21
август
2023
"Мектепке жол" акциясы
«Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жақсылық жаса» атты айдармен өткізілуде. Акция 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Акция мақсатын іске асыру барысында мектеп оқушыларының ішінде мұқтаж деген оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді.Кәсіподақ атынан 1-сынып оқушысы Жанат Хан-Керейге сумка, 3-оқушыға спорттық аяқ киімдер берілді.
