«Құстар біздің досымыз» «Р р» дыбысын, буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандыру
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 27 тамыздағы №382 бұйрығына сәйкес
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні: | Логопедтің (түзету сабағы) | |||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Байбуқаева Айдана Жанболатқызы | |||||
Күні: | 15.05.2023 ж | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: 2 | Қатыспағандар саны: - | ||||
Сабақ тақырыбы: | «Құстар біздің досымыз» «Р р» дыбысын, буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандыру | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес негізделген оқу мақсаттары | 2.1.3.1. Мұғалімнің қолдауымен сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұрақтарға жауап беру, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, айтылуы мен жазылуы, есту және есте сақтау арқылы жазу; | |||||
Түзете дамытушылық мақсаты | Суретке қарап әңгімелейді, ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту, сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазады, құстар туралы біледі. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңдері/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 5 мин Сабақтың ортасы 10мин 8 минут 10 мин Сергіту сәті 2 минут 5 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі: 2.Оқушыларды түгендеу Психологиялық-педагогикалық көңіл-күй. Қайырлы таң достым, Қайырлы күн болсын. Аптаның әр күні, Сәттілікке толсын. Өте жақсы балалар күндеріңе сәттілік тілеймін,олай болса сабағымызды бастайық. «Миға шабуыл» әдісі
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау Балалар мен сендерге мына тапсырмаларды орындауға алып келгем. Осы тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындап жіберейікші? Ал енді балалар ненің суреті шықты? -Құстардың Ал олай болса сабағымыздың тақырыбы «Құстар біздің досымыз!» Сабағымыздың мақсаты: -Ал балалар олай болса бірініші сабағымызды бастамас бұрын тілдік артткуляциялық ,тыныс алу жаттығуларымызды бірге орындайық. Арикуляциялық жаттығулар; «Күрекше; Ине; Кесе, Сағат, Ат шауып келеді» т.б Тыңдалым . Бейне баян « Құстар біздің досымыз!» Оқылым және жазылым (Дәптермен жұмыс) «Торғай» Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар, Теріп алып,қастерлеп. Торғайларға тастаңдар Ал балалар сабағымыздың тақырыбы «Құстар біздің досымыз» «Рр» дыбысы осы тақырыптың қай сөзінде келіп тұр? Енді бір сәт сергіп алсақ Қарлығашқа ұқсайық, Қане, қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық Ұшып-ұшып алайық Бір-екі-үш, Қарлығаш болып ұш. Төрт-бес-алты, Қарлығаш болып қалқы Жеті-сегіз-тоғыз-он. Қарлығаш болып қон. Ұсақ қол саусақ моторикасын дамыту жаттығулары; «Геометриялық пішіндермен құстарды құрастыру» Таным аймағын қалыптастыру . «Wordwall» әдісі Үй құстары мен жабайы құстардың суреттерін тестілеу арқылы табады. . | Психологиялық ахуалға берілген өлең жолдарын дауыстап айтып , сабаққа назар аударады Дескриптор: Балалар жыл мезгілін біледі. Ұшып келетін құстарды айтады. Тілдік жаттығуларды орындайды. Дескриптор:Құстар туралы біледі.Үй құстары мен дала құстарын ажыратады. Дескриптор: Өлеңді түсініп оқиды,сауатты жазады. «Рр» дыбысы сөздің қай жерінде келетіндігін біледі. Білім алушылар жаттығуды орындайды Саусақты демалту дидактикалық ойын Дескриптор: Құстарды екі топқа бөледі | Төсбелгі арқылы бағалау Төсбелгі арқылы бағалау Төсбелгі арқылы бағалау Төсбелгі арқылы бағалау Төсбелгі арқылы бағалау Төсбелгі арқылы бағалау | АКТ тақта,үлестірмелі парақтар,дәптер,қалам,қайшы,айна . | ||
Сабақтың соңы 2 минут | Күтілетін нәтиже: Білу : Құстар туралы білді. Игерді :Р дыбысын, буында, сөзде, сөйлемде, байланыстырып айтты. | Оқушы өзінің не түсінгенін айтады. | Жарайсың ! | |||
Кері байланыс | Оқушы сабақты қаншалықты түсінгенін бағдаршам арқылы көрсетеді. | Оқушының жауабы Қызыл бағдаршам- мен ештеңе түсінбедім, Сары бағдаршам - әлі де толықтырулар керек. Жасыл бағдаршам-маған бәрі түсінікті. | Бағдаршам | |||