«Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?» БАЯНДАМА
Психологиялық қызметтің диагностикалық, профилактика-психологиялық ағартушылық, кеңес берушілік, түзете-дамытушылық бағытында
жүргізілген жұмысына
Хаттама №2
Күні: 31.08.2022 Бөлексаз орта мектебі
Барлығы: 36
Қатысқаны: 34
Қатыспағаны: 2
Жүргізілген (топ,сынып): Педагогтар
Тақырыбы: «Қазіргі заманның мұғалімі қандай болу керек?»
«Ұстаз – ұлы есім» демекші дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық... Бала бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға – ұстаз. «Жасөспірім ұрпақ – ұлтымыздың болашақ айнасы» екені мәлім.Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.
1.Тәуекелшіл.Жаңашыл мұғалім кез-келген ауыртпашылықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті , тіпті мұғалім ұғымының өзі өзгелерге үлгі болуға үйретеді.
2. Психолог.Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кемітіп, бірін артық көрмегені абзал.Баланың намысына келетін сөздерді мүлде қолданбаған жөн.
3.Білікті педагогПедгог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс.Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.
4.Көшбасшы Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
5. Заманауи технологияны игеру.Классикалық кітапты көп оқымайтын балалар болады. Сондықтан кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты техниканы меңгеру, компьютер жүйесін игеру арқылы жаңа заманға бейімдей отырып сабақты қызықты өткізу.
6. Рухани бай болу керек.Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Еліміздің ұлттық болмысын, рухани құндылығын бала бойыңа сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бейімдеу керек. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпес.
7. Әмбебап мұғалім.Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақтылығы, білімі, білікті, додаға түссе бәйгені бермейтін, шәкіртке түрлі әдістемелік білім меңгертуі.
8. Интеллегент.Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім үлгісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұру керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты, мәдениетті, интеллегентті тұлға болуы керек. Өйткені балалар ұстазынан үлкен өмірге қадам басқанға дейін үлгі алады.
«Ұстазы жақсының ұстамы да жақсы». Мектептегі мұғалім – өз шәкіртінің білімді ғана емес, ұлттық тәрбиемен сусындауына да көп көмек көрсететін маман. Себебі, әр оқушы мұғалімге қарап бой түзейді. Оның жүріс-тұрысына еліктейді. Демек, қазіргі заман мұғалімінің басты мақсаты – заман талабына сай, білімді тұлға тәрбиелеу. Осы айтылған қасиеттері бар мұғалім арқылы, болашақта егемен еліміздің ертеңгі болашағы білімді жас ұрпақ қалыптасары анық екендігі баршамызға мәлім.Әр ұстаз, қоғам және заман талабына сай педагогикалық шеберлігін шыңдап, үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады» деп айтып кеткені белгілі. Осындай қасиет пен құрметке лайық болған жөн.
Қаулы: Ұжымдағы ұстаздардың психологиялық ахуалдарын тұрақтандыру, жас ұстаздарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Мектеп психологы: Темірбек Т.Т