"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында И.Жансүгіровтың " Құлагер" поэмасын 10 сынып оқушылары талдады,
Келісемін» « Бекітемін»
Мектеп директорының Мектеп директоры:
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ә.Халелқызы
С.Исаева
И.Жансүгіров
«Құлагер»
10 сыныптармен
Ілияс Жансүгіров "Құлагер"
Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі.
Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек.
Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.
Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды.
Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады.
Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады.
Поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бөлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіровшығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады.
Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыды.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі І.Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді.
Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын атаұты пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз.
Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көзіміз жетеді. «Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің ашуы жатыр.
Құлагердің жүйрік, нағыз сәйгүлік болуы көптің ішіне іштарлық құртын түсіргені белгілі. Сол замандағы әлеуметтік мәселені қозғайтын болсақ таяқтың бір ұшы осыған келіп тиеді. Бұл тек сол заманның ғана емес адамзат баласының тарихында әр кезде басты мәселе болатыны анық.
«...Тірегі көңілімнің бәйтерегім, Бұл жерге қалайша құлап едің?» - деген жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған ғасырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, адамдардың пендешілігінен. Ал адам баласы пендешілікке салынбай ақыл мен жүрегінің үнімен жүрсе ешқашан ақ жолдан адаспас еді. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз.
Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге толтыратын болса мұндай мәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- демекші кез келген нәрсенің қадірін білейік.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»кмм
АНЫҚТАМА
Мамыр жиырма екісі күні «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында 10 сынып оқушыларымен И.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын талдау. Қазақ халқының аса көрнекті ,дүлділ ақыны Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығымен өзіндік шеберлігіме, әсем нақышты бояулармен ерекшеленеді.Өлең жырларында оның өз халқын, туған жерін,елін шексіз сүйгенең нәзік сезімі кестеленген.Ұлттық поэзияның өрнекті үлгілері «Құлагер»,»Күй», «Рүстем қырғыны»поэмалар қазақ әдебиетінің алтын қорынан айрықша орын алады. Бұл жинаққа ақынның үлкен таланттын, асылдың сынығындай өлеңдері мен поэмалары топтастырылды.
Хақ сөйле,қызыл тілім, адал сайрап!
Тапсырдым бар ойымды саған арнап...деп басталады

22.05.2023ж
Кітапханашы Г.Балтабаева