"Ұлы Жеңіс жаңғырығы" танымдық сағат
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
АНЫҚТАМА
13 мамыр күні «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты 2-4 сынып оқушылары мен танымдық сағат өтті. «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрме ұйыдастырылып оқушыларға таныстырылды. 9 мамырда ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның аумағында жыл сайын бүкілхалықтық мереке – Жеңіс күні атап өтіледі.
Жеңіс күні - жыл сайын тоғызыншы мамырда тойланатын мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық. Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар.


Кітапханашы Г.Балтабаева
13.05.2024ж