23
август
2023
"Мектепке жол " акциясы барысында
«Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Жақсылық жаса» атты айдармен өткізілуде. Акция 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Акция мақсатын іске асыру барысында мектеп оқушыларының ішінде мұқтаж деген оқушыларға қажетінше көмек көрсетілді. Атап айтсақ депутат Алмас Тілеулиевтің демеушілігімен көп балалы отбасынан шыққан 1-сынып оқушысы Қасымхан Мадинаға (юбка, кофта, туфли мен спорттық киім) алып берді