалған.Бала-шаға да осының бәрін қызық көріп,үнсіз бірін-бірі түртіп қояды.
-Бісмілләһи-рахмани-рахим!..
Тиын бесікке еңікейіп, бірдеңе түсінгендей көзі бақырайып жатқан баданың оң құлағына: «Сенің атың-Мұқаметқали!»-деп үш рет айқайлады.Артынша шойын қазан дағыр –дұңғыр етіп, үйді басына көтерді.оған нәрестенің нәзік шарылы қосылып, азан-қазан болды.
Тиын баласына: «Әй Сүлеймен дұға оқы»,-деді.Сүлеймен дұға оқи бастағаны сол, нәресте жылауын сап тыйды.
Дұға оқылып болған соң , Тиын қоржын үйге жиналған дүйім жұртқа баланың атын жария қылды.
«Құтты болсын!», «Үлкен азамат болсын», «Пайғамбардың жолын берсін!» деген тілектер жан-жақтан естіліп жұрт жамырасып кетті.
-Тиын немересіне пайғамбардың атын беріпті ғой.Пайғамбардың аты балаға ауыр тиіп жүрмей ме?-деген біреулердің күмәнді даусы шықты.
-Айтуға жеңілірек ат қою керек қой!-деп қоштай кетті екінші біреуі.
-Әй қойыңдар қойылар ат қойылды, «әумин» деп қойдық, насіне сөз қыласыңдар ?!-деп , басу айтты енді бірі.
-Е -, несі бар, Қарасазға да бір әулие керек қой келешекте!деді тағы бірі, күлсе де шын ойын білдіріп.
Кейбірі: «Марқұм Мақатай осы қызықшылықты көрк алмай кетті –ау»,-деп, басын шайқап, өкінішін білдіріп жатыр.»Бүгін бір аунап түскен шығар деп тамсанып қояды.
Ауылдастардың бірі: «Ет піскенше әңгіме болсын,баяғыда Мақатайдың аяғы қалай сынғанын әңгімелеп берейін»,-деп бір әңгіменің басын қылтитып еді, қасындағылар : «Ой айтыңыз Жәке бізде біле жүрейік»,- деп жармаса кетті. Басқалары да құлақ түре қалды.
Көрші ауылда бір той өтіп сонда көкпар тартылады.Соған қатысып атойлап жүргенде Тиынның қосағы Мақатайдың аяғы жазатайым сынып кетеді. Беубеулеп жатқан Мақатайды ауыл жігіттері көтеріп, үйіне алып барады. Тиын: «Е,не болды соның ортасында ?!» Жаңа ғана құйындатып шауып бара жатыр едің ғой ?.-деп, ерінің жанына келсе, сынып кеткен аяқ жіліншігіне ғана ілініп тұр екен. Жаны көзіне көрінген Мақатай айғайға басып жатыр. –Ағайын не қарап тұрмыз ?! Сынықшыға апарайық ,- дейді жиналып қалғандар. Мақатай: «Әй, Тиын, сен бірдеңе қылсайшы!»- деп безектеп жатыр.
-Сынықшыға апармақсыздар ма?! Ол мына үзілген сирақты не істейді?! – деп сұрайды Тиын . Сөйтіп Білегін түріп жіберіп: «Балта қайда әкеліңдерші!»-- дегенше балта да жеткізіледі. -Апарыңдар, ана ағаш кескініне қарай !-деп бұйырады Тиын. Өй не істегелі жүрсің ?!- дейді мәселенің мәнісін енді түсінген жігіттердің бірі.-
-Балтаны бекер сұратты деп тұрсың ба? Бірдеңені шауып түсірмексе оны бекер сұрата ма? Көп сөзді қойып, ана жаңғырыққа салыңдар аяғын!-дейді Тиын, қолындағы балтаның жүзін бір байқап, салмақтап қойып.
Қөзді ашып жұмғанша салбырап қалған жіліншікті балта жалт етіп,шауып түседі.Тиын күйеуінің аяғының жарасын қатты таңып тастап,жағаларын ұстап, таңдай қағып тұрғандарды үйлеріне қайтарды.
-Апырай, не деген жүрек жұтқан адам Тиын апамыз!
-Мақатай да мықты екен , қыңқ етпей жата берген»
-Жәке, шын болған оқиғама осы?
-Е, отірік айтып, нем бар ? Куәлік ететін кісілер бар ғой. Көзбен көрмесем де, өз құлағыммен естідім.
Ет желініп болған соң Мақатайдың аруағына құран бағышталды.Дұға- тілектер айтылып, нәрестенің есімі туралы әңгіме қайта қозғалды.Шәй ішіп, желпініп отырған ағайындардың бірі: «Есейгенде толық атын айтармыз , қазірге Мұқағали деп айта берейік»,-деді. Жұрт осы ақылды дұрыс көрді.
Әңгіме аяқталғанда, аузы ашыла тыңдаған Нұрғиса Мұқағалиға таңдана қарап, бастырмалата жөнелді:
-Бәрекелді, Мұқаш! Апыр-ау, аңызға бергісіз ғой мына әңгімең! Қызық кино көргендей әсерде болдым. Ойпырмай, тиын апамыздың батырлығын-ай! Қалай қорықпайды өзі?! « Жүрек, жұтқан адам» десе, дегендей-ақ екен. Өзі адуынгды кісі болған көрінеді,ә ? Салбырап қалған жіліншікті балтамен шауып түскенін айтқаның да, денем түршігіп кетті, тіпті!..
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Бөлексаз орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Гүлзира Балтабаева 6 сынып оқушыларына Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кең дүние тосіңді аш, мен келемін кітабынан», «Сенің атың-Мұқаметқали» атты әңгімесін талдап, көрініс көрсетті.
Мақсаты: Оқушыларға Ақиық ақын,артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.


Кітапханашы Г.Балтабаева
21.02.2023ж