"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Т.Жұртбай "Бір уыс жусан" 9 сынып оқушылармен талдауы
«Келісемін» « Бекітемін»
мектеп директорының Мектеп директоры: т тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Халелқызы
С.Исаева--------------------2023ж
Т.Жұртбай
Бір уыс жусан
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша
9 сыныптармен талдау
Кітапханашы Г.Балтабаева.
27.10.2023ж
Бір уыс жусан

Қарындасым дүниеден қайтқалы өң мен түстiң арасында жүргендей күй кешудемiн. Менiң еркiмнен тыс бiр күш әр iзiмдi аңдып, ту сыртымнан қадағалап тұрғандай сезiнемiн.
Қабырғада iлулi тұрған сурет түнде елес болып төсегiмнiң қасына келедi, күндiз көшенiң қарсы бетiнен, бұрылыстан көрiнiп, лезде ғайып болады. Оның менен басқа медеуi қалған ба? Жоқ. Ғұмыр қызығын да, жастық кешуiн де көре алмады. Аязға ұрынған ерте көктемнiң гүлiндей үлбiреген қалпында солып тынды. Оның алғаш дүниеге келгендегi шырылдаған даусы да, өмiр сәулесi өшердегi жан тәсiлiм ыңырсуы да құлағымда. Ендi оның күлген даусы дәл қасымнан сыңғырлайды. Аңтарылып жан-жағыма қараймын. Ешкiм жоқ.
Бүгiн қала шетiнде жүрiп тағы да сол елестi көрдiм. Ол әдеттегiдей ғайыпқа да айналмады, жеткiзбедi де, шашын иығына жайған қалпы жүрдi де отырды. Анда-санда соңына бұрыла сүзiле қарап, жымиып қоятын сияқты. Өңiнен салқын леп есiп, бетiмдi шалады. Сәлден соң теректiң саясын сағалап, зиратқа баратын жалғыз аяқ соқпаққа түстi. Сол елес-бейненiң ыстық көрiнгенi, сол екенiне сенгенiм сондай, көзiме жас iркiлiп, дауыстап та жiбердiм. Қарамады. Қаулай шыққан боз жусанның бiр түбiн жұлып алып, иiскелеген күйi қалың бейiттiң iшiне ене бердi. Тоқтатқым келiп, жанұшыра ұмтылдым… Бейiтте топырақ бетiн бүркеген шырмауық, ерменнен басқа ештеме де жоқ. Тек, қабiрдiң үстiнде жұлынған бiр уыс жусан ғана жатыр. Ыстық жалын кеудемдi қарыды. Бұл өкiнiштiң орнын ештеме де толтыра алмайтынын, ешкiм де жұбата алмайтынын бiлемiн. Әйтсе де терезенiң әйнегiнен түскен сәулеге сүзiле қарап: «Түу, жарықты да көрдiм-ау. Түнде көзiм iлiнiп бара жатса, ашып аламын. Жүрiп кететiндей үрейленемiн», — деп, ақ жамылғыны кеудесiне тарта ұйықтап бара жатқаны елестегенде, iшi-бауырым езiлiп кетедi…
Кеш үйiрiлiп, аңғардан салқын леп естi. Бiр уыс жусанды қыса ұстап, бетiме бастым. Суылдаған жүрегiмдi сипалап, көңiлiмдi жұбатсам да сергiмедiм. Қараңғы түндi жамылып, үйге қайттым. Жусанды қасымдағы орындықтың үстiне қойып, төсекке шалқалай жата кеттiм. Қарсы алдымдағы қабырғада iлулi суреттен ақ көйлегiнiң жағасы сәл көтерiлген, қап-қара шашы иығын жапқан, аялы жанарын қадаған бейне… Кенет адам бейнесiне айналғандай болды. Сәл үнсiздiктен соң маған қарай жүрдi. Жiбек көйлегi суылдай қозғалады. Дыбысы да бiлiнбейдi. Қасыма тақап жусанды қолына алды да, иiскеп, кеудесiне басты. Iле орындыққа отырып, жусанды тiзесiне қойды. Мен булығып үндей алмадым. Ернi сәл ашылып, жұмсақ, биязы үнмен сыбырлағандай болды. Сөйлеген жоқ-ау, белгiсiз толқын дiрiлi маған соны жеткiзіп тұр… Оның не ойлағанын бiр құпия күш естiртiп тұр…
Төлеудің университет қабырғасында жүр кездегі құрмалас сөйлемге мысалы:
"Егер өмірдегі орныңды іздесең,онда өткеніңді жүрегінде сақта,кейін шаршағанда тыныққан қара тасты да сағынасын".
Бұл да бір өмір жолындағы кезекті бір баспалдақ шығар. Қардан да көрпе жамылып, бақ-талайымның ащы-тұщы, азап-қызығын кешуге тағдыр жазса, әміріне көнесің де. Күрке ішіндегі ошақтың оты өшпесе-қайыры сол. Осы уақытқа дейін тек өзімнің мүддемді күйттеп, өзгені көзге ілдім бе? Қазір де менің қамымды ойлап, бірі қымтап, бірі тонын жауып, бірі мейірім төгеді. Ал мен оларға не кішілік, не кісілік көрсеттім? Дел-сал, жан жылуы суынған жанмын…
Тұрсын Жұртбайдың "Бір уыс жусан"әңгімесі. Қысқа болса да,оқырманға ерекше әсер етері сөзсіз.Басты кейіпкер Төлеудің шыдамдылығы,төзімділігі мен қайран калдырды.Өлім алдында жатса да, өзін ешкімге алдырған жоқ.Жалғыз ғана досы күнделігіне ғана мұңын шағатын.
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының өткізілген іс-шарасы
АНЫҚТАМАСЫ
Бөлексаз орта мектебінде қазан айының 27 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Тұрсын Жұртбайдың «Бір уыс жусан» кітабын 9 сынып оқушыларымен талдау. Оқушылар екі топқа бөліну арқылы талдады . Бірінші топ «Оқиғалар картасы» арқылы шығарманың идеясын, көтерілген мәселесін, одан шығатын нәтижені айтты, оқиғаларға тоқталды. Екінші топ әдіс арқылы әңгімені баяндап берді. Тұрсын Жұртбайдың "Бір уыс жусан" әңгімесі. Қысқа болса да, оқырманға ерекше әсер етері сөзсіз. Басты кейіпкер Төлеудің шыдамдылығы,төзімділігі мен қайран калдырды.Өлім алдында жатса да, өзін ешкімге алдырған жоқ. Жалғыз ғана досы күнделігіне ғана мұңын шағатын.
Төлеудің университет қабырғасында жүр кездегі құрмалас сөйлемге мысалы:
"Егер өмірдегі орныңды іздесең онда өткеніңді жүрегінде сақта,кейін шаршағанда тыныққан қара тасты да сағынасын".



Кітапханашы Г.Балтабаева
27.10.2023 ж