"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қырғауыл түлкі" ертегісін
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бөлексаз орта мектеп кітапханасында 22 сәуір күні 1 сынып оқушыларымен «Түлкі мен қырғауыл» ертегісін кезектесіп оқып түсініктерін айту арқылы талдады. Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:
- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
Қырғауыл:— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі:— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл:— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл:— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі:— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
Қазақ ертегілері баланы мейірімді, адал болуға баулиды әрі қиял әлеміне қанат бітіріп, жақсылыққа сендіреді. Ертегі – тұнып тұрған тәрбие құралы. Заман ағымы өзгерсе де, ұрпақты ертегімен өсірудің берері мол екені анық.

Кітапханашы Г.Балтабаева
22.04.2024ж