М.Әуезовтың "Абай жолы" романы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 10 сынып оқушыларымен
Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм
«Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
М.Наурызбаева
---------------------2022ж
Мұхтар Әуезов
«Абай жолы»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
10 сыныптармен
Кітапханашы Г.Балтабаева
28.09.2022ж
Абай жолы (роман)
Абай жолы роман-эпопеясы. 4 кітаптан құралған (2 кітабы 6 тараудан, 3 мен 4 кітап; қалған екеуі 7 тараудан тұрады). Алматы ,Жазушы, 2013.
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.
Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».[1]«Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттерімен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды. Алдымен, тақырып туралы. Кешегі, яки тарихи тақырып: бүгінгі, яки қазіргі күн тақырыбы деп жүрміз. Бір тұста осылар жөнінде айтыс ашып, дауласып та көрдік. Бәрі шартты нәрсе! (Кеше, бүгін, ертең... Уақыт жалғастығында жік жоқ: таң атса, ертең бүгінге, бүгін кешеге айналады. Демек, кешесіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ). Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды. Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, керек десеңіз тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Қазақтың тұңғыш эпопеясы
«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған бір де бір қалтарысы жоқ. «Абай жолының» мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындаған энциклопедялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы екендігі де осында жатыр. Тағы бір күрделі ерекшелік - осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы - түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы... Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдікпен адал, ақиқат шындық шеңберінде тағы да нақты және даму үстінде көрінуі - шын мәніндегі реалист-суреткердің айта қалғандай дарын күшіне, талант қуатына саяды. Эпопеяда ешбір адам жоғарыдағыдай тартыс арнасынан шет қалмайды. Бәрінің характерлері, сол қым-қиғаш күрес үстінде қалыптасады. «Абай кезіндегі қазақ даласында,- дейді автор,- күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні мен Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы мен үлкен қоғамдық шындықты - ескі мен жаңаның диалектик, қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңаның жеңуін ашуға тиіс болдым». Бұл - аса қиын әрі қатерлі адым. Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы - осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы. Оқырманды осыған қалтқысыз сендіруі - автордың қисапсыз шеберлігі болса, соның нәтижесінде көрінген «Абайдың қасиеті - өз табының тілегінен көп қиналыстар, толғанулар, тәнге-жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».[2] Бұл - эпопеяның идеялықаласытақырыптық негізінің мызғымас мықтылығы. «Абай жолының» граниттей берік ірге тасы осынша шебер қаланған. Ал, сюжет пен композицияға келетін болсақ, мұнда да Әуезов суреткерлік шеберліктің үлгісін көрсеткен. Төрт кітаптың өн бойында адам образдарын жасауға қызмет етпейтін бір де бір деталь, штрих, керек десеңіз, бір де бір сызық жоқ. Бәрі де мінездеу мен мүсіндеу, жинақтау мен даралау міндеттерін атқарып тұр. Әр характердің жасалу тарихы бар. Әр образ тип дәрежесіне дейін көтерілген. Басты кейіпкерлер ылғи өрбу, өсу үстінде көрінеді. Ӏ-кітаптың басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден жөнеліп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы қырық бес жыл тек қана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетіні сияқты әрбір ірі, іргелі қаһармандар не ілгерілеп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Статикалық түрде бір де бір құбылыс жоқ, бәрі динамикалық сипатта. Бұл сюжет мінсіздігінің нәтижесі.
Осылардың бәрі композициялық бүтіндікке көшкен жағдайда жазушының тағы да адам таң қалғандай шеберлігі ширатылып шыға келеді Мұны Мүсірепов дәл аңғарған: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы».[3] 1-кітаптың композициясын бұдан артық дәл сипаттау қиын. Сол сияқты әр кітаптың жеке-жеке және төрт кітаптың жалпы композициясын да осы ретпен таратып-тұтастырып шығуға болар еді. Бірақ ол шарт емес. Бәрінің бірімен, бірінің бәрімен бірлігі секілді, бәрінің түзілісін бірінің құрылысымен сипаттауға әбден болады. Жаңағы пікір 1-кітаптың жалпы мазмұнына қатысты айтылды. Сол сияқты мұндағы полифониялық сырды, я болмаса көп проблемалылықты, олардың бәрі барып тоғысар үлкен арнаны да әлгі ретпен байыптап шығуға болар еді. Айталық, 1- кітаптың 1-бөлімідегі бірінші тарау:
Эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы образы оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден-ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз. Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз.Эпопея қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін көтерді, жаңа эстетикалық игіліктер жасады, тақырыптық ауқымын кеңейтті. Эпопеядағы мол қуат, алуан сөздер, күйлер, бояулар, образдар, идеялар романды әлемдік әдебиеттің үздік туындылары қатарына қосты. Роман реалистік сәтті мол қамтыды. Абайдың өмірі, оның шеккен бейнеті, тартқан азабы, көрген қызығы – бәрі қазақ халқының шынайы бейнесімен тағдырлас. Абайдың өсу жолымен танысқан әр адам рухани байиды, кемелденеді. Өмір сүрудің адамдық, ізгі жолдарына қарай ұмтылады. Жазушы өзінің кейіпкері Абайды халықпен тығыз байланыста алып суреттейді. Абайдың өсу жолдары оқыған адамға үлгі болардай тағылым. Эпопеяның бірінші томында бала шәкірттің ауылға асыққан сәті баяндалып, ел ісіне жаймен араласып, халық қамын ойлап, ел сөзін сөйлеп жүреді. Ал соңында ақын өмірінің ақырғы сәттері тілге тиек болып, суреттеледі. Бұл – Абайдың кемеңгер ақын, кемеліне келген ойшыл, туған халқының тағдыры жайында тебірене толғанатын қамқоршы болған шағы. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан» ұлы дананың қат-қабат,шытырман шындығы да ақырғы томында әңгімеленеді. Ол бір жағынан, жаңа дәуреннің кешікпей туатынын сезіп, қам көңіліне жұбаныш етсе, екінші жағынан халықты талауға салып, қан жылатқан жандардың сұмдық әрекеттерін көріп түңіледі. Сонау Қодар мен келінінің қазасынан бастау алған әділетсіздікпен арпалысып, артында оны оқитын өз оқырманы барын біліп, әлденеше туындылар қалдырған Абай рухани ауыр күйзеліс үстінде дүние салады. Халқының тілеуін тілеп, арын арлап, жоғын жоқтаған Хакімді өмірден өтті деуге бола ма? Әр шығармасын оқып отырғанда, құлағыңа келіп сыбыр еткендей болса, ол – тірі деп түсінгеніңіз жөн, сірә?! Эпопеяда халқымыздың мақтаны, даңқы болған кемеңгер Абайдың өлмес-өшпес, жанды бейнесі барлығын танытса керек. Құнанбайдың текті тұяғы, әжесі мен анасының ертегісімен сусындаған, Барлас пен Шөженің сарқытын ішкен, айнымас махаббат иесі, үлгілі әке, ажырамас дос, кемеңгер ұстаз, ұлы ақын, ең бастысы – халқының жанашыры хақында жазылған бұл эпопея әлі зерттеліп бітпеген. Шынында да, ақын өмірі – үлгі. Эпопея осылайша, ұлы ақынның өмірден кетуін баяндаумен аяқталады. Бірақ ол өзі баулыған елдің, өз халқының жаңа заманға бет алып бара жатқанын кәміл сеніп кетеді. Құз жартасты жарып шығып, жапырақ жайған жас шынар әлі күнге дейін жайқалып тұр, тұрады да. Белгілі ғалым, білімдар сыншы Мұқаметжан Қаратаев үш томдық «Таңдамалы шығармалар» кітабында Хакім хақында былай сөйлеген: «Бұл тамаша адамның, ақынның, кемеңгер ойшының, дарынды композитордың өмірі мен қайраткерлігі тарихи жағынан да, әдебиет тұрғысынан да өте қызық». Қазақы тәрбие мен нақыш, өнер мен мінез, дәстүр мен тағдыр үйлесім тапқан бұл туынды әлі де ғасыр жасайды. Абайдың тағдыры, ол жасап кеткен еңбектері ұрпағы үшін үлкен мирас. Ғабит Мүсірепов айтқан «үздіксіз жолдарды» кешіп өткен, өмір баспалдақтарын жаңылмай басқан ақын тағдыры күрделі болса да, тартымды, жүйелі, құрылымды, қызықты, сабақ аларлықтай деп білемін. Сатыларды аңдап басқан ақын ғұмыры қысқа болғаны өкінішті-ақ.Эпопеяда Абайдың түйсінулері мен сезінулерін, қабылдауын оқырманға көзге елестетерліктей жазылған. Осындай ерекшеліктермен шығарманы жазудың өзі тылсым күш шығар, сірә?! Зейнолла Қабдолов «Абай тақырыбы – Әуезовтің ойшыл-жазушылық ғұмырының өн-бойына желі тартып кеткен күрделі де іргелі тақырып» деп атап көрсеткен. Композициялық құрылымы ерекше, үсті-үстіне дамып отыратын бұл туынды ұлы ақынның күнделігі іспеттес. Сегіз жасынан білім қуған, он екі жасынан бастап өлең шығарған, ең бірінші рет ақын қыз Қуандықпен айтысқан,он жеті жасында алғаш әке атанып, жиырма бесінде Михаэлиспен танысып, жиырма сегізінде әкесімен сөзге келіп, өз тағдырын өзі белгілеп, отызында рулық тартыстан жаны азап шегіп, отыз бес жасында достарының атынан өлең шығарып, қырықтан асқасын «Жаз» өлеңін өз атынан жазып, елу жасында Әбіші мен Мағашынан айрылып, алпысында топас, надан жауларының қуғынына ұшырап туған даласында қайтыс болды. Сонау 1845 жылы қара мақпал аспанда жұлдыз жанған болатын. Сол жұлдыз әлі де жарқырап тұр, жарқырап тұра береді де... Зейнолла Қабдолов тағы да: «Абай» эпопеясының төрт кітабы түгел талқыланды. Менің осы сөзім дұрыс емес» деген болатын. Зерттеліп бітпеген, бітпейтін де бұл шығарманы талқылау келешек сыншылардың қолында. Бұл эпопея қай кезде де жаңғыра берері хақ. Зәки Ахметов «Абай жолы» роман-эпопеясы − өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің алуан түрлі жақтарын терең ашқан, сол заманның бейне тұлғасын жан – жақты суреттеп берген, кең эпикалық пландағы шын мәніндегі энциклопедиялық туынды», – демеп пе еді? Орынды сөз.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының іс шарасы
АНЫҚТАМАСЫ.
Бөлексаз орта мектебінің 10 сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 28 қыркүйек күні «Әрбір қазақ оқуы тиіс 100 кітап» кітаптың ішінен М,Әуезовтың «Абай жолы» романын талдады. Эпопеяның басты кейіпкері Абайдың нұрлы образы оқырманды толғандырып, ынтықтырып отырады. Алғашқы беттерден-ақ, Абай бойына тән тамаша қасиеттер тереңірек ашыла түседі. М.Әуезов Абайдың өмірін қағаз беттеріне түсіруде ерен еңбек етеді. Ерекше жазу стилімен, өзіндік тіл шеберлігімен оқырман қауымға ұсынған осы бір туындыдан Абайдың өсу сатысын санамалау арқылы ол кешкен өмірдің тарихын түсінеміз. Жасына жас, ойына ой қосылған шақтағы Хакімнің өмір баспалдақтарын аттағанын көреміз.
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
Кітапханашы Г.Балтабаева.
29.09.2022ж
