Мектеп дефектолгының күнделікті сабақ жоспары » КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ «БӨЛЕКСАЗ ОРТА МЕКТЕП МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Алматы облысы білім басқармасы
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бөлексаз орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 77726737
Есепші бөлімі:
+7(72) 77726737
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2021

Мектеп дефектолгының күнделікті сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар №1

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар. Заттарды санау.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіндіру. 10 көлемінде тура және кері санауды үйрету, натурал сандар қатарындағы орнын анықтай алуын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Құстар қанат қағайық!            

Екі қолды,

Сәл көтерсек болады.

Енді оны бөгелмей

Түсірейік, қанат қағайық!

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш.


Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыға мынадай тапсырмаларды орындатыңыз:

— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы: алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушы сізден кейін берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ соғуы тиіс.)

— Алақаныңды төрт рет соқ.

— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.

— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар 


Тапсырма №1.

— Терезенің жанында қанша бала отыр?

— Сенің алдыңда қанша бала отыр?


— Сенің артыңда қанша бала отыр?



— Ал мұғаліммен бірге ше?

-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсың? 


- Тапсырма №2.  

(

Психологиялық ахуал








Оқушы тапсырманы орындай алды.







Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.
 Алақанды ұрайық
 Оңға қарай иiлiп
 Солға қарай иiлiп
 Бiр отырып, бiр тұрып,
 Бойымызды созайық
 Белiмiздi жазайық.
 Оңға - оңға түзу тұр
 Солға - солға түзу тұр
 Жоғары - төмен қарайық
 Қолымызды созайық
 Бойымызға күш жинап
 Бiр шынығып алайық.



Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Ойланайық!

Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя. Тапсырмада оқушы суреттің

астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген заттардың санына байланысты бояйды.

Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз, пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы санмен жалғастыру керек.

Жауабы:

5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана — қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.








Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


Бас бармақ тәсілі



 


Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.






























Қысқа мерзімді жоспар №2

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар. Реттік санау.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Заттарды, тауарды бағаларын салыстыруын кезінде қолданатын ұғымды дұрыс пайдалануға үйрету. Заттарды санауды, реттік қатарын анықтауды үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

                                       Жел уледі у, у, у,

Боран соқты зу, зу,

Қатты,қатты жел соқты гу,гу.

Жапырақтар қол соқты ду,ду,ду

Шыдай алмай жапырақтар ах,ах,

Билеп кетті қалтырап пах,пах.




       

Ширату.

«Ойлан-жұптас- талқыла» стратегиясы.

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санату.





Тапсырма №1.

Оқулықтағы сюжетті суреттер  бойынша жұмыс.


Реттік санау және реттік орнын анықтау.

Ой сергек!


- Тапсырма №2. 

«Есіңе сақта!» мәліметін оқулықтың оқып беріп, талдау жасау.

Заттардың реттік санау түсінігін бекіту.


Психологиялық ахуал











АКТ.

Көңілді әуендер 



 



Оқулықпен жұмыс.

Сабақтың ортасы


Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Оқушы

сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Ой бөліс.

Біз реттік санауды тағы қай жерде қолданамыз?


«Үш шапалақ» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салу.

.




Кері байланыс.




Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


Бас бармақ тәсілі



 


Оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.













Қысқа мерзімді жоспар №3

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар.Сандарды салыстыру.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Бір таңбалы сандарды салыстырады, жазады. Барлық оқушылар: «=», « ≠» белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін қалай?

 

(Оқушының санай алу қабілетін байқау)

1-10-ға дейін санау 

«Санамақ айту»

Кел санайық санамақ,
 Саусақтарды даралап.
 Бас бармағым алғашқы -
 Балаң үйрек жалғасы.
 Ортан терек - кезекші,
 Шылдыр шүмек - көмекші.
 Шынашағым - балапан,
 Бәріне ортақ алақан.
 Шылдыр шүмек -мен,
 Титтей бөбек - сен.
 Бір үйде біз нешеуміз?
 Бір үйде біз бесеуміз

Тапсырма №1.

Видеожазба. Сандарды салыстыру

https://www.youtube.com/watch?v=Pfit1rywZgc

-          Видеодан не көрдің? (Балаларды)

-          Олар нестеп жатыр? (Шаңғы теуіп жүр)

-          Барлығы қанша бала? (11)

-          Қыздар қаншау? (қыздар 5)

-          Ұлдар қанша? (ұлдар 6)

-          Ұлдар мен қыздар саны тең ба? (Жоқ)

-          Ұлдар көп па, қыздар көп па? (ұлдар)

-          Қаншаға көп? (1 –еуге)

-          Қаншаға кем? (1-еуге)

-          Біз ұлдар саны мен қыздар санын нестедік? (Салыстырдық)

Жарайсың! Өте жақсы жауап бердің.

Ал енді біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсың?

-          Сандарды салыстыру


Тапсырма №2. 

«Ойлан, тап»әдісі суреттегі  заттарды санайды, салыстырады.

(1сурет)

-  бірінші топтағы заттардың саны қанша? 

-  екінші топтағы заттардың саны қанша?

бірінші топтағы заттардың саны қанша болса, екінші топтағы заттардың саны сонша. Демек, екі топтағы заттар саны тең.

(2 сурет)

- суретте неше қызанақ бейнеленген?

- сәбіз ше?

- сәбіз бен қызанақтың саны қандай?

- қызанақ пен сәбіздің саны тең емес.

 

Психологиялық ахуал. 



























Бейнежазба, АКТ


Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

АКТ.

Сабақтың соңы

«Кім зерек» әдісі.
 Суреттегі заттар қатарын салыстыр.

-          Қайсысы артық? Қалам ба, әлде қарындаш па?

-          Өшіргіш пе, әлде ұштағыш па?


 







Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 




Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.




























Қысқа мерзімді жоспар №4

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып




Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар. Сандық сәуле.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтауды үйрету. Натурал сандар қатарындағы санның орнын табу және санап үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін қалай?

 

Тапсырма №1.

Сабаққа қажетті жіп пен қыстырғыштарды дайындап алыңыз. Жіпті кабинеттегі бір қабыр-ғадан екінші қабырғаға дейін жететіндей етіп керіңіз. Жіп байланған қабырғадан белгілі бір жерге дейінгі қашықтыққа қыстырғыштың көмегімен “1” саны жазылған парақшаны қыстырыңыз. “Әрі қарай қандай сан болуы тиіс?” — деп сұраңыз. Сәйкес сандары бар парақшаларды біртіндеп қыстырыңыз. Бұлардан кейін тұратын сандар жазылған парақшаларды осылайша ретімен орналастыруға болатынын айтыңыз. Сөйтіп, сандық сәулені құрастырыңыз.

Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыға сабақтың басында жіптен жасалған түзудің бөлігін оқулықта суреті берілген түзумен салыстыруды ұсыныңыз және “Қандай сандар түсіп қалған?” деген сұраққа жауап беруін сұраңыз.

(Дұрыс жауабы: 2, 5, 7.)


Тапсырма №2. 

— Сандық сәуледе сандар қалай орналасады?

— 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды ата.

— 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды ата.

— Оқушыдан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз.




Психологиялық ахуал. 




























Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

АКТ.

Сабақтың соңы

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату.

 


Дәптер, альбом, кітап, түрлі-түсті қарындаштардың суреттері.



Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 




Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.














Қысқа мерзімді жоспар №5

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар. Артық, кем, тең.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды үйрету. «=» « < »  «>» белгілерін , цифрларды ажыратуды түсіндіріп, үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.


Тапсырма №1.

«Кинометафора» әдісі бойынша бейнефильм көрсету.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы ашық сұрақтар қойып, жауап аламын.

  • Бейнефильмнен не көрдің?
  • Кейіпкерлер кімдер?
  • Олар не істеді?
  • Жинаған заттарын салыстыр?
  • Таңбалардың айырмашылығы қандай,фильмде көргендей «артық», «кем» таңбаларын немен байланыстырды?
  • «Тең» таңбасы туралы бейнефильмде не көрдің.

Олай болса бейнефильмнен көргендей «артық», «кем», «тең» таңбаларымен таныстық, енді өз ойларымызды қорытындылайық. .   ” ‹ ” ,   ” › ”,  ” 

Тапсырма №2. 

«Топтас, жұптас, талқыла» әдісі. 

1-топ «Артық»

Сурет бойынша  артық азық-түлікті тап.


2-топ  «Кем»

Салыстыр: Сыныпта қыздар саны артық па,әлде ұлдар 

саны артық па?


3-топ «Тең» 

Қатесін тап.

Психологиялық ахуал. 










АКТ.


















Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

АКТ.

Сабақтың соңы

«Желкенді  кеме» арқылы оқушының қаншалықты сабақты түсінгенін тексеру.


 


Ауызша сұрақ-жауап.

Кері байланыс




«Бағдаршам» кері байланыс






 

Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бағдаршам» әдісі  арқылы білдіре алады.
















Қысқа мерзімді жоспар №6

Пән: Түзету сабағы.

Математика.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сандар және цифрлар. Тура және кері ретпен санау.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санай алуын үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» ширату жаттығуын ұйымдастырамын.
 
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
 Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
 Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
 Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
 Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
 Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсең, алақаныңды соқ!Рахмет.

Оқушының санау туралы білім деңгейін анықтау үшін санамақ айту.

Бір – білім ал,
 Екі – ерлік көрсет,
 Үш – үлгі тұт,
 Төрт – тәртіп керек,
 Бес – бестік баға ал,
 Алты – алғыс ал,
 Жеті – жеңіс біздікі,
 Сегіз – сенім керек.
 Тоғыз – тоқу керек,
 Он – оқу керек.

Тапсырма №1

«Адасқан сандар» ойыны

Сан түзуінде сандарды орналастыру.

Оқушыға 1-10-ға дейін түрлі суреттер беру. Ол суреттердің үстінде 1-10-ға дейін сандар көрсетіліп тұр. Оқушыға санмен көрсетілген суреттерді ретімен қоюды сұрау.  

Тапсырма №2. 

«Түсіп қалған сандарды тап»


 1 .Берілген сандарды өсу ретімен жаз.

2. Берілген сандарды кему ретімен жаз..

3. Берілген сандардың көршілерін тап, 

...3...,  ... 5..., ...7..., ... 9...



Психологиялық ахуал












 





Сабақтың ортасы

Сергіту сәті «Көңілді тышқан»


 

 АКТ.

Сабақтың соңы

-Біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

1-ден онға дейін санасақ қандай ретпен санаймыз?

10-нан 1-ге дейін ше?

Қай заттарды санауға болады?





Пиктограмма әдісі









 

Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


Бас бармақ тәсілі



 


Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.






Қысқа мерзімді жоспар №7

Пән: Түзету сабағы. Әліппе.

Мектеп: 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөйлеу.Сөйлем.Мен оқушымын.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сөйлеу, сөйлем, сөз, буын,дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінуге үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

«Саған сұрақ»

Жұмсақ ойыншықты қолдан қолға өткізіп,музыка сүйемелдеу,музыка тоқтаған сәтте ойыншық қолында қалған адамға  сұрақ қою.

Тапсырма №1.

«Кір жаятын жіп» ойыны

Кітапхана, нан, есік, арыстан сөздеріне сөйлем құрап,оны сызбалар арқылы бейнелеу.


Тапсырма №2. 

          

-          Сенің бір күнің неден, қалай басталады?

-          Суреттегі қыз бен баланың әрекетін түсіндіріп берші, олар не істеп жатыр?

Тапсырма №3

Сызбаның көмегімен берілген сұрақтарға жауап беру.

Мын үстелдің үстінде тұрған нелер?

Оларды біз не үшін пайдаланамыз?














Жұмсақ ойыншық.





Кір жаятын жіп,қыстырғыш.


Сюжетті суреттер






Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Жаза-жаза саусағым

Әлсіредім шаршадым

Оңға, солға бұрылып.

Сосын қайта жазамын.


Қалың соқ, қолың соқ

Саған өмір қызық болса.

Жер бетінде бақыт болсын,

Қолың соқ, қолың соқ.




Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны

*Әли бірінші сыныпта оқиды.

*Анам суарды гүл.

*Аққу әдемі құс.

*Балалар тепті шаңғы қыста.

*Күзде сарғаяды жапырақтар.








Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


«Бас бармақ тәсілі»



 


Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.






Қысқа мерзімді жоспар №8

Пән: Түзету сабағы.

Әліппе.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөйлеу. Сөйлем.Сәлемдесу.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын тануды, дәптер бетінде берілген суреттерді бояуды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізуді үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін қалай?

 

Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

Сабақ мақсаттарымен оқушыны таныстырып өту.

Тапсырма №1.

Сызбаларды бастыру,суретті бояу

Тапсырма №2.

Ойын: «Артығын тап»

1.Мысық,ит, тышқан,қоян,сарымсақ.  

2. Жаңбыр,қағаз,қар,боран.



Психологиялық ахуал. 


















Дәптермен жұмыс











Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

АКТ.

Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 




Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Ауа-райы» әдісі  арқылы білдіре алады.





















Қысқа мерзімді жоспар №9

Пән: Түзету сабағы. Әліппе.

Мектеп: 

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөйлеу.Сөйлем.Мен оқушымын.(Қайталау сабағы)

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сөйлеу, сөйлем, сөз, буын,дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінуге үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық.

«Саған сұрақ»

Жұмсақ ойыншықты қолдан қолға өткізіп,музыка сүйемелдеу,музыка тоқтаған сәтте ойыншық қолында қалған адамға  сұрақ қою.

Тапсырма №1.

«Кір жаятын жіп» ойыны

Кітапхана, нан, есік, арыстан сөздеріне сөйлем құрап,оны сызбалар арқылы бейнелеу.


Тапсырма №2. 

          

-          Сенің бір күнің неден, қалай басталады?

-          Суреттегі қыз бен баланың әрекетін түсіндіріп берші, олар не істеп жатыр?

Тапсырма №3

Сызбаның көмегімен берілген сұрақтарға жауап беру.

Мын үстелдің үстінде тұрған нелер?

Оларды біз не үшін пайдаланамыз?














Жұмсақ ойыншық.





Кір жаятын жіп,қыстырғыш.


Сюжетті суреттер






Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Жаза-жаза саусағым

Әлсіредім шаршадым

Оңға, солға бұрылып.

Сосын қайта жазамын.


Қалың соқ, қолың соқ

Саған өмір қызық болса.

Жер бетінде бақыт болсын,

Қолың соқ, қолың соқ.




Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны

*Әли бірінші сыныпта оқиды.

*Анам суарды гүл.

*Аққу әдемі құс.

*Балалар тепті шаңғы қыста.

*Күзде сарғаяды жапырақтар.








Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс


«Бас бармақ тәсілі»



 


Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Бас бармақ» әдісі  арқылы білдіре алады.






Қысқа мерзімді жоспар №10

Пән: Түзету сабағы.

Әліппе.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөйлеу. Сөйлем.Сәлемдесу. (Қайталау сабағы)

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын тануды, дәптер бетінде берілген суреттерді бояуды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізуді үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйін қалай?

 

Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.

Сабақ мақсаттарымен оқушыны таныстырып өту.

Тапсырма №1.

Сызбаларды бастыру,суретті бояу

Тапсырма №2.

Ойын: «Артығын тап»

1.Мысық,ит, тышқан,қоян,сарымсақ.  

2. Жаңбыр,қағаз,қар,боран.



Психологиялық ахуал. 


















Дәптермен жұмыс











Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

АКТ.

Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 




Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Ауа-райы» әдісі  арқылы білдіре алады.





















Қысқа мерзімді жоспар №11

Пән: Түзету сабағы.

Әліппе.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөйлеу.Сөйлем.Мектептегі бір күнім.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Сөйлеу,сөйлем,сөз,буын,дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіндіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

 

Сөйлеу ережелері.

Менің негізгі сөйлеу органым – диафрагма. Ең бастысы иығымызды көтермейміз. Мен әрқашан сенімді, анық, дұрыс мәнерлі сөйлеймін.

Мен сабырлымын

Мен терең тыныс ала аламын.

Менің қолдарым босаңсыған.

Менің аяқтарым босаңсыған.

Менің денем тыныштықта

Бет бұлшық еттерім босаңсыған.

Мен әдемі, анық және жай сөйлей аламын.

Тапсырма №1.

Оқушы оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.



Тапсырма №2.

 

Психологиялық ахуал. 

















«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. 


Кітаптағы сұрақтарға жауап беру.









Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

 

Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 




Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Ауа-райы» әдісі  арқылы білдіре алады.




















Қысқа мерзімді жоспар №12

Пән: Түзету сабағы.

Әліппе.

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 1-сынып


Сабақ тақырыбы

Сөз.Мен әдепті баламын.

Оқу бағдарламасына сәйкес сабақтың мақсаттары

Коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу,алғыс білдіру, кешірім сұрау,өтініш айту, рұқсат сұрау,қоштасу) дұрыс қолдана алады;сөйлеу,сөйлем, сөз,буын,дыбыс туралы түсініктерге баулу. Оқушының мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері/ уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй.

Құстар қанат қағайық!            

Екі қолды,

Сәл көтерсек болады.

Енді оны бөгелмей

Түсірейік, қанат қағайық!

Бір, екі, үш.

Бір, екі, үш.



Тапсырма №1.Әңгімелеу. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсінігін кеңейту үшін бірнеше сұрақтар қою.

- Қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?
 - Әдепті бала қандай болу керек?
 - Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдепті сөздер - сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз т.б.


-Тапсырма №2. 

Әңгiмелеу. «Әдепті бала» ойдан шыққан оқып беріп, талқылау. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Айдос пен Арман дос еді. Айдос әдепті бала, тілалғыш, ұқыпты, шыншыл, қарапайым, еңбекқор, адал, Арман болса әрдайым өз қулығын асырып, пайдасын ойлайды. Айдос кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кішілерге орын береді. Арман үнемі барлығын керсінше жасайды. Бірақ Айдос пен Арман жан достар. –Арман мен Айдос неліктен дос? –Саған кімнің іс –әрекеті ұнайды? -Ол неліктен? -Арманның орнында сен не істер едің?


Психологиялық ахуал








.











Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.
 Алақанды ұрайық
 Оңға қарай иiлiп
 Солға қарай иiлiп
 Бiр отырып, бiр тұрып,
 Бойымызды созайық
 Белiмiздi жазайық.
 Оңға - оңға түзу тұр
 Солға - солға түзу тұр
 Жоғары - төмен қарайық
 Қолымызды созайық
 Бойымызға күш жинап
 Бiр шынығып алайық.



Оқушы сергіту сәтін жасайды.

Кері байланыс




«Рефлексия» кері байланыс

 





Оқушы сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «Смайлик» әдісі  арқылы білдіре алады.