"Ана өмір шуағы" 1-5 сыныптармен әңгіме » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2023

"Ана өмір шуағы" 1-5 сыныптармен әңгіме

«Келісемін»                                                                              « Бекітемін»

Мектеп директорының                                                          Мектеп директоры: 

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                                        Ә.Халелқызы

 С.Исаева---------------------2023ж







«Ана өмір шуағы»


                                                       1- 5 сынып әңгіме








                                           Кітапханашы Г.Балтабаева 

                                                            03.03.2023ж




Ана-өмір шуағы

Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

 Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.

Бүгінгі бал бала тобының кішкене бүлдіршіндерінің өнерін тамашалайық.


Бүлдіршіндер сахнаға шығады.


Жүргізуші:

Біздің халық өнерпазға бай тегі.

Әншідеп те күйшідеп те айт оны

 Күлімдегенкөктемгеанажайлы

Жақсылапбірәншырқасаққайтеді


Ән:«Анамыздысыйлайық»


Есік қағылып көккөйлек киген Ару көктем кіріпкеледі.
 Ару көктем:
 Мен көңілдікөктеммін,
 Былтыркеліпкеткенмін.
 Көзінашыпбұлақтын,
 Түбіне тал екенмін.
 Гүлбопқырдаегілем,
 Дәнбопжергесебілем.
 Жаңбырболыпжауам да,
 Нұрбопкөктентөгілем.
 Шуағынтөгіпәлемге.
 Жылуынкүнніңәкелем.
 Табиғаттыңтөсінетіршілігінсыйлаймын.
 Жүргізуші
:Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақжерімізгеқошкелдіңіз. Шуағыңдышаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
 Көктем:Мынауменіңқұшағым толы қыргүлін, гүлдейжайнағанқыздарғасыйлағымкеліпотыр.- депгүлдердітаратады. Осы гүлдей, құлпыраберіңдер, аяулыаналар, әжелер, мерекелеріңізқұттыболсын!
 Жүргізуші: Ал, Ару көктембіздіңбалаларымыздыңөзіңеарналғанөлеңдерінқабыл ал.

Жүргізуші:Тәрбиеші: - «Ананыңәрбірсөзіжылылыққа толы. Ананыңкөзнұрытастаймұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздыңаналарынаарнағанжыршумақтарынқабылалыңыздар!

Жыр шумақтары:Ару қыздармен-сымбатты жігіттер


Жанарыс  Әр сөзімді жаттаған,     
 Жүрегімде сақтаған,         
 Анашым деп мақтанам,
 Айналайын ақ мамам.

Кәусар Шашымды өріп тараған,
 Қабағыма қараған                           
 Үлкен кіші демейді,
 Сыйлайды оны бар адам

Айарыс  Апатайым анашым
 Ақылы мол данасың                     
 Қамқоршысы баланың
 Гүлі сенсің әр үйдің

Нұрсұлтан Сенен өскен балалар,
 Батырлар мен даналар,           
 Құттықтаймын мерекеңмен,
 Құрметті Аналар!

Айым   Жүзімізге қараңыз
 Бал күлкілі баламыз                   
 Бізге қымбат күн шуақ
 Бізге қымбат аналар!

АлиӘр сөзімді жаттаған,     
 Жүрегімде сақтаған,         
 Анашым деп мақтанам,
 Айналайын ақ мамам.

Заңғар Анашым деп мақтанам             

Айналайын ақ мамам

Жұлдыз Анам менің ардақты

Алтыннан да салмақты 

Рауан Ақ қабақты анашым,
 Күн сәулелі анашым.                   
 Әлпештеген баласын,
 Айналайын анашым.

Азиза  Біз доспыз гүлдермен,
 Текке оны жұлмаймыз      
 Той күні бір - бірден
 Аналарға сыйлаймыз.

Қуаныш Келді көктем күнің,
 Күлімдейді гүлің -                      
 Алтын ойлы Анам,
 Мерекеңіз бүгін!


Жүргізуші:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
 Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
 Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
 Қол соғып қарсы алайық «Гүлдер биін» 


Би: «Гүлдер»


Жүргізуші:    Ұрыспайды ешқашан

Еркелетер «Ботам» деп

Сыйлы адам бәріне

Менің әжем, ақ әжем

Ән «Әжемнің шәйі»


Жүргізуші:     Аман болсын басыңыз

                          Ағармасын шашыңыз

                          Шөбере сүйіп әліде

                          Жүзге жетсін жасыңыз -дей келе келесі жыр шумақтарымызды асыл әжелерімізге арнаймыз. 

Жыр шумақтары: 1-жұп

Әбдіхалық  Әже деген көп шығар,
 Әжемдей жоқ шығар.        
 Мейірімді бұл кісі,
 Қандай ғажап күлкісі.


Айша                   Менің әжем мейірбан,
                                 Мені жақсы көреді.            
                                 Қажетіне жарасам,
                                 Жас балаша күледі.

Алинұр                  Әжемді жақсы көремін

                               Өлеңді айтып беремін       

                               Үлкен болып өскенде

                               Бәрін алып беремін


Анел                  Баба әжем киелім

                            Басымды иемін                     

                           Жаулығын иіскеп

                           Жанымдай сүйемін


Асанәлі               Тентек болсам, ашынып

                           Жақсы іс қылсам асырып

                           Маған сақтап жүреді         

                           Тәттіні де жасырып

                           Келгенімше бақшадан

                           Күтеді ылғы асығып


Нұрым                Мені жақсы көреді,
                            Күндей күліп жүреді,        
                            Көп ертегі біледі,
                            Маған айтып береді.


Ерасыл        Әжем менің асыл жан

                          Жақсылыққа үйретіп      

                          Жамандықтан шектейді

                          Әжеме ешкім жетпейді


Айзере           Өзің мені өсірген

                           Айналайын ақ әжем       

                           Тентек болсам кешірген

                            Балдай тәтті бал әжем



Ернұр                  Анаң болса қасында
                                Басқа бақыт не керек        
                                Аналардың жүрегі
                                Мейірімді ғой керемет.

Заңғар                Мен анамды сүйемін,
                                Құшағына енемін.                  
                                Мәпелеген анамды,
                                Қуантсам деп келемін.


Жүргізуші:     Келесі кезекті біздің тобымыздың кішкентай жігіттер мен қыздарының билерін тамашалаңыздар.

Би: жігіттер


Жүргізуші: Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Анадегенгүлітуғанөңірдің

Ән. «Ақ мамам»

Жүргізуші:     Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

                         Қызыл гүлдер, көп гүлдер

                         Жайнар кезім келді деп

                         Қанаттарың желбіреп

                         Таңмен бірге оянып

                         Күн нұрына боянып

                         Көрік бердің далаға

Жыр шумақтары: Гүлдер


Заңғар   Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар          

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала


Айзере Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,             

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын


Бейбарыс Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған           

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыракетерайналам


КәусарӘдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған     

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған


Жүргізуші: келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің биін тамашалаңыздар   

 Би: 2-жұп


Жүргізуші:  Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіздер? Бүлдіршіндеріміздің  үйде аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді өлең арқылы білейік.

Ән: «Анамызға көмек»

Жүргізуші: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды.

Жыр шумақтар: жігіттер


Санжар Бізді өсірген анашым
                                Еңбегіңіз зор екен                     
                                Құтты болсын Анашым
                                Құтты болсын мерекең!



Сағыныш Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой аналар               



Жүргізуші: Біздің тобымыздың сұлу да сымбатты қыз жігіттердің биін қарсы алыңыздар

Би:  

Жүргізуші: Келесі кезекте аналарымыздың қыздарымен бірге жасаған сән үлгісін тамашалайық.

Сән үлгісі  (бас киім және сөмке)

Көктем:

Ойын:

Перде жабылады. Балалар шеңберге тұрады, қолдарында сыйлықтары бар

Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
 Қабыл алшы анашым
 Ұзақ өмір жүз жасап
 Ауырмашы анашым



Жүргізуші:

Асыл анам жасыл бағым жайнаған

Сол бағымда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі сіздерге арналған.


Бүлдіршіндеріңіздің кішкене ғана сыйлығын қабыл алыңыздар.


 Аналар, қалқып бақыт аралында,
 Лайым мұң қонбасын жанарыңа
 Осымен кешімізді аяқтайық
 Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
 Балалар хормен«Анамызға мың алғыс!».


           8 наурыз  аналар мерекесіне орай 1 сынып оқушыларымен «Ана- өмірдің шуағы» атты әңгіме өтті.


                                     АНЫҚТАМА


Сынып жетекшісі Нұргалиева Мөлдір мен кітапханашы Гүлзира Балтабаеваның ұйымдастыруымен Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім нұрын құйып,8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесі келді.Осынау көркем мерекенің қай кездеде орны бөлек.Олай болатыны   аналарға ыстық сезім, алғыс  пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар- өмірдің гүлі, көңілдің жыры,отбасының алтын діңгегі,бүгінгі «Ана өмірдің шуағы»- атты әңгімеміз аналарға арналатынын айтып балаларға түсіндірді. Балаларда аналарына өздері жаттаған өлеңдерін айтып берді.







                                      Кітапханашы;  Г.Балтабаева