"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында С.Бегалиннің "Шоқан асулары " кітабын 7 сынып оқушыларымен талдау.
ХАТТАМА
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде-«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 7 сынып оқушыларының оқыған кітабын талдау.
Қатысқаны 16
Күн тәртібінде:
1.С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабын талдау.
Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Молдасанова Айнұр өмірбаяны,шығармалары жайлы айтып өтті.
Сөйлегендер:
1.Мектеп кітапханашысы Балтабаева Гүлзира «Шоқан асулары» Қазақтың белгілі ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ Шоқан Уәлихановтың өмір жолының балалық шағы баяндалған туынды. Болашақ ғалымның алғашқы туып-өскен ортасы, мінез-құлқы, сол кездің тұрмыс-салты анық та көркем шындықпен астастырыла суреттелген шығарма оқырман қауымның көңілінен шығары сөзсіз
Бүгін, «Шоқан асулары» кітабы жайлы талдаймыз.
Оқушылар: Жалпы, Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді. Ал табиғатты қорғау, балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушының көтерген күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған. Бұған автордың «Тағы кездесті», «Машинист», «Жеткіншектер», «Киіксор» атты әңгімелері.
Шешім:
Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары » кітабын оқушылар арасында тереңірек оқу ұсынылды.
Кітапханашы: Г.Балтабаева.
Сынып жетекші: А.Молдасанова
«Бөлексаз орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 7 сынып оқушылар арасында оқып талдаған кітаптары жайлы
АНЫҚТАМА
Ақпан айының он жетісі күні Бөлексаз орта мектебінің 7 сынып оқушылары Сапарғали Бегалиннің қазақ халқының ұлы дарынды ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов жайлы жазған повесі беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Жазушы ұлы Шоқанның адамгершілік, көпшіл, қайырымды мінездері арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын, есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді, соларды түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бұған автордың «Ойламаған жүріс», «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр», «Сымбатты Сима» әңгімелері жатады. Жазушының шығармаларынан өмірді терең таныған мол тәжірибесі көрініп отырады және бұның өзі жасөспірім жеткіншектерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар жазушы өз әңгімелерінде мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстырып, балаларды болашаққа, дұрыс бағытқа меңзейді.

Кітапханашы Г.Балтабаева
17.02.2023ж
Кітапханашы: Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі алғаш рет 1964 жылы «Жазушы» баспасынан «Бала Шоқан» деген атпен жарық көрді. Сосын толықтырылып 1971 жылы сол баспадан, 1976 жылы «Жалын» баспасынан «Шоқан асулары» деген атпен жарық көрді.
Повесте Шоқан Уәлихановтың балалық шағы, кадет корпусында оқыған жылдары, ғалым атанған кезі кеңінен қамтылған.
Сапарғали Бегалин ұлы ғалым есімін алғаш Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде естігенін, кітапхададан ол жайлы мәліметтер оқығанын, тарихи тұлға қызықтырып, ісденіске барғанын айтады. Жазушының өз сөзінше – ізденіс екі арнада жүргізіліпті: бірі архив, кітапхана деректері де, екіншісі Шоқанның жақын-жұрағаттарымен әңгімелесуіне негізделген ауызекі мәліметтер.
Жазушының «Шоқан асулары» повесі балаларға және жасөспірімдерге арнап жазылған шығарма.
Қазақ халқының асыл перзенті өмірін бейнелейтін «Шоқан асулары» шығармасында аталыш тарихи тұлғалар өскен, қалыптасқан ортасымен қамтыла әңгімеленеді.
Ал енді жазушы өмірімен қысқаша танысып өтейік:
1 оқушы жазушы өмірі мен творчествосы туралы шағын оқып береді.
Кітапты талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
1.Бала Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы.
2.Шоқанның алғаш рет оқуға қызығушылың оянуы
3. Аға достарымен сыйласуы.
4. Шоқанның біздің жерімізге саяхаттап келуі.
5. Шоқанның «Кеген» атауы туралы естіген әңгімесі.
6. Бала Шоқанның ғалым Шоқанға айналуы
Оқырмандар пікірі тыңдалады.
Кітапханашы: Құрметті оқушылар! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге туыңды тік» деген қанатты сөзі бар.
Соның айғағы ретінде С.Бегалиннің «Шоқан асулары» кітабында ғалым Шоқанның Қазақстанның географиялық орнын, оның табиғатын, салт-дәстүрін, мәдениетін зерттегенін. туған жерін соншама жақсы көргенін осы кітаптан түсініп отырмыз.
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметінің қалыптасуы жайлы жазылған Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі балалар мен жасөспірімдерді халқымыздың ұлы перзенттерін құрметтеуге, тарихқа адал, достыққа берік болуға тәрбиелейді.
Сондықтан құрметті оқырмандар, өзіміздің ой-өрісіміздің аясын кеңейтіп, Қазақстанымыздың тарихын терең түсінуге ұмтылсақ кітаппен дос болайық.