«Ұжымдағы қарым-қатынас» педагогтармен психологиялық тренинг » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2022

«Ұжымдағы қарым-қатынас» педагогтармен психологиялық тренинг



Психологиялық қызметтің диагностикалық, профилактика-психологиялық ағартушылық, кеңес берушілік, түзете-дамытушылық бағытында

 жүргізілген жұмысына


                                                            Хаттама №1

Күні: 03.10.2022Бөлексаз орта мектебі                                                              Барлығы: 40 

Қатысқаны:35 

Қатыспағаны:5

Жүргізілген (топ,сынып): Педагогтар

Тақырыбы: «Ұжымдағы қарым-қатынас» психологиялық тренинг 

Жүргізілді: «Құлаққа массаж» техникасы , «Әуенді терапия», «10 алғыс», «Малекула» би терапиясы, «Бірлігіміз жарасқан» жаттығу, «Мен жұлдызбын» психологиялық жаттығу 

Мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластықтарын арттыру, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру. Сергіту, позитивті көңіл-күй сыйлау. 

Міндеті: Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу. Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектес. 


1. «Құлаққа массаж» техникасы

Нұсқау: Ортаға алты педагог  шығып, үштен екі топқа бөлінеміз. Енді екі адам бірігіп ортадағы адамның құлағына жақсы қасиеттерін айтамыз. Жаттығу әрі қарай келесі адамдармен ауыстырылып жалғасады. Психолог: Құрметті педагогтар ,жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар? Жылы сөз есту қаншалықты сізге жақсы әсер етті? Бір-бірімізден үнемі жылы сөздерімізді аямайық

Қорытынды: Тренинг барысындағы техникалар мен психологиялық жаттығуларды жүргізе отырып мектеп педагогтарының қарым-қатынастары ұлғая түсті. Позитівті күйге еніп, жақсы әсер алды.  



Мектеп психологы:                      Темірбек Т.Т